Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту



бет12/13
Дата27.09.2023
өлшемі225,5 Kb.
#110698
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
12-тапсырма.
Сатылай комплексті лексика-грамматикалық талдау жасаңдар.
Үш тоқтам.
Ақыл-арқан. Ой-өріс. Адам-қазық.
13-тапсырма.
Сөздердің омоним, антоним, синонимдерін табыңдар.
Үш тәтті:
Жан Мал Жар
14-тапсырма.
Синонимдерін тауып, сөйлем құраңдар.
Бес аспап, бес батпан, бес биенің сабасындай, бес күндік, бес саусақтай, бес тиынға тұрмайды.
15-тапсырма.
Шешендік сөздің мәнін ашыңдар.
Тыңдалмаған сөз жетім,
Киюсіз тозған киім жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім.

31
Аққу-қазсыз көл жетім,


Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса-бәрінен де сол жетім. (Төле би)
16-тапсырма.
Сөздерге лексикалық талдау жасаңдар.
Ит – жеті қазынаның бірі.
Жеті атасын білген ер.
Жеті жұрттың қамын жер.
Бала жетіге дейін жерден таяқ жейді.
17-тапсырма.
Берілген идиомаларды мағынасына қарай топтап, баламасын табыңдар.
Мұрнын көкке көтеру, қара қылды қақ жарған, ала жіпті аттамау, көз еті өскен, төбе шашы тік тұрды, салы суға кетті, жігері құм болды, ит терісін басына қаптады, сай-сүйегі сырқырады.
18-тапсырма.
Мына сөздер қатысқан фразалық тұрақты тіркестерді тауып, толықтырып жазыңдар.
Тайпалған........ Сүттей.........
Табан ет........... Түймедейді..........
Мақтамен........... Бұғанасы............
Сыртым бүтін............ Сау басына...........
Үмітсіз.......... Құралайды...........
Ауырдың үстімен............ Бас десең...........
19-тапсырма.
Мына сөздердің идиомалық баламаларын тауып, сөйлем құраңдар.
Жылдам, лезде; момын, араз; нанымсыз, қисынсыз; зорға, әрең; батыр, ер; қирату, сындыру; тату, дос; қорқу, аяу, ашулану;
20-тапсырма.
Әр түрлі ғылым саласына байланысты термин сөздер жазыңдар, олардың бас әріптерінен «Терминдер» деген сөз шығатын болсын.

32
Т-


Е-
Р-
М-
И-
Н-
Д-
Е-
Р-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет