Совет–Хан Єаббасов


Сабақтарды белгілі гигиеналық талаптарын қатты ескеру шарт. ұйымдастыру



бет202/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Сабақтарды белгілі гигиеналық талаптарын қатты ескеру шарт.
ұйымдастыру. Мәселен, бөлменiң көлемi, ауасының дұрыс алмасуы,
ондағы пайдаланатын заттар мен мебельдердiң де баланың жас мөлшерiне лайықты болуы, тiптi бөлмедегi терезелердiң жарықтылығына дейiн ескерiлуi керек. Сонымен қоса, терезеден түсетiн жарық отырған баланың сол жағынан түсуiн қадағалаған жөн.
Сабақ жүрiп жатқан кезде тәрбиешiлер мезгiл-мезгiл әр баланың дұрыс отырған-отырмағанын да жiтi тексерiп тұрмаса болмайды. Өйткенi, үнемi қисық отыратын балалардың белдеме сүйектерi өз түзулiгiнен ауытқып, оның тез шаршап қалатындығына әкеп соғады. Сондықтан да, барлық сабақтар да өзiнiң үш түрлi сатылық реттiлiгiн сақтауы керек. Әуелi, сабақты ұйымдастыру сәтi, сонан кейiн, оның негiзгi кезеңдерi – бастау, шарықтау, талдау – сияқты құрамдарын дұрыс өткiзу, ақырында жүргiзiлген сабақтардың жемiстi аяқталуын қамтамасыз ету. Жалпы, тәрбие сабақтарының мазмұны мен жүргiзу әдiстерi барынша ойланып жасалынса, ыңғайлы әрекеттерге баланың өздерi де ынталы болатындығы белгiлi ғой.
Тәрбиешi сабақ жүргiзер алдында балалардың дайындықтарын, олардың сыртқы және iшкi әзiрлiктерiн тексерiп, үнемi ұқыпты да жинақы болуларына бiрте-бiрте жаттықтыра бередi. Бiраздан соң сабақтың қызық өтетiне ынтыққан балалардың өздерi де, оны ұйымдастыру шараларына белсене қатынасатын болады. Бұл тәрбие жұмыстарының сапалылығын аңғартатын белгiлердiң бірі екені айтпаса да түсiнiктi.
Сабақтың барысында жаңадан өтетiн тақырыптың
Сабақтың мазмұны мен негізгі мақсаттары түсіндіріледі де, біраз
барысы. балалардың өздерінің ойлануына мүмкіншілік беріп,
сонан кейін ғана, қиналып отырғандарына жекелей көмектесу арқылы, барлық балаларды да тұтастай қамтуға тырысады. Тәрбиешiнiң түсiндiруi мен көрсетулерiне 4–5 минут уақыт жетiп жатыр. Олар өздерiнiң ұстаздық шеберлiктерiн, баланың айтылған тақырыпқа көңiл қоюына жұмсайды. Өйткенi, көңiл қойып үйренуге ұмтылған бала ғана, жақсы көрсеткiштерге жетедi. 0-шi сыныптағы балалардың негізгі кемшіліктері, өздерiнiң ұғынып үйренгендерiн қайыра қайталып айтып беруге шорқақ келедi. Сондықтан, тәрбиешiлерi үнемi қайта-қайта пысықтап сұраумен бiрге, оның зердесiнiң тұрақталып есеюiне де үздiксiз көмектесiп отырады. Сөйтсе де, балалардың өз бетiмен жаттығуының берерi мол. Түбiнде баланың өзiне де керегi сол болмақ. Өз бетімен жұмыс істей алуға үйренуден артық не болуы мүмкін?!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет