Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту


ІІ. Лексика тарауы бойынша



бет11/13
Дата27.09.2023
өлшемі225,5 Kb.
#110698
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
ІІ. Лексика тарауы бойынша
1-тапсырма.
Берілген мақалдарды аяқтап, олардың тақырыбын анықтаңдар.
Жақсы сөз-..............
Жылы-жылы сөйлесе,.................
Басқа пәле-.................
Аңдаусыз сөйлеген......................
2-тапсырма.
Қарамен берілген сөздер қандай сөздер? Қандай шығармадан екенін айт.
Бадана көзді ақ сауыт,
Бекітіп соққан Ер Дәуіт.
Шығыршығы шираған,
Бадана көзді кіреуке.
3-тапсырма.
Мына сөздердің құрамындағы дыбыстарды пайдаланып, лексикалық мағынасы бар сөздер құрап жазыңдар.
Үлгі: Сандық-сан, дық,мас,ық,нық,саны,т.б
Арғымақ,балалық,тазарту,арманшыл,Ақшұқыр.
4-тапсырма.
Мәтінді көшіріп жазып, мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беріңдер. Синоним, антонимдерді көрсет.
28
Адам баласына адам баласының бәрі – дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, өлуің, көрге кіруің бәрі бірдей. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Бір-біріңе қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің. (Абай)
5-тапсырма.
Төмендегі сөздерді сәйкестендір (синоним, антоним)
Анайы алып
Құпия сыпайы
Ұсақ тұрпайы
Су жүрек жария
Дөрекі қорқақ
Жомарт мырза
Тас жүрек ауқат
Тамақ қатыгез
6-тапсырма.
Мақал- мәтелдерді оқып, мағынасына назар аударыңдар. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді теріп жазыңдар, мағынасын түсіндіріңдер.
Бүтін тұрғанды бүлдірмес болар.
Өрттің өзінен түтіні бұрын көзге түседі.
Әр елдің жауына қарай жауынгері бар.
Кешірімнің ең үлкені – кек сақтамау.
Өсектің өртінен де дерті жаман.
Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.
7-тапсырма.
Дұрыс жауабын белгілеңдер:
1. Тұрақты сөз тіркесін табыңдар
а) көркем ой
ә) көзі ашық
б) қара көк
в) көп түкірсе көл
г) кең жайлау төрі
2. Қай сөз жалпылама қолданылатын сөзге жатады?

29


а) бұрыш
ә) квадрат
б) теңдеу
в) су
3. Диалект сөз қайсысы?
а) камзол
ә) шапан
б) кәжекей
в) костюм
4. Қайсысы мәтел?
а) ер жігіт елі үшін туады.
ә) талапты ерге нұр жауар.
б) таз ашуын тырнадан алар.
в) ер айтпас, айтса қайтпас.
5. Нағыз адамның белгісі – кісілік. Қай сөз түбір күйінде тұр?
а) нағыз
ә) адамның
б) белгісі
в) кісілік
8-тапсырма.
Мәтінді оқып, ат қойыңдар.Тұрақты тіркесті табыңдар. Мәтінді әрі қарай толықтырып жаз.
Индира сабақтан келгенде, анасы тамақ дайындап жатыр екен.
- Кішкенеден кейін тамақ та піседі. Ас піскенше, жүрегіңді жалғай
тұрсайшы, қарның ашты ғой. Бауырсақ же!-деді. Индира апыл-ғұпыл шешінді де, үстел басына отыра кетті. Дәмді бауырсақ оның ішіне ел қондырды.
9-тапсырма.
Үлгі бойынша берілген сөздерге омонимдік талдау жасаңдар.

30


Бытыра І з.е – мылтықтың оғы.
Мерген бытыраны қорғасыннан жасауды тапсырды.
Бытыра ІІ етістік – шашылу, жан-жаққа жөнелу.
Жаяу әскер тау-таумен бытырай келеді.
Біз, жел, қаңтар, қал.
10-тапсырма.
Біліп жүріңдер. Бір санына мағынасы жақын сөздер.
Жалғыз, жалқы, жеке, дара, сыңар, саяқ.
Білекті бірді жығады.
Жалғыз ағаш орман емес.
Жалғыздық құдайға жарасқан.
Жалқы тал. Жалқы жігіт.
Жеке тұлға. Дара басшылық.
Егіздің сыңарындай.
Сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құраңдар.
11-тапсырма.
Екі санына мағынасы жақын сөздер: жұп, қос, егіз, пар.
Жұбын жазбады, қос бармақ, қос етек, қос нүкте, егіз қозыдай, егіз туғандай. Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет