Специальность "6M075000-Метрология" 1,5 года


Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруде өнімнің сапасын жақсартудың маңызын сипаттаңыз



бет13/30
Дата13.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#56883
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
12.Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруде өнімнің сапасын жақсартудың маңызын сипаттаңыз
Қазіргі уақытта республикада негізгі ережелерді Дүниежүзілік сауда ұйымының халықаралық талаптарымен жəне қағидаттарымен сəйкестендірілген мемлекеттік стандарттау жəне сертификаттау жүйелерінің заңнамалық негізі құрылған. Осы мақсатпен «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы əзірленді. Республикада мемлекеттік стандарттау жəне сертификаттау жүйелерінің негізін құраушы стандарттарын халықаралық баламалармен үйлестіру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде Республикада 39 мыңнан астам саналатын нормативті құжаттардың атаулары, оның ішінде: 3700 стандарттау жөніндегі мемлекеттік нормативті құжаттар (шамамен 700 мемлекеттік стандарт, 3000-нан астам техникалық шарттар, ережелермен ұсыныстар); 20000 мемлекетаралық стандарт, 15000-ға жуық шетелдік стандарттар жəне 4000 халықаралық стандарттар бар нормативті құжаттар қоры (Мемлекеттік стандарттар қоры) құрылды. Алайда, бар қор Қазақстанда қолданыстағы нормативтік құжаттарды халықаралық, талаптармен үйлестіру жөнінде жұмыстар жүргізу үшін шетелдердің халықаралық, өңірлік жəне ұлттық стандарттарымен жеткілікті толықтырылмаған. Алдағы кезеңде Мемлекеттік стандарттар қорын (бұдан əрі - МСҚ) кеңейту жəне жаңарту қажет. Экономиканың түрлі салаларында стандарттау жөнінде жұмыстар жүргізу мақсатында қызмет саласына мемлекеттік стандарттарды əзірлеу жөніндегі жұмыстар мен халықаралық стандарттауға қатысу кіретін 40 стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер құрылды. Алайда, стандарттау жөніндегі балама техникалық комитеттерді басқа да қамтылған салаларда құру қажет. МСҚ кеңейту жəне жаңарту жөніндегі, сондай-ақ ақпарат алмасу жөніндегі жұмыстарды толық көлемде жүргізу үшін МСҚ ақпараттық жүйесінің техникалық жабдықталуын жаңғырту жəне оны дамыту жөнінде жұмыстарды жалғастыру қажет. Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттармен сəйкестікті бағалау рəсімдері туралы ДСҰ –на мүше мүдделі елдерді ақпараттандыру үшін Техникалық реттеу жəне метрология комитетіне бағынысты кəсіпорын негізінде аккридиттеу, стандарттау, метрология жəне сертификаттау мəселелері бойынша ДСҰ-мен өзара іс-əрекет жөніндегі ақпараттық орталық құрылады. Қазіргі уақытта ақпараттық орталық қажетті бағдарламалық өнімдермен, библиографиялық жəне толық мəтінді дерекқорымен толық жабдықталмаған. Мүдделі тұлғаларды нарық жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында республикада шығарылатын өнімді каталогтау жүйесі құрылды жəне жүргізіледі. Қазіргі уақытта жүргізілуімен көкейкестілігі жалғастырылуы қажет өнімнің 3 электронды каталогы құрылған. Республикада түрлі ведомстволармен əзірленген 25 сыныптауыш қолданыста, олардың 10-ы мемлекеттік мəртебеге ие. Техника-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтаудың бірыңғай жүйесін құру қажет. Отандық өнімнің бəсекеге қабілеттілігі өндірісте сапа менеджменті жүйесінің болуына тікелей байланысты болады. Республикада қазіргі уақытта ISO 9000 стандартына сəйкес сапа менеджменті жүйесін шамамен 116 кəсіпорын ғана сертификаттайды, олардың ішінде нақты секторды тек əрбір салада 3-4 тен ғана. Сапа менеджмент жүйелерін енгізуде кəсіпорындардың қызығушылықтарының төмендігінің негізгі себептерінің бірі сапа саласында саясатты əлсіз насихаттау мен ғылыми-əдістемелік базаның болмауы болып табылады. Таяу жылдарда отандық өнімнің бəсекеге қабілеттігінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету үшін кəсіпорындарда сапа менеджменті жүйелерін жəне қоршаған ортаны қорғауды енгізумен сертификаттау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік қолдау қажет. Қазіргі уақытта жалғастырылуы қажет өнеркəсіптің басым салалардағы кəсіпорындарда 9000 жəне 14000 сериялы ISO халықаралық стандарттарын енгізу кезінде туындайтын мəселелерді талдау жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізіледі.
1996 жылдың шілдесінде Қазақстан сыртқы сауда режимі туралы меморандумын жəне басқа да құжаттарды (заңдыжобалық жұмыстар жоспарын, жекешелендіру, салық салу, санитарлық жəне фитосанитарлық шаралар, стандарттау жəне сертификаттау, зияткерлік меншікті қорғау жəне т.б.) жұмыс тобы мүшелерінің қарауына жіберді. Осы уақыт аралығында Республикадағы сыртқы сауда режимі жəне заң шығару базасы талқыланған бес отырыс болып өтті.
Бағдарламаны орындаушылар Қазақстан Республикасының индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі, министрліктер мен ведомствалар. Қаржыландыру көзі болып мемлекеттік бюджет табылады. Бағдарлама толық орындалған күнде келесі жетістіктерге қол жеткізуге болады. Атап айтқанда:
- мемлекеттік жəне халықаралық стандарттар негізінде бəсекелік қабілетін жəне тұтынушылық қасиеттерін арттыру;
- стандарттарды халықаралық талаптарға теңестіру арқылы саудадағы техникалық кедергілерден құтылу;
- техникалық реттеу, стандарттау жəне сəйкестікті бағалау жұмыстарын халықаралық тəжірибеге біртіндеп алмастыру;
- салаларда стандарттау қызметтерін, жаңа техникалық, оның ішінде халықаралық деңгейдегі комитеттерді құру;
- жергілікті, ұлттық жəне халықаралық ұйымдармен əріптестікті нығайту; біртұтас ақпараттық аймақ құру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет