8-сыныптың қазақ тіліне арналған жұмыс дәптері.
І. Фонетика тарауы бойынша.
1-тапсырма. Мақал-мәтел мәйегі.
Мақал-мәтелдерді оқып, мазмұнын айт. Қалаған сөзіңді математикалық талдаумен өрнекте.
Қонақ келсе, құт келер.
Асыққан жолаушы атына теріс мінеді.
Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді.
Атты қамшымен айдама, жеммен айда.
Ата мұраң-асыл қазынаң.
2-тапсырма. Бесік жырын оқып, тағы қандай түрін білетініңді айт. Белгіленген сөзді математикалық талдаумен өрнекте.
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем,жылама,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Зерделі сөзге зер сал.
3-тапсырма.
Жеті қазынаға не жатады? Осы жеті сөзге фонологиялық талдау жаса.
Ата салтыңды сақта!
4-тапсырма.
Төменде берілген тыйым сөздерді жаттап алыңдар. Асты сызылған сөздерді математикалық талдаумен өрнекте.
Тұзды,күлді баспа.
Отты,күлді шашпа.
Бөркіңді теріс киме.
Бос бесікті тербетпе.
Шапанды желбегей жамылма.
Үйде ысқырма.
23
Зерделі сөзге зер сал.
5-тапсырма.
Оқып, мазмұнын аш.Өзіңе ұнаған сөздерді дәптеріңе жазып ал да, жатта. Қалаған сөзіңді математикалық талдаумен өрнекте.
Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашар. (Б.Момышұлы)
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. (Абай)
Сөз көңілге сипат жағының көркемділігімен, мағына жағының күштілігімен жағады. (А.Байтұрсынұлы)
Мақал-сөздің мәйегі.
6-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап ал, мағынасын түсіндір. Дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсет.
Екі тентек елге сыймас.
Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады.
Арыстанның ойынынан түлкінің мойны үзіледі.
Аттан тай озады, атадан бала озады.
Ас – адамның арқауы.
Шешенің судай төгілген.
7-тапсырма. Шешендік сөзді оқып, мазмұнын айт. Асты сызылған сөздерге фонологиялық талдау жаса.
Алда келе жатқан Шатайға Жәңгір хан бірде:
- қара тазыдай сумаңдап алға шыға бермей , қатарда жүрсең не етеді?-депті. Сонда ханның жанындағы жарамсақ билердің сыртынан ханға шағыстырып келе жатқанын сезген Исатай батыр:
- Алдыңғы қыран бүркіттей қылаңдап мен келе жатқанда, артыңда қарғылы төбеттей сүмеңдеп төрт биің келе жатқанда көктен құдай, жерден құмай алар деп қорқып келесіңбе?-деген екен.
24
Достарыңызбен бөлісу: |