Совет–Хан Єаббасов



бет225/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Соқыр теке. тұрысады. Бiр баланың көзiн байлап ортаға шығарады.
Көзi орамалмен танылған бала – «соқыр теке» аталынды. Ендi айнала қоршап тұрған балалар алма кезек «соқыр текенi» түртiп, өзiн ұстатпауға тырысады. Ал, «соқыр теке» болып жүрген бала, мiндеттi түрде тек түрткен баланы ұстап алуға тиiстi. Ал, түрткен баланы ұстай алмай, оның орнына басқа баланы ұстап, қателеспей атын атап берсе, онда ұсталған бала «соқыр теке» болады. Сондықтан ойынға қатысқан балалар түртпесе де, бiр орындарында тұрып қалмай қашып жүруге мәжбүр болады. Осылайша, ойын қызығына енiп кеткен балалар аса үлкен көңiлдiкпен, «соқыр текенi» алма кезек алмастырып ойындарын жалғастыра бередi.
Балалар үш-үштен бөлiнiп ойнайды. Екi бала қолдарын
Атқаума. айқастырып «атқаума» жасайды. Ол былай жасалынады.
«Атқаумаға» қатынасатын балалар сол қолымен өзiнiң оң бiлегiн қысып ұстайды да, сонан соң бос тұрған оң қолдарымен бiр-бiрлерiнiң сол бiлектерiн ұстап, үшiншi бала атқа мiнгендей еркiн отыратындай орын дайындайды. Көзi орамалмен таңулы үшiншi бала, айқасқан қолдарының үстiне келiп отырады. Сонан соң қолдасып тұрған екi бала:

  • Атқаума, атқаума, ‑ деп белгi қойылған көмбеге жеткенше жүре бередi. Осы кезде, ойынға жай араласып жүрген балалардың бiрi:

  • Ақ сандық па, жоқ әлде, көк сандық па? – деп сұрайды. Оған көзi таңулы бала:

  • Көк сандық, көк сандық, - деп жауап бередi.

  • Аспанда не бар?

  • Жұлдыз бар.

  • Жерде не бар?

  • Құндыз бар.

қаумалап көтерiп келе жатқан балалар:
-Бақа, бақа, балпақ.
Басың неге жалпақ?
Бұтың неге талтақ,
Көзiң неге тостақ?
Бұған көзi таңулы бала былай жауап бередi:
-Темiр телпек көп киiп,
Басым содан жалпақ.
Теуiп жауды қашырдым,
Бұтым содан талтақ.
Қарауылда көп тұрдым,
Көзiм содан тостақ!
Қаумалай көтерiп тұрған екi бала:

  • Мына жерде шөл бар,

Мына жерде ел бар,
Мына жерде көл бар, -
деп қолдарын ағытып жiбердi. Отырған бала құлап жығылса, айып тартады. Құламай тiк тұрып қалса, екi бала оны қайтадан көтерiп жүредi. Ойын осылай жалғаса бередi.
Тартыс ойыны таза ауада, сыртқары жерде ойналады.
Тартыс. Балалар екi топқа бөлiнiп, әр топ тiзбектеле қатар түзеп,
бiрiнiң белдерiнен бiрi қапсыра құшақтап тұра қалады. Осылайша тiзiлген екi топ бiрiн-бiрi тартып әкетуге кiрiседi. Олардың күшi жеткендерi қарсыласын орталарында бөлiп жатқан сызықтан аттатып алып кетуге тиiстi. Қарсыласын сүйреп әкеткен топ жеңiске жетедi. Тартыс ойыны үш түрлi болады:

  1. 1. Жай тартыс.

2. Жiппен немесе арқанмен тартыс.
3. Сызық тартыс.

Жiппен немесе арқанмен тартыста екi топтың да балалары арқанның екi жақ ұшынан ұстап, ортасынан бiр метрдей бос қашықтық тастап, бiр арқанның бойында тiзбектеле тұра қалады. Содан кейiн ғана, берiлген бұйрықты естiсiмен-ақ екi жақта бар күштерiмен тартысқа түседi. Қайсыларының айласы көп, күшi басым болса, сол жағы өздерiне қарай қарсыластарын сүйреген бойы тартып әкетедi. Жеңген жағы у-шу болып, үлкен қуанышқа кенеледi. Жай тартыс пен сызық тартыстарында, дайын тұрған арқан-жiп болмаса, қолдарынан ұстасып тартыса бередi.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет