Совет–Хан Єаббасов


ж а н д ү н и е а р н а л а р ы н



бет94/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   294
Байланысты:
treatise70934

ж а н д ү н и е а р н а л а р ы н ‑ тек ананың т ү й с і г і мен і ш к і с е з і м д е р і н і ң әсері ашатындығы белгілі емес пе?!.. Ендеше, халық даналығына айналып кеткен – “Алып – анадан туады” – дейтін тұжырымды, мүмкін өзі ашқын үш ілімнен кейін - Әл –Фарабидей данышпанның ө с и е т етуі де ғажап емес қой. Мінеки бұл мәселеде ұ с т а з ы м е н үндесіп жатқан Абайдың езгіде жатқан еліне а м а н а т ете ‑ “Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла” – дейтін күрсініске толы үмітін ескермеуге болмайды. Оның үстіне Шағабудин Маржанидің шәкірті Ахмет Разиден дәріс алған Абайдың - Әл–Фараби еңбектерімен тікелей таныс болғандығы әр сәттерден-ақ көрініп қалып жатады. Себебі, Маржани өзінің көп еңбектерінде Фарабидің ілімдерін, әркез үлгі етіп таратуға тырысқан ғұлама екені белгілі. Сондықтан да, Абай-ғұлама х а у а с жайындағы түсініктері терең болғандықтан – Хауас – Имани гүл – Жәуанмәртлік ілімдерін - өз шығармаларында жиі пайдаланған. Оны жетілдіре тереңдетуге көп күш жұмсаған ғұлама адам?! Осы үш ілімнің негізінде жазылған Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” атты т ә р б и е л і к м ә н і аса зор еңбегін, Абайдың бұтарлай талдап зерттегендігі де, оның өзі ұсынатын “толық адам – нұрлы ақыл” дейті тұжырымында анық байқалады олай болса, х а у а с қ а байланысты ү ш і л і м н і ң ең негізгі мақсаты а д а м т ә р б и е с і н і ң тылсым құпияларына арналғанын, осы ілімнің мұрагері болып саналатын Түркі халықтары тез арада игеріп, бүкіл адамзаттың игілігіне айналдыруды бағдар тұтқан жөн.
Егер де біз өзіміздің “халық педагогикасы мен психологиямызды” шын мәнінде ғылыми жүйеде дамытқымыз келсе, онда Абайдың педагогикалық еңбектері мен Фараби ілі мдерін – бүгінгі ғылыми жетістіктермен сабақтастыра отырып, өмірге пәрменді түрде енгізуге асығуымыз қажет. Сондықтан да, біздер жоғарыда берілгендей адам ғұмырының ф и з и о л о г и я л ы қ к е з е ң д е р і осы – Хауас – Имани гүл – Жәуанмәртлік ілімдеріне – қай кезеңі қалай сәйкестенетіндігін ашық та жіктеп те айтқан едік. Міне осындай қажеттіліктен М. Мырзахметовтың еңбегін кең түрде пайдаланып қана қоймай, оның жетіспейтін кемшіліктеріне де барынша тереңірек тоқтауға тура келді. Оның үстіне, Түркі халықтарынан шыққан ғұламалардың – ж а л ғ а с т ы қ д ә с т ү р л е р і н де сақтауды п а р ы з санадық. Мәселен, Абай өзінің алдындағы – Фараби, Ибн Сина, Баласағұн, Науаи, Қарабағи, Дауани – еңбектерін дамытушы болса, Мұхтар Әуезов арқылы х а у а с т а н ы м ы н жан-жақты зерттеуге ұмтылған, бұл еңбектің орны ерекше екені даусыз.
Жалпы бұл мәселе, телегей теңіз құпиясымен тың күйінде, жұмбақ сырлары ашылмаған - өзі бір шексіз әлем?! Оның тұңғиыққа толы тереңдігінен де көз ұшына шалынбас заңғарлығынан да жасқанбай тура тартар сүрлеуі, Халқымыздың ежелден келе жатқан т а ғ ы л ы м д а р ы н д а сайрап жатыр. Тек, зерделі де зейінді, іздеушілердің батыл қимыл әрекеттері керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет