Сөз саптау тәсілдері


адам және заттың қасиеттері мен әрекеттері, табиғат



бет3/3
Дата18.11.2022
өлшемі120,61 Kb.
#50993
1   2   3
Байланысты:
Сабақ-8 Сөз саптау тәсілдері-1

адам және заттың қасиеттері мен әрекеттері, табиғат

құбылыстары және т.б.

Негізгі бөлімде: автордың тезистері таратылдып айтылады, негізгі

ойлары дәлелденеді. Дәлелдеме құралдары: статистиклық деректер,

сандар, дәйексөздер. Нысаны жан-жақты ашылып, талданып көрсетіледі.

Автордың ой тұжырымдары басым болады. Сөз таптарының барлығы

(одағайдан басқа) қолданылады. Ғылыми стильге тән сөз оралымдары

қолданылдаы.

Қорытынды бөлімде: затқа не құбылысқа байланысты сөйлеушінің өз

ұжырымы, пікірі түйінделеді.

Қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері:

Сөйлемдер арасын жалғау үшін:өйткені, себебі, нәтижесінде және т.б. Оқиғаның болу себебін, салдарын білдіретін сөздер;

Өз ойын дәлелдеу үшін: пікіріне сүйенсек, пайымдауынша, тұжырымы бойынша және т.б. сілтеме сөздер;

Өз ойын қорыту үшін: салыстыра қарасақ, ойымызды қорыта келгенде, ... деп бағалауға болады .

Пайымдау мәтіні

Пайымдау – мәселе – (тезис) – 1-талдама – 2-талдама – 3-талдама…+қорытынды сөз.

Қазіргі таңда елімізде үкімет пен халық арасында түсініксіз қарым-қатынас. Себебі, мемлекет тарапынан халық үшін жағдай жасалып жатқан сияқты, ал бір жағынан керісінше қарапайым халықтың обалына қалып бара жатқанын байқаймыз. Өйткені, қазір еліңе адал қызмет етіп жүрген, халық жанашырлары, рухты қызметкерлері санаулы ғана. Өтірік айту, біреудің ақшасын жеу, әділеттсіздік, көз бояушылық қалыпты жағдай болып кетті. Білім, медицина салаларында да осындай мәселелер орын алып отыр. Сонда ұлттық санамыз тарылып, ұлттық мүдде, ұлттық мұрат өз құнын жоғалтып бара жатыр ма? «Ұлық болсаң, кішік бол» - демекші туған жеріне, халқына жақын болуға тырыс.

Сөзімді қорытындылай келе, еліміздің ертеңін ойлайтын болсақ, осы мәселелерді шешу жолдарын қарастыруымыз керек. Ұлт болашағы – біздің қолымызда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет