Совет–Хан Єаббасов


А) ТҰҚЫМ ҚУАЛАУДЫҢ ТҰҒЫРЫ



бет60/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   294
А) ТҰҚЫМ ҚУАЛАУДЫҢ ТҰҒЫРЫ
"Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын,
Білім - жарық, нұрын саған шашатын."
БАЛАСАҒҰН.


Жалпы ұрық тазалығын түсіну – тек адамдықтың мәйегін кірлетпеу ғана емес, сонымен қоса оның тегіндегі бекзаттығын да, табиғи тұқым қуалаумен қалыптасатын қасиеттерді де ‑ сақтау деп ұққан дұрыс. Жаңа пән ретінде ұсынылып отырған Халық педагогикасы мен психологиясының 1-ші және 2-ші негіздерін де немесе Семья құруға дайындық және Ұрық тазалығы мен Ана құрсағындағы тоғыз ай – деп аталынатын физиологиялық кезеңдерін де, осы уақытқа дейін адам тәрбиесіне кірістірмей елеусіз қалдырып келдік. Адам баласы бұдан нендей қасіреттерге ұшырап отырғанын естіп отырсыздар?! Дүниеге нәресте келгенге дейін онда еш шаруамыз жоқ сияқты. Шындығында, адам құдіретінің бар сыры мен сипаты – осы екі кезеңдерде жетілетіндігін білдік. Тек, тазалығы сақталған ұрықтың ана құрсағында дұрыс жетілуі үшін міндетті түрде әр кезеңнің өзіне тән тәрбие тәсілдері бар екенін түсіндік. Оны нәресте дүниеге келгеннен кейін жүргізуге де келмейді және пайдасы да жоқ көрінеді. Міне, табиғаттың тағы да бір айтылып отырған тылсым сыры осында болса керек. Өйткені, ана құрсағында өсіп келе жатқан Тәннің – он екі мүшесі, жалғыз ғана клеткадан жіктеліп жетілуі үшін қоректік нәр қаншалықты керек болса, сол тәрізді Жанның да – о н е к і а р н а с ы н ы ң ашылуы үшін ана сезімінің т ә л і м і соншалықты қажет екен. Ендеше, адамның Жан дүниесінің байлығы – ұят пен сүйіспеншілік, зейін мен зерде, жігер мен мінез, ішкі бес сезім мен әртүрлі қабілеттері – іштен туатындықтан болашақ ұрпақтың ұрық тазалығы мен анасының өз уақытында жүргізетін түйсіктік тәрбиесі ендігі жерде еске алынбай болмайды. Оны барлық орта мектептерге халық педагогикасын пән ретінде жүргізу арқылы, жаппай білім берудің даңғыл жолына түсуге болады.
Тұқым қуалау құпиясы талай ғасырлардан бері тек құдайдың ісі, соның әміріндегі құбылыс деп келді. - "Құдай адамды өзіне қарап жаратыпты" – делініпті Таураттың алғашқы кітабында. Діннің айтуынша – жалпы тіршіліктегі тұқым қуалаудың еш жұмбағы жоқ тәрізді. Олар үшін – адамды құдай жаратқан және адам оған ұқсайды – деген ойды орнықтырса болды. Басқадай ізденістердің бәрі де құр әурешілік екенін ескертеді. Бірақ жаратылыс тоқтаусыз даму үстінде ғой, бұл сияқты тастай қатқан тұжырымдарды, қайтеді?! Адам баласының үздіксіз ізденуден жалықпайтын ақыл-ойы бір сәтке де тыныштық тапқан емес. Өйткені, оны толып жатқан тіршіліктің құпиялары мазалайды. Мәселен, тіршілік иелерінің өзін тапқан әке-шешесіне ұқсауының сыры неде? Көктемде егілген бидай өзі дән алған тұқымынан аумай, сол бидайдың түрі-түсін, сапасы мен дәміне дейін қайталайтындығының себебі неде? Былайша айтқанда, адамнан – тек адам ғана болып, неліктен туады? Міне, осыншама күрделі сауалдарға жан-жақты етіп, тек ғылым ғана жауап бермек. Бұл күнде тұқым қуалау заңдылығының біртұтастығы мен бұлжымайтындығы әбден дәлелденген. Тіпті, тіршілік тегінің /ген/ өзі – бір жатқан әлем, үнемі жетіле беретін микрокосмос екені белгілі. Академик Н.Дубинин: ‑ «Ген ұғымы – қазір физиологиялық және биохимиялық терең мазмұндармен толықты. Ген атаулының белгісі немесе оның малекулалық құрылымы, клетканың ішіндегі белоктар арқылы жобаланатыны анықталды. Оның аса күрделі сипаттары, клеткалар жаңарған сайын – гендердің өздері де екі есеге көбейіп отырады», - деп өте күрделі құбылыстардың барынша қарапайым тұжырымдарын беруге тырысады.
Сонымен ãåí, иә болмаса òåê дегеніміз - тіршілік кілтін сақтаушы құдірет екен. Осы құдіреттің өзі де - сол ұрықтың ішінде сақталатынын білгеннен кейін оның тазалығын сақтаудың мәніне кім дүдәмалданар екен ?!?
Қазіргі кезде Гендерді бір организмнен алып, екіншісіне ауыстырып салуға болатындығы анықталып отыр. Мұнымен мүлдем жаңа ғылым саласы - "Ген инженериясы" айналысады. Бұл ілімнің алғашқы қадамдары және таңғажайып болашағы, бүкіл тіршілік әлеміндегі төңкеріс деуге болады. "Ген инженерінің" қолында өткір пышақ та, басқа хирургиялық құралдар да болмайды. Ол бұлардың орнына, тек ферменттерді, қазақша айтқанда – тек мәйекпен ғана жұмыс істейді. Мұның өзі – бүкіл тіршіліктің бірлігін және олардың өзара тәуелді екендігін дәлелдеп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет