Тәжірибелік сабақта орындалатын тапсырмалар: Әлемдегі әртүрлі мәдениеттердегі сөз әдебі:Әр халықтың өзіне тән сөйлесу мәдениеті бар. Мысалы, Жапониядағы сыпайылық деңгейлері, француздардың сәлемдесу тәсілдері немесе қазақ халқының дәстүрлі амандасуы арқылы ұлтаралық ерекшеліктерді зерттеу;
Сөз әдебі және әлеуметтік желілер:Қазіргі заманғы коммуникацияның басты аспектісі – әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас. Желіде де сөз әдебін сақтау маңыздылығын талқылау, онлайн этикетті түсіндіру;
Тіл мәдениеті және қоғамдық қарым-қатынас:Сөз әдебі тек әдептілік қана емес, сонымен қатар дұрыс, мәнерлі сөйлеуді білдіреді. Ресми және бейресми жағдайларда сөз саптау ережелері, сөйлесу мәнері қандай болу керек ;
Қазақтың ұлттық сөз әдебі:Қазақ халқының бай дәстүрлері бар. Қонақ күту әдебі, үлкенді сыйлау, бата беру, ақ жол тілегендегі сөйлеу мәнері туралы мысалдар келтіріңіз;
Вербалды және вербалсыз коммуникация:Сөз әдебі тек сөз арқылы ғана емес, сонымен қатар дене тілі, ым-ишара арқылы да байқалады. Бұл тақырып оқушыларды вербалсыз қарым-қатынас құралдарымен таныстырады.
Қателіктер мен сөз әдебіндегі жағымсыз үлгілер:Оқушылардың күнделікті өмірде жіберетін қателіктері (сөз қайтару, дұрыс сәлемдеспеу, дөрекі сөздер қолдану) және оларды қалай түзетуге болатыны туралы мысалдар келтіру.