Совет–Хан Єаббасов


Аңдардың тіршілік ететіндерін — аңдар деп атаймыз да, ал, тіршілігі



бет210/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Аңдардың тіршілік ететіндерін — аңдар деп атаймыз да, ал,
тіршілігі. адамдардың қарауына үйренгендерін — үй жануарлары
дейміз. Осы айтылған екі топтың қай-қайсысы болмасын өздерінің тіршілік қалыптарын, жылдың әр мезгілдеріне орай өзгертіп отыруға бейімделген. Сондықтан да, бүкіл жануарлар әлемі, жылдың әр мезгілдерін, өздерінің ыңғайына қарай әзірлік жасап қарсы алады. Әсіресе, қыс мезгілдері олар үшін өте қатаң сын. Осыған орай, дала тағылары жаз бен күз айлары бітісімен-ақ, қыста табын-табын болып жайылымы мол жерлерге ауып кетіп те отырады. Мысалы, қазақ даласында өсетін қ ұ л а н мен ақбөкендер жаз айларында солтүстік далаларды мекендесе, қысқа қарай қар мейілінше аз түсетін оңтүстік аймақтарға қарай жылысады.
Сүт қоректілердің ішінде қысқы ұйқыға кететіндері де бар. Олардың кейбіреулері өздерінің қыста жейтін .азықтарын, жаз айларында дайындап алатындары да болады. Бұларға жататындардың көбі, т ы ш қ а н тұқымдастар болып табылады. Мысалы, қалың ормандарда тіршілік ететін т и і н д е р, әр түрлі өсімдік дәндері мен саңырауқұлақтарды да жинап сақтауға тырысады.
Жануарлар өздерінің ұрпақтарын белгілі мерзімге
Жануарлардың дейін бойында көтеріп, сыртқы ортаға бейімделе
ұрпағы. алатын жағдайға жеткен кезде, тірі қалпында дүниеге
әкеледі. Аса ірі жануарлар көбінесе бірден ғана туатын болса, ал ұсақтарының көпшілігі-ақ, бірнешеуден туатындары белгілі. Мысалы, кемірушілер тобына жататын аңдардың 10-ға дейін, тіпті онан да көп етіп күшіктеулері мүмкін. Жалпы жануарлар өздерінің төлдерін бойына әртүрлі мерзімдерде сақтайды. Мәселен, бұғы мен бұландар — 8-9 айда бұзауласа, бөкен мен қой-ешкілер — 5-6 айда төлдейді. Ірі жануарлардың ішінде түйе — 12 ай, ал піл — 14 айдан соң ғана төлдейді.
Ең ұзақ тіршілік ететін жануарлардың бірі — кит,
Жаунарлардың олар 500 бен 1000 жылдардың аралығында өмір
жасы. сүреді. Ал, пілдер — 80-100 жыл, түйе— 30-40
жыл, жылқы мен аю — 40 жыл, маймылдар — 50 жыл, қой-ешкі — 18-25 жыл, қасқыр мен ит—15 жыл, қоян — 10—12 жылдай жасайды екен.
Аңдардың мінез-құлықтары сан қилы. Адуынды жыртқыш аңдар да, басқаға зияндары тимейтін жуас аңдар да көп. Жыртқыш аңдардың ішінде — арыстан, жолбарыс, барыс, қасқырлар жайында жазылған аңыз-ертегілер өте мол. Әйтсе де, олардың да өздеріне тән мейірімдері болады. Бұлар да тіршілік заңдарына қатты бағынады. Даланың тағысы да, үй жануарлары да, белгілі мөлшерде ұйықтап демдерін алады. Жер бетіндегі тіршіліктің негізі күрес болғандықтан, кейде олар жан алысып, жан берісер жағдайларға жиі ұшырап, тікелей төнген қауіптен қашып құтылуға да, суда жүзуге де, биіктерден секіруге де өздерін үнемі әзір ұстайды. Мысалы, аңдардың ішіндегі ең жүйрігі гепард сағатына 110 км шапшаңдықпен қозғалса, бөкен — 90 км, арыстан мен киік — 80 км, құлан — 65 км, қасқыр — 45—60 км, піл — 35 км шапшаңдықта жүгіре алады. Жалпы сүт қоректілердің тіршіліктері жайында айта берсе әңгіме көп. Сондықтан, біз топтастыра жүйелеп: кит тұқымдастар, шөлде өсетін жануарлар, ауада ұшатын сүт қоректілер, тақ тұяқтылар, қалталылар, жұп тұяқтылар деп шектелуге мәжбүрміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет