Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін оқыту



бет13/13
Дата27.09.2023
өлшемі225,5 Kb.
#110698
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
d181d0b0d182d18bd0bbd0b0d0b9-d182d0b0d0bbd0b4d0b0d183-d0b0d0bdd0b0d180

21-тапсырма.
Мәтіннен көнерген сөздерді табыңдар. Қандай шығармаларда жиі ұшырайтындығын айтыңдар.
Алтыбақан Сүйіндік аулынан қашаңдау жерде екен. Ойынға жиналған жастар қалың көрінеді. Кәмшат бөрік, мақпал шапан, жібек шапан киген қыздар көп. Шолпылары тоқтаусыз шылдырлайды. Ақ шаршы, кестелі кимешектерін әсем ғып салған күлкішіл келіншектер көп.
22- тапсырма.
1. Мәтінді оқып, синоним сөздерді теріп жазыңдар.
2. Синоним және синонимдік қатар туралы айтып беріңдер.
Күн артынан күн келді.Бірақ жаңғырар дүние жоқ. Қалың жұртың қорлықта, зарда, ит кешуде жатса, қасқырдай шауып, жауша тонап, тойымсыз, тынымсыз бүліктер жүр. Базаралыдан әмір күтіп жатқан жігіттер келіп болмады.Сол себепті Базаралының белгісіз ісі әлі аз күн аял күтіп, іркіліп тұрған-ды. (М.Әуезов)

33


23-тапсырма.
Мына сөздердің тура мағынасын табыңдар:

  1. тәтті ұйқы. Тәтті қиял, тәтті..........

  2. ашық мінез, ашық әңгіме, ашық...........

  3. иненің көзі, байлықтың көзі, көзі.........

  4. өткір ой, өткір мінез, өткір..........

  5. алыс арман, алыс туыс, алыс...........

  6. қалың ел, қалың ағаш, қалың.............

24-тапсырма.
Сөздердің синонимдік қатарларын толықтырыңдар.
әңгімелеу, .........
аяқтау, ..........
ауыру, ...........
әрең, ...........
басқару, ..........
көмек, ...........
оқымысты, ............
тынығу, ...........


25-тапсырма.
Мақал-мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді табыңдар, ол қай сөзбен антонимдік мағына құрайды?
1. Арқанның ұзыны жақсы,
Әңгіменің ........... жақсы.
2. Дұшпанға тастай қатты бол,
................... балдай тәтті бол.

  1. Ақыл-дос, ашу-............

Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
.............. көрген-білгенін айтады.

  1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,

34

















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет