Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту


Өтірік өлең айтып ел қараттым



бет9/13
Дата27.09.2023
өлшемі225,5 Kb.
#110698
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
d181d0b0d182d18bd0bbd0b0d0b9-d182d0b0d0bbd0b4d0b0d183-d0b0d0bdd0b0d180

Өтірік өлең айтып ел қараттым...
8-тапсырма.
Өтірік өлеңдерді оқып, жатқа айтып беруге дағдылан, көп нүктенің орнына қандай сөз қойылатындығын тап та, сол сөзге математикалық талдау жаса.
«Малдың бәрі семірді...
Ерледім,-деп қуанды шопан-дағы-
Сиыр болып ешкілер меңіреді,
Түйе болды қой өсіп қотандағы.»


Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы
9-тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап ал.
Асты сызылған сөздерді буын түрлеріне талда.
Бір ғылыман басқаның
Кеселі көп асқанға
Одан үміт, кім қылар,
Жол табар деп сасқанда?
Үйтіп асқан жолығар
Кешікпей-ақ тосқанға. (Абай)


Табиғат-тылсым дүние
10-тапсырма.
Жылдың қай мезгілі суреттеліп тұрғанын айт, өзіңе ұнайтын жыл мезгілі туралы әңгімеле,қалаған сөзіңе математикалық талдау жаса.
Сонсоң дүниені мәңгі жастыққа бөлеген маужыр мезгіл басталады. Маужыр мезгіл Алтай өңірінде бөлекше ғой. Білесіз бе, мұндайда бұл мезгіл әлдеқайда ерте түседі де, созалаңдап жатып қалады. Шіркін, сары алтындай шағылысқан табиғаты қандай керемет! (О.Бөкеев.)


Тарих соқпақтарынан
11-тапсырма.
Берілген даталарды есте сақта, қосымша қандай мәлімет қоса алар едің?Асты сызылған сөздерге математикалық талдау жаса.
25
1690 жыл шамасы - Әз-Тәуке хан Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолы» заң үлгілерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» аталатын заң жүйесін енгізді.
1698 жылы – Дүрбің – Ойрат Қалмақтар Шу, Талас өзендері бойына басып кіріп, Қазақ Ордасын шайқалтып кетті.
1710-1711 жылдары – Қалмақтардың жаңа жорығы басталды.


Ойлан, тап!
12-тапсырма.
Берілген жұмбақтарды жаттап, шешуін табыңдар, шешуі болған сөзге фонологиялық талдау жаса.
1. Ана ауылдың бурасы,
Мына ауылдың бурасы
Желкілдейді шудасы.
2. Тізіле өскен тісі бар,
Көп істеген ісі бар.
3. Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет