Совет–Хан Єаббасов


Отбасындағы бiрте-бiрте дами жетiлуiне жанұяның бе-рер тәлім



бет214/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Отбасындағы бiрте-бiрте дами жетiлуiне жанұяның бе-рер
тәлім ықпалы аса зор. Сондықтан да, жас буын ата- аналарға
да көмектесiп отыру, халық ағартушылығы саласында жүрген азаматтардың парыздарының бiрi дер едiк. Осылайша, бала тәрбиесiндегi жанұя мен балабақша бағдарларын бiр бағытқа түсiрiп, олардың өзара үндесе жұмыс iстеуiне қолайлы жағдай туар едi. Қай уақытта болмасын, жас балалардың көңiл-күйлерiнен, сол жанұядағы қарым-қатынастардың жай-жапсарлары анық аңғарылып тұрады. Жанұядағы үлкендердiң өзара түсiнiсулерi жайсыз болса, оның әсерi бiрте-бiрте жас баланың бүтiндей мiнез-құлықтарына да терiс ықпалдарын тигiзе бередi. Осыдан келiп, әбден күйреген көңiлден, ыңғайға көнбейтiн балалардың жайсыз жағдайлары келiп шығады. Бала тәрбиесiнде бұдан ауыр мәселе болуы мүмкiн емес. Осы жағдайларды ескере отырып, бүкiл ұстаздар қауымы ата-аналардың арасындағы жұмыстарды, олардың өздерiмен келiсе отырып, бiрыңғай жолға қоюды қамтамасыз етулерi керек.
Ата-ананың балаға тәлiм етер жеке бастарының үлгiсi, олардың өзара сүйiспеншiлiктерi, айналасындағы жандармен сыйластықтары, тiптi олардың табиғатқа деген көзқарастары да әсерсiз қалмайды. Мiне, осындай күнделiктi үлгiлi iс-әрекеттерге қоса, жанұядағы қалыптасқан дәстүрлер қосылса, бiрiгiп кiтап оқу, ән-күй тыңдау, өздерiнiң сүйiктi әндерiн айтуы, тiптi ыңғайы келсе ұлттық ойындарды ойнау да ұмыт қалмауы керек.
Үй-iшi өзара мiнез-құлықтары мен тәртiптерiн сөз етiп, сындарлы ашық пiкiр алмасудың еш артықшылығы жоқ. Осындай тәсiл арқылы бiрi байқамаған өзгерiстердi екiншiсi аңғарып, баланың жөнсiз кетiп бара жатқан қылықтарын дер кезiнде тежеп, жақсы мiнездерi мен қылықтарын дәрiптеп, ерекше көңiл бөлiп отырудың да маңызы зор. Тағы да бiр еске ұстайтын нәрсе, ата-аналар мен тәрбиешiлер балалардың өзара қалыптасып келе жатқан достық қатынастарына мән берiп, әркез сол балалардың ата-аналарымен кездесiп пiкiрлесiп отыру қажет. Әсiресе, қоғамдық өзгерiстердiң әсерiн үйде де, балабақшасында да түсiндiрiп әңгiме жүргiзудiң жөнi бөлек. Мұндай әңгiмелер, баланы ой толғаныстарына жетелейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет