Совет–Хан Єаббасов


Д) САБАҚТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ МЕН ӨТКІЗУ



бет189/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Д) САБАҚТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ МЕН ӨТКІЗУ


Қазiргi балабақшалардағы тәрбие сабақтарын барынша ыңғайлы етiп өткiзуге тырысумен қоса, оларды 40–45 минуттан аспайтындай бiрнеше сабақ кестелерi жасалынады. Осы арада бiр арнайы көңiл аударатын мәселе, ол сабақтардың ұзақтығын 30–35 минутқа ауыстыру екенiн ашып айтқымыз келедi. Себебi, мидың б и о р и т м i баланың осы жасында, мөлшермен 30–35 минуттан артық еместiгi белгiлi. Олай болса, академиялық 45 минуттың берер кемшiлiктерi толып жатыр.
Жүргiзiлетiн сабақтар негiзiнен екi түрлi әдiстерге сүйенедi. Бiрiншiсi – тәрбиенi ү й р е т у арқылы жүргiзсе, екiншiсi – баланы о й л а н т у ғ а жаттықтыру болып табылады. Педагогика тiлiнде үйретудi – “дидактикос” дейтiн сөзiнен шыққан. Бұл әдiстiң негiзiн салушы, көрнектi чех халқының педагогы – Амос Каменский болып табылады. Оның бұл жайында жазылған көптеген еңбектерi дүние жүзiне белгiлi. Россияда дидактика негiздерiн творчестволық жолмен дамытушы – К.Д.Ушинский екенi белгiлi. Ол өзiнiң дидактикалық педагогикасында ф и з и о л о г и я мен п с и х о л о г и я н ы ң жетiстiктерiн мейлiнше үндестiрiп пайдалануға тырысқан. Жалпы, қазiргi кездегi қолданылып жүрген д и д а к т и ка л ы қ сабақтардың өзi бiрнеше т ү р г е бөлiнедi. Мұндай сабақтар, көбiнесе мақсаты мен мазмұнына қарай жiктеледi.
Бала тәрбиесiнiң ең бастапқы кезеңдерiнде, оны
1. Жетілдіре тек үйретуден басқа – пәрмендi тәсiл табу қиын,
үйрету. әйтсе де, ержете бастаған балаға – айналасындағы
болып жатқан құбылыстар мен табиғаттың таңғажайып көрiнiстерiн, тек үйретiп қана қою мейлiнше аздық жасайтынын өмiрдiң өзi көрсетiп отыр. Осы жағын ерекше байқаған белгiлi психолог Л.С.Выготскийдiң идеясы бойынша, баланы – ж е т i л д i р е ү й р е т у ә д i с i ‑ жан-жақты қолдау тауып, өмiрге бiрден тез сiңiсе бастағаны бүгiнгi шындығымыз. Бұл идеяның негiзгi мәнi – баланы ү й р е т у арқылы тәрбиелегенде, тек белгiлi де қарапайым ұғымдардың айналасында қалып қоймай, ғылымға белгiлi болып отырған бала психикасының алғырлығын ескерiп, бүгiнгi ұғымдардан әлдеқайда о з д ы р а ү й р е т у д i құптайды. Мұндай тәрбиенiң ең пәрмендi де, ежелгi үлгiлерi ретiнде әр елдiң халық педагогикаларында, тiптi көне уақыттан берi қолданып келе жатқан әдiстердi пайдаланған жөн. Солардың ең бiр өмiршең үлгiсi, балаларды - қиял-ғажайып ертегiлерiне әуестендiру болып табылады. Мәселен, қазақ халқының фольклорлық әдебиетiнде, қиял-ғажайып ертегiлерiнiң өзi - үлкен-үлкен бiрнеше томдарды құрайды. Тiптi, оның балбөбек кезеңiнде-ақ пайдаланатын қысқа-қысқа ертегiлерi де толып жатыр. Егер, балабақшасының үлкен тобындағы ересек балалар үшiн, «Керқұла атты Кендебай» немесе «Алтын сақа» атты қиял ғажайып ертегiлерден асқан жетiлдiре үйретудiң материалдары табылар ма екен. Тек, тәрбиешiнiң шеберлiгiне ғана байланысты асқақтап кетер кереметтер көп-ақ.
Тәрбиелi адам – шынайы парасат пен мiнезге
2. Тәрбиелікке бай болатыны белгiлi. Адам тәрбиеліктің әжептәуір
үйрету деңгейiне жеткенде, оның тіршілік жайындағы о й ы
да, әрбiр iстерiндегi ұқыптылығы да, айналасындағы адамдарға деген қайырымдылығы да, тiптi кезкелген өмiр құбылыстарын бағалауы да, тек ақиқат пен әдiлетке сайып, қашан да көпшiлiктiң көңiлдерiнен шығатыны айтпаса да түсiнiктi. Сондықтан да, «халық айтса - қате айтпайды» дейтiн ұғым сонан қалса керек. Мiне, бұндай адамдарды тәрбиелеудiң өзi, бұрынғыдай бесiгiнен бастап емес, тiптi сонау т е г i н е н тартып, ұ р ы қ тазалығын сақтау мен а н а құ р с а ғ ы н д а ғ ы тәрбиенi үндестiрiп, үзiлiссiз үнемi еңбек етумен жетiледi екен. Тәрбиелiкке жету оңай да емес?! Оған ең бiрiншi әдiлеттi қоғам мен өмiр сүрген ортасының имандылық тәлiмi қажет. Мiне, осы арада анық байқалатын бiр тамаша құбылыс, сол тәрбиелiлiкке үйретудiң өз iшiнде де, толып жатқан басқа да ү й р е т у түрлерi – еңбекке, әдептiлiкке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа, тағы басқа да үйретудiң түрлерi аз емес екен. Ендеше, осылардың бәрiн де балалардың бойына сiңiрiп, оның күнделiктi өмiрдегi әдеттерiне айналдыру, балабақшаларындағы тәрбиенiң ең үлкен мақсаты болмақ. Жалпы тәрбиелiкке үйрету, өмiршең мысалдармен әдіптелiп, сағат сайын өз көздерiмен көрiп, ет жүректерiмен тұшынса ғана пәрмендi әсер етпек. Мәселен, балалар бала-бақшадағы тiршiлiктерiне, өздерiн күтетiн адамдардың ауыр еңбектерiн түсiнiп, оған үнемi көмектесуге, бөлмедегi тазалықтарды өздерi сақтауды саналы ұғынғанда ғана, елеулi жетiстiктерге жетерi анық. Олар осы түсiнiктерiн үйде де жалғастырып, ата-анасына көмектесуге де өздерi ұмтылыс жасаса, бұдан асқан тәрбиелiкке үйренудiң төте жолы болуы мүмкiн емес.
Екiншi бiр бала тәрбиесiндегi тәрбиелiкке үйретудiң пәрмендi тәсiлi – адамдардың өзара тәлiмi мен үлгiсi екенiн айтқанымыз жөн. Сондықтан да, халық даналығы – «Адамнан – адам тәлiм алады, ағаштан – ағаш мәуе алады» ‑ деп бекер айтпаса керек. Осыны ескере бiлген балабақшаларда – аты әйгiлi еңбек адамдарыменен, балаларға жазатын жазушы, ақын, суретшi, сазгерлермен де, жан-жақты дайындалып кездесулер жасайды. Кейде осындай тәлiмi мол бастамаларды қалай болса солай өткiзе салудың салдарынан, оның барлық мәнiн жоғалтатын енжарлықтар да аз кездеспейдi. Ендеше, мұндай кездесулердiң өзiне лайықты бағдарламасы әзiрленiп, балалар оған бар мүмкiншiлiктерiмен дайындалуларының қажеттiгi ең басты шарт екен. Осы әзiрленудiң өзi де тәрбиелiкке үйретудiң бiр тәсiлi екенiн көрiп отырмыз. Осыншама мол үйрету тәсiлдерiн жүйелi түрде пайдаланудың мәнi ерекше болмақ.
Баланы жаңа iс-әрекеттерге үйреткенде, жаңа ұғым
3. Үйретудің мен бiлiмге жаттықтырғанда да, міндетті түрде оның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет