§ 5. ПСИХОЛОГИЯ МӘДЕНИЕТІ
Сыр ашу. Адамды — бүкіл тіршілік әлемінен ерекшелейтін — оның ерекше жетілген психикасы екені белгілі. Сол психиканың дұрыс дамуына ықпал ететін, өз уақытында негізін әл-Фараби жүйелеген, хауас, имани гүл, жәуанмәртлік ілімдерін жалғастыра жетілдіруші, түркі жұртынан шыққан данышпандар‑Баласағүн, Дауани, Қарабағи, Навои, Абайдың еңбектерінде халық педагогикасының тылсымы әлі ашыла қоймаған терең сырлары жатыр. Адам тәрбиесіне қатынасы бар осынау жұмбақ сырлардың күрмеуін таратып, күллі адамзаттың игілігіне айналдыру біздің мойнымыздағы парыз. Жоғарыда айтылған осы үш ілімді поэзия тіліне келтіріп, әлем халқына асқан рухани шығарма сыйлаған Жүсіп Баласағұн бабамыздың «Құтты білік» атты енбегінен, жәуанмәртлікке байланысты шағын үзінді келтіргенді жөн көрдік...
Бірі т ү з у болса — түзу б ә р і де,
Бәрі түзу болса — түзу м ә н і де.
Бір қыңырдан — бәрі қ и с ы қ шығады,
Бар қисықтан — әмен қ ы р с ы қ туады.
Қай т ұ ғ ы р да осал болса — т ұ р а алмас.
Мықты т ұ ғ ы р — сенімді, ешкім оны жыға алмас.
Қ ы л ы ғ ы м д ы көр — қылаудай да жоқ міні,
Өзім де — ә д і л, үкім де — ә д і л — сот күні.
Әділдікпен кеспей жаза, тоқтаман,
Құл ма, бек п е, — еш айырма жоқ, маған.
(Сөздерді ашып ерекшелеп жазған — Совет‑Хан Ғаббасов).
810 Бұл пышақты — кім, нық тұтса қолына,
Өнер — ол да! Сілтер — к е с е л жолына.
Пышақтай мен — аршып кесем әр істі,
Кінәліні — тауып білем және мәністі.
Шеккен жәбір көргендерге бұйырар,
Қақпама кеп, ә д і л заңға ұйыған.
У — бұйырар, қара ж ү р е к кісіге,
3 а ң н а н қашқан — з ә р і н түйіп, ішіне.
Келсе алдыма — тезіне ә д і л жазаның,
У — ішкендей, тартар жанның азабын.
Суық қабақ, кісі ш о ш ы р сұрым бұл —
Сыбағасы күштімсінген — з ұ л ы м н ы ң.
Ұ л ы м ба, әлде ж а қ ы н ы м ба, а л ы с па,
Кештеу жүрген қ о н а қ па, әлде т а н ы с па?!
3 а ң алдыңда, — бәрі б і р д е й мен үшін,
Кесім — ә д і л! Болмайды ешбір к е л і с і м...
Біл, ә д і л заң — басшылықтың т ұ ғ ы р ы,
3 а ң бар жерде — б е р і к елдің ж ұ л ы н ы.
Ж а у а п
Жақтырмаймын: жалғандықты — дүниеде,
3 о р л ы қ етіп, қара к ү ш к е салғанды...
I с і — олақ, өсек-өтірік тергені,
Өзі — ұшқалақ, көзі — ұ я т с ы з пендені.
Д ө р е к і л і к, қызбалық та — а ғ а т т ы қ, —
Қ ұ л ы болса — қу құлқын мен ш а р а п т ы ң.
Ондай жандар ш ы ғ ы с а алмас менімен,
Айттым ашық: тең ғой әркім т е ң і м е н.
С а у а л
Айтолды айтты: — Ұқтым. Ойдың ауанын,
Тағы да бір сөзім бар. Айт, жауабын.
855 Ізгілік не? Тегі қандай?
Түсі қандай өзінің?!
Мінез-құлық, ісі—қандай өзінің?!
Ж а у а п
Елік айтты: — Ізгіліктің нышаны, —
X а л ы қ үшін — қайтпай құрақ ұшады.
I з г і жүрек — і з г і л і г і н сатпайды,
Ж о_м а р т — жандар құнын сұрап жатпайды.
Қ а й ы р ы м д ы жан — қайырым етпес есеппен,
Есе күтсең — ұрғанмен тең кесекпен!
С.а у а л
Айтолды айтты: — Білдім, ұқтым мұныңды,
Тағы да бір тілегім бар ұғындыр?..
Айтшы маған — Әділдіктің мән-жайын
Ә д і л д і к қой — ашар жұрттың маңдайын.
Ә д і л д і к т і ң жөні — қандай болады?
Түрі, тегі, өңі — қандай болады?
Жау а п
Елік айтты: — Біл, ә д і л ж а н б і р ш ы н а р,
Т і л і, д і л і сөзіменен — б і р шығар.
Тысы — ішіне, іші тысқа жарасып, —
Туған жаннан кетпес шындық адасып.
Қалмау үшін — бетіменен ж е р б а с ы п,
Ет жүрегін — тастар жұлып, кеуде ашып.
Әд і л д і к — қ ұ т. Құт құрығы к і ш і л і к,
Ә д і л д і к т і ң заты — тұнған к і с і л і к.
Кісілер — көп, к і с і лі к к е — к е н д е м і з,
А д а л ы — аз, адам атты — пендеміз.
Мұны меңзеп айтқан шайыр сөздерін,
Енді саған — жеткізуді көздедім.
«Толып жатыр, жүрген жандар — жер басып,
К ө ң і л і ашық, әділ Ерге — Ел ғашық.
Кісі — с и р е к емес, сирек — кісілік,
К і с і л і к т і ң — қадірін біл, түсініп!».
Достарыңызбен бөлісу: |