Совет–Хан Єаббасов



бет206/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   294
Байланысты:
treatise70934

ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ
Айналамызды қоршап тұрған табиғат ана таңғажайып әсем де әрі мейірімді де, сонымен қоса қатаң талап коюшы тәңіріміз тәрізді. Егер, адам баласы табиғатты өз игіліктері үшін игерумен қоса, одан үйренуге де парасаты жетсе, оның бойындағы мың сан қасиеттерін қорғауға да күш-жігерін аямауы керек. Сонда ғана, табиғат деп адам құстың қос қанатындай үндесіп, жарасымды өмір сүре алады. Осы айтып отырған үндестікті, тек адамзаттың рухани өсуі мен жан дүниесінің жаңа мазмұнға ауысуы ғана әкеле алады десек, бұл жай айтыла салған арманнан туған қияли болжам емес екені анық. Өйткені, ХХ-ғасырдың аяғындағы болып жатқан өзгерістер, келесі ғасырдың болмысын анықтаумен қоса, соған жетер жолдың көптеген сәулелі бағыттарын да аңғартып отыр. Осының айқын бір айғағындай адамзат кауымы, өзінің тәрбиесі мен психикасына ерекше мән беріп, тіршіліктегі көптеген ұғымдардың қате тұжырымдарын батыл түрде ашуға бел буып отыр. Осындай жаңа бағыттың ең негізгі арқауы үлкен арнасы, сөз жоқ, жанды табиғаттың тегінде жатқан жұмбақ сырлар екені анық. Сондықтан, жануарлар әлемін бала тәрбиесінде ерекше ықласпен пайдаланудың орны бөлек.
Жалпы жануарлар әлемінің бөліну кестесі немесе класси-фикациясы дегеніміз — олардың сан алуан түрлерін, бірыңғай белгілері бойынша жүйелі бірлікке топтастыру болып табылады. Онын, көпке белгілі ең қарапайым көрінісі былай: тип — класс — отряд— тұқымдас — туыс — түр. Міне, мұның ең жоғарғы буыны — ТИП те, ең төменгі буыны — ТҮР екенін түсіндік. Жануарлар әлемін осы жүйеде талдап танитын боламыз.
Тіршілік иелерінің ішіндегі бір клеткалылар — өте
Бір ұсақ, жай көзге көрінбейтін, аса қарапайым құрылысы
клеткалылар бар ж а н д ы тіршілік. Бұларды омыртқасыздар деп те
атайды. Бір клеткалы тіршілік иелері суда да, топырақта да, ауада да, өсімдіктер денесінде де, жануарлар ағзасында да, ас қорыту жолдарында да, тіпті қанның кұрамында да кездеседі. Тіпті, олардың тіршілік етпейтін жері жоқ. Бұлардың көпшілігі өз тіршіліктерін өздерінің бойындағы қуатымен жалғастырып отырса, ал енді қайсыбір түрлері жатып ішер жан тыныштықты іздейтін арамтамақтық (паразиттік) сипаттар да байқатады. Қазіргі ғылымның деректері бойынша, Жер шарында тіршілік ететін бір клеткалылардың түрлері — бір миллион төрт жүз мыңнан асып түсетін көрінеді. Олардың әлі де ғылымға белгісіз түрлері қаншама десеңізші?!

Бір клеткалы тіршілік иелерінің судағы көріністерін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет