Совет–Хан Єаббасов


Балиғаттық тарына, үлкен-кішімен сыйластық қатынастарына, әсіресе шақ



бет250/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   294
Байланысты:
treatise70934

Балиғаттық тарына, үлкен-кішімен сыйластық қатынастарына, әсіресе
шақ. құрбы-құрдастарымен байланыстарына, жыныс жүйесінің бүршік атқан сәттері аса үлкен қуатпен ықпал ететіндігін жақсы білген жөн. Жыныс жүйесінің сөлдері мен ми қабатындағы тіршілік орталықтары үндесе қызмет еткенде, тағдырлары сан-алуан тұлғалардың қалыптаса жетілуінің күрделі күресі жүрмек. Табиғат шебер осылайша, балалық шақтың бейнелі түсініктерінен есейтіп, абстрактылы ойлау қабілеттеріне жетелейді. Осы шақта бозбала атанған ‑ жігіттер де, бойжеткен делінетін ‑ қыздар да, айналасындағы барлық құбылыстарды, ішкі жан-дүниелерінің тебіреністерімен салыстыра бағалайтын болады. Тіпті, олардың көрген кинолары да, оқыған кітаптары да, ішкі болмыстарына соқпай кете алмайды. Оны — әлдеқалай нәзік сезімдерге түсіріп тебірентеді, алақұйын күйге келтіріп толғантады. Осындай әсерлерден психологиялық танымдары қалыптаса бастайды. Жасөспірімдердің дұрыс қалыптасып ержетуіне, ең қажетті жағдайдың бірі — оның салыстырмалы тәрбие алар ортасының маңызы өте зор. Егер де, жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеуі мен сырттай алатын тәлімдері үндесіп жатса, бұдан артық жақсылық та, жарастық та болуы мүмкін емес. Мұндай үндестіктер барлық игілік атаулының бастауы болмақ.
Жастар бірте-бірте өмірден көріп, кітаптан оқып үй-ренгендерінен, тіршіліктің өткінші екендігін,«жақсылық үнемі ‑ тозбай, жамандық үнемі ‑ болмай» тұрмайтындығын жіті аңғара бастайды. Қысқасы, Ө м і р бар жерде — Өлім де бар екенін түсінетін халге жетеді. Бұл түсінікке жетудің өзі тым ересек тартып үлгергендікті байқатады. Енді ғана олар алды мен артын анықтап ойлануға кіріседі. Осылайша, бозбалалық‑жігіттік шаққа, бойжеткендік‑ арулық сипатына қарай ауыса береді. Жасөспірім шақ екінші рет дүниеге келгендей болып, кісілік келбетіне жетуге ұмтылумен бірге, кәдімгі а т а л ы қ дәстүр мен а н а л ы қ салттың басты міндеті ұрпақ қамын да мойындай бастайды. Табиғат қағидаларының қатаң сақталатын құдіреті де осында болса керек?! Сөйтіп, «махаббат қызық мол жылдардың», — қол созған үлкен мәні де, тіршіліктің ұлы мақсаты — ұрпақ қамымен жалғаса бермек. Басқа жұртқа бассыз еліктеумен еңсеміз түскен біздер, тіпті махаббат атты ұғымның мәнін де, тым үстірт біржақты қарайтындығы‑ мыздан, көптеген жан азабын тарттырар қателіктерге ұшырап жүрміз. Алайда терең тебіреніспен түсінуге ұмтылсақ, махаббат ‑ тек біржақты жалаң сезім ғана емес, ол бүкіл тіршілігіміздің м ә н і мен м а ғ ы н а с ы екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет