Совет–Хан Єаббасов


Баланың өсуімен келетін өзгерістер



бет215/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Баланың өсуімен келетін өзгерістер. Алты жастан асқан баланың мiнез-құлқында оның iс-әрекеттерiнде көптеген өзгерiстер пайда болады. Ол бұрынғыдай емес ата-анадан еркiн болуды қалап, тiптi кейде айтылған пiкiрлердi өзінше бағалауға ұмтылады. Оған қасындағы жолдастарының пiкiрi ықпалды әсер ете бастайды. Өзi ұнатқан заттарына, өзi қалаған iстерiне ерекше жауапкершiлiк сезiмдерi пайда бола бастайды. Тiптi, көп әрекеттерiнен ұялуды шығарады. Ойлау қабiлеттерi жетiлiп, техника тетiктерiн құрастыру, сандарды қосып-алу сияқты ұғымдарға ерекше мән бере бастайды. Мәселен, 3 пен 5 жастың арасында балалар, ата-анасын ерекше сүйiп, оның айтқандарын екi етпей, не айтса да бәрiне сенетiн және оларға қатты елiктейтiнiн бiлемiз.
Ал, алты жастан кейiн бала ата-анасын соншама терең сүйе тұра, ол сезiмдерiн бiлдiрмеуге тырысады. Бұрынғыдай емес басқа адамдардың көзiнше сүйгендi, еркелетiп басынан сипағанды ұната бермейдi. Бөтен адамдарға жалпақтаудан жиренiп, өздерiн салқынқанды ұстауға бейiм тұрады. Тек, өзi «ерекше адам» деп ұғынатын жандарға ғана жан-тәнiмен берiле ұнататындықтарын жасыра алмайды. Олар өз бойындағы еркiндiктi сақтай отырып, үлкендердiң өзi де оған құрметпен қарауын талап ете бастайды. Ата-ананың ықпалынан босау үшiн, көбiнесе олар өзi сенетiн адамдармен ақылдасуға құмар келедi. Ал, сенген адамынан естiген жайын, ешкiмнiң айтқанымен өзгертпейдi.Тiптi,әке-шешесiнiң айтқаныда әсерсiз болмақ.
Осындай мiнез-құлықтың iшкi қозғалыстарын ата-анасы жақсы бiлулерi керек. Соның арқасында бiлдiрмей, жайымен ғана психологиялық тәрбиемен бағыттаудың мәнi зор. Әйтпесе, баланың күнделiктi тұрмыстағы мәнерлерi де өзгерiп, айналасындағыларға елiктеушiлiктерi күшейе бередi. Оның киiм киюi мен тамақ iшуiне дейiн өзгерiп, бұрынғы үйреткен тазалық сақтау, әдептiлiк тәлiмдерiн де, өзiнше жаңа өзгерiстерге ауыстыруға бейiл болады. Мiне, бұндай әрекеттердiң пайда бола бастаған сәтiнен ата-ана ашуға емес, ақылға қол артып, тек төзiмдi сүйiспеншiлiгiмен баланы арнайы тәрбиесiнен ауытқытпай ұстай алады. Кiшiпейiлдiлiкпен шынайы айтылған пiкiрлердiң әсерi ерекше болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет