7. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ЖАҢАШАЛАУ
1. КІЛТ
«Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздіті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады – делінген тұжырымдаманың алғашқы абзацында.
Ал осы сөйлемнің ішіндегі «құндылықтарды» зерделеп көрелік:
«Мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайту – деген сөз көкейге қонады. Бірақ, қайтып және қалай? – деп сауал қойсақ, жауабы жоқ. Неге? Өйткені, халқымыздың ғасырлар ьойы жасаған халықтық педагогикасы мен ұлттық психологиясы, дәстүр-салттары мен өзіндік болмысы (менталитеті) мүлдем ескерілмеген.
«Мақсаттары мен міндеттері» - деу де жөн. Бірақ, ең әуелі өзіңе қажет мақсат пен міндетті түгендеп алмай, тағы да сол «дүниежүзілік» немесе «өркениетті елдер» - деп еміну мен еліктеуден аса алмай қалыпты. Ойланып қараңызшы? Сонда:
- кешегі өз қолымыз өз ауызымызға жетпеген 300-жылдық бодандықты;
- басқаның ьілеуін тілеп рухымыз жаншылған жылдарды;
- басқаның үстемдігіне еріксіз көнген тағдырды;
- қалыптасып қалған құлдық психологиямыздан арылуды ойламай, тағы да сол өзгеге қарап мөңірегенді неге қоя тұрмаймыз, - дейтін, ой мазалайды. Ендеше, қазіргі тілі, діні, ділі бөлшектеніп жатқан ұрпағымыздың болашағы мен халқымыздың келешегін неге бажайламаймыз. Дербестігінің жемісін жеп отырған – жапондар да, немістер де, қытайлар да, тіпті араб пен иран елдері де, «дүниежүзілі» немесе «өркениетті елдер» деп емініп, бас-көзсіз еліктеп отырған жоқ қой. Қайта ғылыми прогресті жетілдірілген сайын, өздерінің ұлттық құндылықтарын бұрынғыдан бетер көздің қарашығындай сақтауға.
Жымсыма ниетпен жүргізіліп жатқан қазіргі ғаламдану саясаты біздер елпектемесек те, әлі-ақ телпегімізді теріс кигізеріне күмәніңіз болмасын.
«Құрылымы мен мазмұны» - деген де дұрыс-ақ бірақ тағы да сол ескі таптау ырыннан аспапты. Ұрпақ тәрбиесі мен білім берудің құрылымы да және мазмұны да баяғы «қызыл империяның құрып берген құрылымынан» тастай қатып айрылмаған екен. Бұл нені көрсетеді? Ақ ниетпен ақиқатын айтсақ, бүгінгі білім беру саласында жүрген «қайраткерлер» бұл мәселені толық түсінбейтіндігі аңғарылады. Әтпесе, жылына ауысқан әр министр келе жасайтын эксперименттерінен ұялар еді?!
Ұсынылып отырған тұжырымдама жобасы – «ғылыми-теориялық әдіснамалық құжат»- делініпті. Сонда, басшылыққа алған теориялық методологиясы қайсы? – дейтін заңды, сұрақ туындайды.
Адамның Тән танымынан басқаны түсінбейтін, Жан мен Рух тәрбиесін таптап отырған, бүкіл Азиялық танымдарды ескермей сыңаржақтылыққа құрылған Еуропацентризм әдіснамасы ма? – деп езу тартып мүсіркеуге тура келеді.
Жоқ!.. «Соқыр көргенінен жазбайдыны» тоқтатып,
«Жансыздан жандының сипатын танитын», Шығыс философиясын бұрылатын мезгіл жетті. Кезінде бұл даналықты Шығыстан үйреніп барған Пифагор өзінің сандық философиясын жетілдірген Платон методологиясының күні туды.
Неге? Өйткені, «Жандыдан – жансыздың сипатын (материя) дәріптейтін» Еуропацентризм методологиясы өзінің өміршеңдігінен айрылғалы қашан?! Оның толып жатқан басқа да кемшілітерін санамаламай-ақ, көтеріп отырған мәселеге байланысты бір ғана әлсіздігін атап өтсек те жетіп жатыр. Ол мынау.
Еуропацентризмнің, бүгінге дейін «адам тәрбиесі дүниеге келген соң ғана басталады» - дейтін тұжырымы, түбегейлі қате болып шықты. – Жоқ, мүлдем олай емес екен! Жан тәрибиесі, оның 12 түрлі арнасы (түйсік, ұят, зерде, мінез, қабілет, жігер және ішкі сезім) тек ана құрсағында ашылатындығы анықталып, адам тәрбиесінің 80% - ы бала жарлық дүниеге келгенге дейін ХХІ –ғасырға созылып өркениетімізде жүргізілмек түгіл, тіпті ойға да келмегендігінен, адамзат баласының санасы сансырап және қоғамдағы арсыздықтың не бір сұрқия түрлері белең алып отыр. Бұл тікелей ана атаулының – «құрсақтағы тәрбиені» білмеуінің салдарынан екені анық. Адам тәрбиесінің осынау жаңа әдісін біздер 15 жыл бұрын дүниеге әкелген едік. Мұны қазір бүкіл жүниежүзі бойынша интернетте – «внутриутробная педагогика» - деп жүргенін «тұжыры» жасаушылар неге байқамады екен? Әлде, түсінбей ме?
Олай болса, тұжырымдамадағы – «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» - деген бөлімі түгелімен сын көтермейді. Жалпы адам тәрбиесінің біздер ұсынған жаңа көзқарасы 1990 жылы екі бірдей ғылыми кеңесте (Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институтында КСРО АПН филиалында) және Оқу министрінің 19 облыстағы білім басқарламаларын жинаған жалпы жиналысында және жоба жеке кітапша етіп жарияланған болатын.
Осы талқыланған «Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық оқу-ағарту жүйесі тұжырымдамасының» негізінде «Ізгілік әліппесі» (1991) атты 2 кітаптан тұратын оқулық және «Халық педагогикасының негіздері» (1995) атты монография жарық көрді. Бырақ, бұл еңбектерді келіп-кетіп жатқан министрлер естісе де елемей, әлі күнге дейін «оқу-ағарту үлгісін» мұхиттың арғы жағынан іздеуінен жалығар емес. Өзіңде барды елемей, өзгеге өзеуреуді қашан тоқтатамыз? Ұлттық ғылымның қай саласын алсаңыз да, осылай мысалдары көп.
Жоғарыда айтылған монографиялық еңбекте, адам тәрбиесінің жаңа методологиясы 2 сатыдан тұрады.
Біріншісі, биологиялық индивид делініп, оадн Жүрек тәрбиесі атты жүйе қалыптасып, ана құрсағындағы тәрбиенің өзіне тән тәсілдерімен жанның арналарын ашады.
Екіншісі, сананы жетілдіру делініп, одан ақыл тәрбиесі атты жүйе қалыптасып, жарық дүниедегі баланы тұлғаландырудың кезеңі басталады. Сонымен қоса, адам тәрбиесінің осы екі жүйесінен оның жеті түрлі негіздері тек физиологиялық кезеңдерге ғана сүйеніп жасалынады. Осы імім ұсынған жаңа технология арқылы, абай ғұлама армандаған «толық адам, нұрлы ақылды» келешек ұрпағымызға еншілеуге болады. Жеті түрлі негіздердің ұрық тазалығы, жан тәрбиесі, нәресте, балбөбек, сәбилік, балиғат, кәмелеттік деп аталынатын физиологиялық кезеңдердің әрқайсысының өзіне тән тәрбие тәсілдерді ұсынылады. Олай болса, бұл методология, тіпті ясли мен бала бақшадағы тәрбиеге де жаңа көзқарас беретінін ескерген жөн. Сондықтан да, тұжырымдамадағы «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» деген бөлімінің сын көтермек түгіл, түп-тамырларымен қате екені көрініп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |