Қазіргі таңда елімізде үкімет пен халық арасында түсініксіз қарым-қатынас. Себебі, мемлекет тарапынан халық үшін жағдай жасалып жатқан сияқты, ал бір жағынан керісінше қарапайым халықтың обалына қалып бара жатқанын байқаймыз. Өйткені, қазір еліңе адал қызмет етіп жүрген, халық жанашырлары, рухты қызметкерлері санаулы ғана. Өтірік айту, біреудің ақшасын жеу, әділеттсіздік, көз бояушылық қалыпты жағдай болып кетті. Білім, медицина салаларында да осындай мәселелер орын алып отыр. Сонда ұлттық санамыз тарылып, ұлттық мүдде, ұлттық мұрат өз құнын жоғалтып бара жатыр ма? «Ұлық болсаң, кішік бол» - демекші туған жеріне, халқына жақын болуға тырыс.
Сөзімді қорытындылай келе, еліміздің ертеңін ойлайтын болсақ, осы мәселелерді шешу жолдарын қарастыруымыз керек. Ұлт болашағы – біздің қолымызда.