Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту



бет10/13
Дата27.09.2023
өлшемі225,5 Kb.
#110698
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
d181d0b0d182d18bd0bbd0b0d0b9-d182d0b0d0bbd0b4d0b0d183-d0b0d0bdd0b0d180

Ұлылардан ұлағат
13-тапсырма.
Ұлағатты сөздерді оқып , дәптерлеріңе көшіріп жазып, естеріңе сақтап жүріңдер. Авторына математикалық талдаудың белгісіздік түрімен өрнекте.
Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шақырады.Оған жету үшін талмай ізденіңдер»,- дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады. (Ғ.Мүсірепов)


Мақал – сөздің мәйегі
14-тапсырма.
Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндір. Асты сызылған мақалдағы сөздерді буын түрлеріне талда, дыбыс үндестігіне талда.
26
Ырыс ауысады, білім жұғысады.
Жігітке жетпіс өнер де аз.
Достың ақымағынан, дұшпанның ақылдысы жақсы.


Фонетика жыр жолдарында
15-тапсырма.
Төменде берілген үлгі бойынша өлең шумақтарын құрастырып көр.Әдебиет теориясын еске түсір.Дауыстыдан бір өңкей басталған өлең тармағы, бір өңкей дауыссыздан басталған өлең тармағы не деп аталады?
Ана деген ардақты ат,
Ананы жүр ардақтап.
Ана есімі тұрады,
Асқарлы шыңдай асқақтап.

Сұрақтар мен тапсырмалар


1. Дауысты, дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Оларды қалай ажыратамыз?
2. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстарды неше топқа жіктейміз?Себебін түсіндір?
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай қалай жіктеледі? Оларды бір-бірінен қалай ажыратамыз?
4. Дауысты дыбыстардың ерін мен езудің қатысына қарай жіктелуінің себебі неде?
5. Дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбыстардан қалай ажыратуға болады?
6. Үн мен салдырдың қатысына қарай неше топқа жіктеледі?
7. Айтылу, жасалу жолына қарай неше топқа жіктеледі? Себебін түсіндір.
8. Дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай қалай жіктеледі?
9. Белгісіздік тәсіл дегенді қалай түсінесің? Шешу жолдары қандай? Шартты белгілері ше?
10. Буынның қандай түрлері бар?

27
11. Фонетикалық талдаудың қандай сатылары бар?


12. Екпіннің қазақ тіліндегі орны қандай?
13. Үндестік заңының неше түрі бар?
14. Дыбыс үндестігі қандай түрлерге бөлінеді?
15. Тасымалдауға болмайтын жағдайларды атап көрсет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет