Совет–Хан Єаббасов



бет190/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   294
Байланысты:
treatise70934

жүйелілігі мен осыған дейiнгi алған тәрбие тәжрибелері мен саналы
реттілігі түсiнiктеріне сүйенетiнiмiз сөзсiз. Тек осы тәсiл арқылы,
баланың бiлетiн әрекеттерiнен бастап, оның бiлмейтiн тәрбие түрлерiн үйретудi – тәрбие берудiң реттiлiгi мен жүйесi деп ұғынғанымыз жөн. Олай болса, кәнiгi шебер тәрбиешiлер, қарапайым тәрбие нұсқаларын бiртiндеп күрделiлiкке ауыстырумен жетiлдiрiп отырады екен. Сонымен қоса, олар осы тәжiрибелерiнде белгiлi заңдылықтармен, өзара ауысып отыратын реттiлiктерiн де қатты сақтауға тырысады. Мiне, осылайша тәрбиеге үйретудiң белгiлi жүйелерi қалыптасып, баланың жылдам да жеңiл игеруiнiң реттiлiктерi пайда болмақшы. Осы айтылған ұғымдарды құптайтын, тәрбие тәсiлдерiнiң мысалдары көп-ақ. Мәселен, бала жаз айларында айналасындағы табиғаттан көргендерiн де, ойға түйiп түсiнгендерiн де бiрден суретке түсiруге тырысады. Оған бұл әрекеттерi аса қиындыққа да түспейдi. Өйткенi, оның суретке салмақшы болған табиғат көрiнiстерi, бүкiл болмыс бояуларымен көз алдында тұр. Ал егер, балаға жаз айында күздiң көрiнiстерiн немесе қыстың көрiнiстерiн салуға тапсырма берсеңiз, оған бұл тапсырманы орындау аса қиынға түседi. Себебi, баланың алған бiлiмi мен үйренген тәжiрибесiндегi реттiлiктi сақтаудың өзi де, белгiлi бiр жүйелiлiкке бағынбай тұра алмайды. Олай болса, осы жүйелiлiк пен реттiлiктiң талабы бойынша, ересек топтағы балаларды бiртiндеп мектепке әзiрлеудiң де, өз мақсат мазмұндары айқындала түседi. Әсiресе ес тоқтата бастаған балалар, өздерiнiң әр iстерi мен қимыләрекеттерiн үнемi өзара с а л ы с т ы р у арқылы дамытып отырады. Бала тәрбиеден алған бiлiмдерiн де, қолдарындағы заттарын да, тiптi өзара қарым-қатынастарына дейiн, тек салыстыру арқылы терең түсiнумен қоса, зердесiне түйiп көп уақытқа дейiн ұмытпайтын да болады. Бiрақ, осы айтылғандарды әрбiр баланың түрлi-түрлi мөлшерде игеретiндiктерi де шындық. Сондықтан да әр баланың өзiне тән қасиетi мен қабiлеттерiн, тәрбиешiлерi барынша терең түсiнуге ұмтылғандары жөн. Тәрбиешiнiң шеберлiгi мен бiлiмдерiн де анықтайтын бiр белгi, балалардың осындай әр түрлi қасиеттерiн оның қалай игере алғандығымен бағаланбақ. Балалардың мұндай қасиеттерiн терең түсiнетiн тәрбиешi, әрқашан да өзiнiң тәрбие сабақтарында, әртүрлi ойындарында тiптi, өзi үйретер барлық тағылымдарында да, алдындағы отырған сәбилерiнiң мүмкiншi-лiктерiне орай ұйымдастырады. Осындай жүйе мен тәсiлге сүйенгенде ғана, тәрбие жұмыстарының ұтымдылығы артпақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет