Тұрмыстық, портреттік, интерьерлік, пейзаждық, ғылыми-техникалық, істің жайына қатысты сипаттау болып іштей бөлінеді.
Сипаттау мәтіні
Сипаттау – белгі + белгі + белгі
Менің астымда жортақылау тапал торы ат; жүргіштеу. Ер-тоқымым ескілеу, байлардың малға мінетін ер-тоқымы. Үстімде қонған үйімнен сұрап киген шидем күпі. Қолтығымдағы жыртығынан жел өтіп мазамды алыңқырап келеді. Жолдасым отыз-кырықтардың шамасындағы жер ортасы адам, сиректеу сақал,мұрты бар; кара бұжыр, күлімсіреп дөңгеленіп тұрған қара көзді, пішініне карағанда бір түрлі сөйлемпаз адам секілді.Астында қойшылар мінген қаракер бесті, үсті-үстіне ұрып отырмаса кейін қалып қала береді.