Судағы байқау үшін, бір-ақ тамшы судың өзі жетіп жатыр.
көрінісі Сол бір тамшы судың ішінен оның ондаған түрлерін,
мындаған бір клеткалы тіршілік иелерін табуға болады. Әрине, мұндай қарапайым тіршілік иелері, әсіресе ақпайтын тоқтау суларда әлдеқайда көп болатындығы белгілі. Бірақ сырттай жай көзбен қарағанда, сол тоқтау судың өзі де мөп-мөлдір таза сияқтанып көрінеді. Ал, егер оның бір тамшысын алып, микроскоп айнасының астына қойып қарағанда, неше түрлі формадағы жыбырлап жүрген тіршілік иелерін көріп, таң-тамаша күй кешесің?! Олардың сыртқы көріністері: домалақ, сопақ, жұлдызша, түтікше тәріздес тіпті кейбіреулері кәдімгі қол шатыр сияқты да болып келеді. Осыншама мол тіршілік бір сәтке де тыным таппай жанталаса қозғалып, шыр айнала қимылдағанда көз ілестірмейді.
Мәселен, солардың ішінен амеба немесе туфелька жөнінде қысқаша сөз қозғап көрелік. Бұл айтылған екеуі де бір клеткалы тіршілік иелеріне жатады. Олардың жалпы денесі кілкектеген жұмсақ заттан құралады. Бірақ, осы жұмсақ дененің өте жақсы басқарылатындығын, олардың қим-қиғаш түрлі формаларға ауысып, зымыраған еркін қозғалыстарынан анық аңғаруға болады. Амебаның кілкек қаққан жалқақты денесі, бірде тармақталып, бірде дөңгелене, кез-келген денесінің тұстарынан аяғы мен созылмалы саусақтарын шығарады да, сырғи зулап жүре береді. Ол көбінесе ылғалды заттардың ішінде тіршілік етеді. Тіпті, адамдардың ішек жолдарында да кездеседі. Оның зиянсыз және зиянды түрлері де мол. Мәселен, ересек балалардың бау-бақшаларға барып, ондағы өсіп тұрған өсімдіктерді жумай жеуінің салдарынан, жаз айларында дизентерия дейтін іш ауыруына жиі ұшырап жатады. Міне, осы аурудың бірден-бір себепшісі — дизентерия а м е б а с ы екені белгілі. Бұларды ғылым тілінде — м и к р о б т а р әлемі деп те атайды. Жер бетіндегі осыншама мол микробтар әлемінен хабар беретін, аса қасиетті құралымызды м и к р о с к о п деп атайтынымыз да рас. Микроскоп құралының адам баласына көрсеткен көмегінде шек жоқ. Міне, осы құралды алғаш рет ашқан Голландияның атақты ғалымы Антони Ван Левенгук деген адам еді. Ол Дельфт қаласында 1632 жылы дүниеге келіп, 91 жасқа дейін қызықты да ұзақ өмір сүрген. Оның әкесі Дельфтегі ұлғайтқыш л у п а шыныларын жасайтын саудагерлердің бірі болатын. Алғашында әкесіне көмектесіп жүрген А.В.Левенгук, кейінірек осы істі жетілдіруге қатты беріліп кіріседі. Сөйтіп, ол ұлғайтқыш лупаларды жасауда әкесінен де асқан шебер болып шығады. Оның жасаған лупалары 300 есеге дейін үлкейте алатын қасиетке жетеді. Соның аркасында оның микроскопиумы (ол лупасын солай атаған — С.Ғ.) ересен зор құрметке ие болып, айналасындағы елдерге тез таралып үлгіреді. Левенгуктін микроскопын Россияға алғаш әкелуші орыстың Ұлы патшасы Петр I еді. Оның бұл құралға қызыққандығы соншама, тіпті Россияның өзінде жасаттыра бастайды.
Қарапайым бір клеткалы талшықтылар – екі