Сөзжасамдық ҰЯ Ұлу


Жылжу Жылжы етістігінің қимыл атауы. 1



бет2/4
Дата12.02.2023
өлшемі119,5 Kb.
#67320
1   2   3   4
Байланысты:
СӨЗЖАСАМДЫҚ ҰЯ ТАЛДАУ СӨЖ

Жылжу Жылжы етістігінің қимыл атауы. 1.Қозғалу, орын ауыстыру. Бұл арада көп күтіп жату болмады. Не де болса ілгері жылжу керек (К.Қазыбаев, Дәуір.). 2.Қимылдау, әрекет ету Ажал-бүркіт, адам-жан, жылжуға келмес әл-шамаң, Жуасып талай тарпаңдар, Тырп ете алмай еліккен. 3.ауыс. Өзгеру, уақыт өту. Өмір өтіп, жылжуда көш ілгері, Өзің жаққан сәулеңді өшірмеді. 4. инф. Базалық адреске салыстырмалы түрде компьютердің жадындағы мәліметтің орнын нұсқайтын және нақты адресті есептеуге пайдаланатын сан.
Жылжи-жылжи үст. Ақырындап жылжып отырып. Күн артынан күн өтті, Кетті бала еңбектеп, Жылжи-жылжи есіктен Жетті ақыры төрге ептеп (О. Шипин, Дастан.).
Жылжы= ет. 1. Бір нәрсенің белгілі бір бағытқа қарай баяу жүруі, ақырындап қозғалуы. Қарсы соққан өткір дауылдан ығыса, бастарын төмен салған өгіздер әрі жылжиды (М. Хасенов, Тұлпар.). 2. Тұрған орнынан қозғалу, жүре бастау. Поезд жылжығанда перронда тұрғандардың біразы күліп қол бұлғасты (М. Дүйсенов, Гүлжан.). 3.Жыбырлау, жүргенін білдірмеу. Дөңгелек, жарасымды ақ келбетің, Жүресің жылжып қана әсем басып. 4. Қозғалу, орнын ауыстыру. Аспанда бұлттар тұтасып, Әлі де тұр ғой жылжымай. 5. Ағу, құйылу. Кірпіктен үзіліп түскен тамшы жас көз құйрығындағы әжім сызатын қуа төмен жылжыды (Ә .Сәрсенбаев, Капитан.). 6. Өту. Апасының жаны қандай берік, неше күн болды, тамағынан сүттен өзге сұйық зат жылжымайды дейді (Р. Тоқтаров, Ертіс.). 7. Жоғарылап көтерілу, алға ақырындап сырғу. Сағаттың тілі, тіпті, жылжымай қойды (Н. Ғабдуллин, Сар. жапырақ). 8. ауыс. Өзгеру. – Айлар түгіл жылдар өтсе, жылжыр ма екен орнынан! (М. Әуезов, Қараш.). 9. ауыс. Уақыт өту, жайлап өмір өту. Көптен күткен қаһарлы ауыр, суық сағат жылжып келіп жетті (М. Әуезов, Қараш.)
Жылжығансы= ет. Жылжыған түр көсету, жылжыған сияқты болу. Қазіргі қарқыны мардымды емес, қарсы алдындағы қарды алдындағы қарды аршып алып, содан соң ғана жылжығансымақ болады (О.Бөкеев, Біздің жақта.).
Жылжығыш сын. Жылжымалы, жылжитын. Барлық су сол маңдағы есебінде, Суарса қайда, нелер өсетін де Дәл болжап, жылжығыш құм арасында Біледі елдің қонып, көшерін де (С.Мұқанов, Шыңнан шыңға).
Жылжығыштық зат. Жылжымалылық қасиет. Азотты тыңайтқыштардың тез жылжығыштығы оларды күздік бидайды үстеп қоректену ісінде тиімді етеді (Қ.Амантаев, Суармалы егіс.).
Жылжыма зат. кен. Беткейдегі тау жыныс массасының ауырлық күшінің, оған қоса тасымалдайтын көліктің, үйіндінің, жару жұмыстарының әсерінен баяу жылжып сырғуы. Оны жылжыма дейді де, ал ол жылжыған қабат бетін сырғанау беті немесе ығысу беті деп атайды (Қаз. тілі термин. Кен.).
Жылжымайтын: жылжымайтын мүлік. экон. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі жер мен басқалай табиғи жайылымдар, жерге заттық құқықтар, сондай-ақ, жерде орналасқан, соған тікелей байланысқан кез келген мүліктер. Жылжымайтын мүлік нысандарының жалпы құны 99 миллион бельгиялық франк болған («Егемен Қазақстан»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет