Совет–Хан Єаббасов



бет224/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Қазан доп. жазда да ойнай бередi. Оған керек қажеттi заттар:
қақпыштаяқ және шайба немесе доп пайдаланылады. Әрине, қыста – шайба ыңғайлы болса, ал жаз айларында допты пайдаланатыны түснiктi. Балалар өздерi ойнайтын жазық алаңға әуелi дөңгелек шеңбер сызып алады да, оның дәл ортасынан шайба немесе доп еркiн түсетiндей етiп қазаншұңқыр қазылады. Жалпы шеңбер сызық пен қазаншұңқырдың аралығы бiр жарым метрден аспауы керек. Ойынға бiрден бес-алты бала қатынаса алады. Әр ойыншының қолдарында ұстаған шайба қағатын қақпыш таяқтары болады. Сонымен қоса, шеңбердiң сыртында, әрқайсысының да қазаншұңқырлары болады. Бастары қайқылау қақпыш-таяқтарының ұшы, сол өз шұңқырларының iшiнде тiрелiп тұрады. Жеребеге шыққан бала ортадағы қазан-шұңқырдағы шайбаны немесе допты қақпақылдай қозғап, қалайда қарсыластарының бiреуiне түсiруге айла-шара жасайды. Ал, оның қарсыластары, оның қолындағы шайбаны, не допты өз шұңқырларына да, ортадағы қазаншұңқырға да түсiртпеуге әрекет жасайды. Егер де доп кез-келген қазаншұңқырдың бiрiне түсiп кетсе, ойыншылар дереу орындарын ауыстырып тұра-тұра қалулары керек. Кiм шұңқырға ие болуға үлгiре алмай қалса, сол бала жаңа ойынды бастайтын болады. Ойын осылайша жалғаса, дами бередi.
Ойынға қатынасатын балалар алқа-қотан дөңгелене

Орамал отырысады. Қолына орамал ұстаған бала, оларды жайымен


тастау айнала жүрiп, бiреудiң артына қолындағы орамалды тастап
кетуге тырысады. Егер ол айналып келгенше артында орамал жатқан бала көрмесе, онда ол орамалды алып, дереу сезбеген баланың арқасынан орамалмен қатты-қатты сабай бастайды. Сонда, жаңағы байқамаған бала тез тұрып орнын беруге тиiстi. Ал, егер ол бастапқыда-ақ орамалды байқап қалса, жылдам түрегелiп қашып бара жатқан баланы қуып жетiп, қолындағы орамалды оның арқасына тигiзе лақтырып, қайыра өз орнына жылдам жетiп отыруға тырысады. Егер жете алмаса, ойынды ары қарай өзi жалғастырады.
Балалар екi топқа бөлiнедi. Әр топтағы ойыншылардың
Теке тірес. саны бiрдей болуға тиiстi. Ойын алаңында арақашықтығы
50 сантиметрден, үш қатар сызықтар тартылады. Екi топ та дәл ортадағы сызықтың екi жағына, қарама-қарсы қатар түзеп тұрады. Ойын басталды дегенде, қарама-қарсы тұрған балалар бiрiн-бiрi иықтарымен итерiп, қарсыласын шегiндiрiп жiберуге бар күштерiн салады. Сонда, қай топтың ойыншылары қарсыластарын артындағы сызықтан асыра итерiп жiберсе, сол топ жеңген болып есептелiнедi.
Ойынға қатынасатын балалар дөңгелене шеңбер түзеп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет