Совет–Хан Єаббасов



бет191/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Ж) СЕРУЕНГЕ ӘЗІРЛЕНУ МЕН ШЫҒУ


Балабақшадағы ересек топтың тәулiк режимдерi бойынша, таңертеңгi 10-нан бастап 12-жарымға дейiн, балалар далаға шығып серуен құрады. Бұл сәт балалар үшiн аса көңiлдi және белсендi өтетiндiгi белгiлi. Оның себептерi көп-ақ. Тек, жыл мезгiлдерiнiң балаларға берер ерекшелiктерiнiң өзi әр қилы болып келедi. Жыл мезгiлдерiне орай, табиғаттағы құбылыстар да сан алуан неше түрлi көрiнiстерiмен өзгередi. Өсiп келе жатқан балаға осыларды танымдық тұрғыда үйренумен қоса, осы алған әсерлерiнен ендi өзiнше қиялдап, терең толғаныстармен о й л а н у талпыныстары молая бередi. Жоғарыда ғана айтылған балабақшалардағы жиi пайдаланатын педагогикалық екi түрлi тәсiл: үйрету мен ойлану – тәрбие әдiстерiнiң негiзiн құрайтындығын жақсы бiлемiз. Әсiресе, бала тәрбиесiндегi о й л а н т у тәсiлiнiң көптеген артықшылығын да айтқан едiк. Мiне, балалардың жылдың қай мезгiлдерiнде, осы ойланту әдiсiне баса көңiл бөлудiң артықшылығы мол болмақ. Бала ойыны ерекше әсер етiп түрткi болатын айналадағы ө л i және т i р i табиғаттардың сан түрлi көрiнiстерiн ұқыпты пайдаланудың жөнi бөлек. Осылайша ой көзiне нәр беру арқылы, балалардың табиғат танымындағы жан-жақты түсiнiктерiн жетiлдiремiз.


I-ШІ САБАҚ


Әуелi өлi табиғатқа зер салып көрелiк. Мысалы, балалардың қолына әртүрлi түстерi бар тастарды беремiз. Ендi олардың қолдарында ақ, қара, сары, қызыл, жасыл түстi тастар бар. Оларға берiлетiн тапсырма: осы тастардың түстерi нелiктен әр түрлi? Неге байланысты екендiгiн анықтау керек. Мiне, осынау тапсырманы балалар шамалары жеткенше өздерi ойлап табуға тиiстi. Әрине, бұл тапсырма бала түгiл, үлкен адамға да оп-оңай айта салатын нәрсе емес. Бiрақ, сауалдың өзi ерiксiз ойлантып қызықтырары сөзсiз. Балалар бiрден ойлануға кiрiседi. Олар ең әуелi осы уақытқа дейiн үйренген бiлiмдерi мен тәжiрибелерiн еске түсiрiп, зердесi мен зейiндерiндегi барлық үйренгендерiн естерiне түсiруге тырысады. Сонымен қоса, олар өзара пiкiр алмастырып, бiрiнiң айтқандарын қалғандары талқылаудан өткiзiп, неше алуан ой толғаныстарына түседi. Барлығы да жаппай ойлану үстiнде?! Мiне, тәрбиешi үшiн керегi де осы. Мәселе, қойылған сауалдың жауабын дәл сол сәтiнде айтып беру емес, сондықтан да ешқандай асықтырудың жөнi жоқ. Тiптi, қажет болса балалар серуеннен қайтып оқу залына оралғаннан кейiн де асықтыруға болмайды. Олар өздерi жауабын iздеген сауалды суреттi кiтаптардан да, бұрынырақ көрген диафильмдерiнен де iздестiруге кiрiседi. Тек, оларды ешқандай асықтырудың қажетi жоқ. Бар өнерлерiн салып iздестiрулерiне мүмкiншiлiк жасау керек. Ақырында ойланудың неше алуан тәсiлдерiмен өздерiнiң iздеген керектерiн тапқанда, олардың сәбилiк қуаныштарында шек болмайды. Тiптi, олардың барлық дәуiрлерiнiң ең бiр есте қалар қызықты уақиғасындай өмiр бойы ұмытылмауы да мүмкiн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет