Мектеп саясаттың керағар залалы, әсiресе, оқу-ағарту жүйесінің
пен өмір байланысы. өмiрмен еш байланыссыздығында болатын. Мектеп
оқушылары он жыл көлемiнде өмiрдi кiтап беттерiнен үйренiп, соншама жайсыз жасандылықпен алған бiлiмдерi күнделiктi тiршiлiктен тым алшақ тұратын. Мектеп өзiнiң жасөспiрiм шәкiрттерiне өмiрдiң қайнаған ортасымен байланыстыра бiлiм берудi, ең негiзгi мақсатына айналдырмай, берген бiлiмiн өмiршең де, тiршiлiкпен шебер байланыстағы қолданбалыққа жетiлдiре алмақ емес. Ендеше, оқушы күнделiктi бiлiм алу жүйесiнде, мiндеттi түрде айналасындағы өмiрiмен тығыз байланыста болуы керек. Ол үшiн, жергiлiктi фермерлер мен бизнесмендердiң жұмыстарымен, қоғамдық қатынастағы өмiрлерiмен жiтi танысып, жан-жақты байланыста болу арқылы, ертеңгi тiршiлiгiне қажет бiлiмге саналы түрде қатынастырған жөн. Мiне, мектептiң өмiрiмен байланыссыздығын қатты сезiнген Кеңес елiнiң мектептерi, соңғы ондаған жылдар бойы реформа жасауға талпынумен болды.
Кешегi Кеңес Одағы да мектеп реформасына бiраз жыл
Мектеп кiрiскен болатын. Оның алдына қойған мақсаттары да
реформасына жаман емес едi. Ең алдымен рухани биік тағылымды,
ұмтылыс. жан-жақты бiлiмдар адамдарды тәрбиелеуді межеледі.
Бiрақ, осыған қалай қол жеткiзуге болады? Неден бастап, не iстеу керек? Құнарлы да, мазмұнды тәрбие көзi қайда?.. Міне, осыншама мол күрделi сұрақтарға жауаптар да iздестiрiп көрдi. Әйтсе де, бүгiнге дейiн жалғасып отырған оқу-ағарту жүйесiндегi кемшiлiктердi батыл ашып, оның бүкiл мазмұны мен құрылыстарын қайта құруға дәтi жетпей бүгежектеумен уақыт оздырып келдi. Өйткенi, жетпiс жылдан астам әкiмшiлдiктің өктемдiгi жайлаған, сол кездегi оқу-ағарту жүйесi де, жоғарыдан түсетiн жоспарларға тағзым етумен ғұмыр кештi. Бүкiл Кеңестiк өмiрiмiзде белең алып келген енжар тiр-шiлiк, тiкелей соның жемiсi едi.
Уақыт тынысы, бетбұрыс дейтiн өлiара мезгiлге де тап болып, соның самалымен сергiген әрбiр халық өзiнiң ұрпақ тәрбиесiнiң үлгiсiн жасаумен шұғылдана бастады. Себебi, осы уақытқа дейiн жасырын жүргiзiлген отарлау саясатының езгiсiнде болған көптеген ұлттар, өздерiнiң ұрпақ тәрбиесiнiң үлгiсiн де, тіпті оқу-ағарту жүйесiнiң мазмұнын да жасап көрмеген болатын. Олар басқа жұрттың ықпалымен, көшiрмелi үлгi мен аудармалы оқу құралдардан бөтен ештемеге де мойын бұруға халықтық құқылары болып көрген емес. Осындай тәрбиенiң ақыры көптеген халықтарды дәстүр-салттарынан ажыратып, бейруханилық пен мәңгүрттiкке бет бұрғызған едi.
Бұл орайда қазақ халқы, тiптi өрескел күндердi басынан кешкенiн, ғасырға жуық уақыт iшiнде өз еркiндiгi болмағандықтан, бұрын-соңды еш уақытта да өзiнiң оқу-ағарту жүйесiн жасап көрген емес. Ал егер де кез-келген халықтың ұрпақ тәрбисi, өзiнiң ұлттық психологиясы мен халық педагогикасыныннәр аламаса, оның алған бiлiмi жаңылтпаш тәрiздi, түсiнуi қиын түйiршiктерге айнала беретiнi белгiлi. Мұндай тәрбиенiң барар жерi мен құлар құзы бiреу-ақ, ол бiрте-бiрте бүкiл бiр халықтың ерiксiз азғындауына әкеп соғады.
Ендеше, халқымыздың бүгiнгi таңдағы өз ұрпағының тәрбиесiн өзiнiң қолына алмақ ұмтылысы, бұл ғасырлар бойы сарғая күткен үмiтiмiз едi. Сондықтан да, ұлттық оқу-ағарту үлгiсiн жан-жақты қарастырып, бұрынғы қадетке айналған жалтақтаудан тыйылып, батыл да алғыр қадамдар жасауымыз керек. Сонымен қоса, жаңадан жасалынып жатқан үзiлiссiз ұрпақ тәрбиесi мен оқу-ағарту жүйесiнiң концепциясы барынша жауапкершiлiкпен қарауды талап етедi. Осы ұлан-ғайыр жауапты да, жарқын iске бiздер де атсалысуды жөн көрдiк. Көп кешiкпей өзiмiз тiкелей жасаған концепциямызды көпшiлiк талқысына ұсындық. Ол педагогикалық ғылыми орталықтарда талқыланып, жағымды пiкiрлер мен ұтымды ұсыныстарды жинақтап баии түстi. Сөз жоқ, бiздер ұрпақ тәрбиесi мен оқу-ағарту жүйесiнiң тұжырымдамасын жасарда, бiрден бүкiл адамзаттық тәжiрибелерге көңiл аудардық.
Жер бетiндегi әртүрлi құрлықтарда өмiр сүретiн халықтардың өздерiне тән тiршiлiктерi мен салт дәстүрлерiн де, ғасырлар бойы қалыптасқан өзгелерге ұқсамайтын өздерiне лайықты ерекшелiктерi де бар екенi белгiлi. Мiне, осы ерекшелiктердi қай халыққа болмасын, өзiнiң ұрпақ тәрбиесiнiң үлгiсiне, ерекше ұқыптылықпен пайдаланған жөн екен.
Мәселен, салыстыру үшiн, Азия халықтарының iшiнде – Жапонияның оқу-ағарту жүйесiн, Европа елдерiнен – Германияның бiлiм беру тәртiптерiмен таныстық. Олардың екеуiнде де ұрпақ тәрбиесiнiң негiзгi бағдары ретiнде ұлттық психология пен халық педагогикасына ерекше маңыз беретiндiктерi аңғарылды. Осы екi елдiң де ұрпақ тәрбиелерiнiң үлгiсi, балбөбек пен балабақшада да, мектептiң iшкi тәртiптерi мен оқу-ағарту жүйесiнде де, тек өз ұлттарының психологиясына ыңғайлы етiп құра бiлген. Мiне, мұндай ұлттық психологияға ыңғайлы етiп өрнектелген тәжiрибе үлгiлерiн, бiздер барынша ғылыми негiздерге сүйене отырып пайдалануға тиiстiмiз. Әрине, қазақ халқы да азиялық жұрт болғандықтан, сөз жоқ, Жапонияның оқу-ағарту жүйесiнен, көптеген психологиялық жақындықтар тапқанымыз да рас. Бiрақ, солай дей тұрсақ та, қазақтар мен жапондардың, ұлттық мінез-құлықтарында өзіне тән, ерекшелік-тер де жетіп жатыр. Ең әуелі халықтық педагогикасы мен дәстүр-салт-тарындарғы айырмашылықтары да аз емес. Бұдан түйген қорытынды, адамзат қауымындағы мәдениет үлгілерін ескере отырып, біздер өзіміздің халық педагогикасының ғылыми жүйеленген негіздерін айқындамай, оны жаңа методологиялық көзқараспен жетілдірмей, үзіліссіз ұрпақ тәрбиесі мен оқу-ағарту жүйесін үндестіре шешудің мүмкіншіліктерінің аз екенін түсіндік. Сондықтан да, Кеңестік дәуірде мүлдем дамымай қалған Халық педагогикасын ‑ ғылыми жүйеленген жаңа нұсқадағы і л і м ‑ ретінде жетілдіріп, кезінде әр халықтың мәдениетінде бірсыдырғы дамытылған «этнопедагогиканың» өзорнын айқындап берудің күрделі жұмыстарын түсіндік. Осы жазылып отырған монографияның негізгі мақсаттары да, жоғарыдағы айтылған түйіндерді шешуге арналғандығын аңғару қиын емес. Осынау күрделі түйіннің күрмеуін біртұтастықта қарастырғанда ғана, үзіліссіз ұрпақ тәрбиесі мен оқу-ағарту жүйесінің үлгісін дұрыс шешетіндігімізде күмән жоқ. Сонда ғана еліміздің болашағына үлкен үмітпен қарайтын боламыз. Төменде өзіміз ұсынған үлгінің кестесін беріп отырмыз.
Сонымен, жоғарыда біз ұсынып отырған — үзіліссіз ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық оқу-ағарту жүйесінің үлгісі — схема түрінде көрсетілгендей, бастауыш мектеп — а л т ы к л а с с — көлемінде ұсынылып, баланы жеті жасынан ғана қабылдаудың дұрыс екенін айтады. Сонда, бастауыш мектеп — 7 жаспен 12-13 жастың аралығын қамтиды. Мұның тікелей физиологиялық және п с и х о л о г и я л.ық, негіздері бар екенін аңғаруға болады. Өйткені, жас балалардың гормоналдық жүйесі жеті жасынан бастап бүршік сала бастағанымен, оның бүр жарып гүлденуі, мөлшермен 12-13 жасқа дейін созылады. Бұл адамдағы гормональдық жүйенің толысып жетілуінің орташа ғана мерзімдік мөлшері десек болады. Бұл тәріздес құбылыстың жетілуінің — ерте ашылатыны да, кейде — кешігіп жетілетіні де кездесіп отырады. Гармоналдық жүйенің жетілуімен ер баланың да, қыз баланың да денелерінің қауырт өсіп, ержеткендіктің толып жатқан