Специальность "6M075000-Метрология" 1,5 года


Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтаудың эксперттік әдісін түсіндір



бет9/30
Дата13.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#56883
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
Специальность 6M075000-Метрология 1,5 года

7.Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтаудың эксперттік әдісін түсіндір.
Сапа көрсеткіштері - дегеніміз өнімнің тағайындалымын, сенімділігін, технологиялығын, стандарттау және унификаттау деңгейін, эргономикалық, эстетикалық, экологиялық қасиеттерін, патентті- құқықтық аспектілерін, көліктік тасымалға жарамдылығын, қауіпсіздігін, экономикалық өлшемдерін сипаттайтын өзара байланысқан көрсеткіштерінің жиынтығы.
Экперттік әдісте ақпараттарды алу кезі бойынша, көрсеткіштер тұралы шешім эксперттермен қабылданады, Бұл енді басқа да жоғары объективті әдістермен кәрсеткіштөрді анықтау мүмкін нақты көз қарасын болмағанда қолданылады.


8. Өнімнің сапасын бағалаудың статистикалық әдістері туралы не білесіз
Статистикалық әдістер үдерістің сан және сапа сипаттамаларын дұрыс бағалауда маңызды рөл атқарады және өнімнің сапасын қамтамасыз ету жүйесі мен сапалы басқарудың бүкіл үдерісінің ең бір маңызды элементі болып табылады. Э. Деминг халық санағын жүргізу бюросында көп жыл бойы жұмыс істеп, деректерді статистикалық өңдеу мәселесімен айналысқан. Ол статистикалық әдістердің маңызына ерекше назар аударды. Сапалы өнім алу үшін қолда бар жабдықтың нақты дәлдігін білу, таңдалған технологиялық үдерістің дәлдігінің бұйымның қажет дәлдігіне сәйкестігін анықтау, технологиялық үдерістің тұрақтылығын бағалау керек. Көрсетілген мәселелер негізінен көп рет өлшеп алынған эмпирикалық деректерді не болмаса бұйымдардың нақты көлемдері немесе өңдеудің қателігі не өлшеудің қателігі математикалық өңдеу арқылы шешіледі. Қателіктің жүйелі және кездейсоқ деп аталатын екі түрі болады. Жүйелі деп мөлшері бойынша тұрақты немесе белгілі бір заң бойынша өзгеретін қателік аталады. Жүйелі қателік басым факторлардың шектеулі санының іс-қимылының салдары болып табылады. Осы факторларды әрқашан тауып жоюға болады, сол себептен жүйелі қателіктер де жойылады. Осы қателікті құралдардың дәл емес реттемелену, өлшеу құралын қате орнату, өңдеудің қате технологиясын пайдалану себебінен, сыртқы факторлардын ықпалынан, субъективтік себеп бойынша пайда болады. Жүйелі қателіктер өлшеуге қателіктің көзін жою, өлшеу үдерісінде қателікке жол бермеу, өлшеу нәтижесінде белгілі бір өзгеріс енгізу арқылы жойылады. Кездейсоқ деп кездейсоқ іс-қимыл жасайтын көп факторға байланысты пайда болатын мөлшері мен белгісі бойынша тұрақсыз қателіктер аталады, мұның өзінде жалпы бірде-бір фактор басым болмайды. Кездейсоқ қателікті толықтай жою мүмкін емес. Алайда оларды, мысалы, неғұрлым дәл және қатаң жабдық қолданып, технологиялық өңдеу тәртібін қатаңдатып азайтуға болады. Әрбір кездейсоқ қателіктің мағынасын алдын ала анықтауға болмайды. Ықтималдық теориясы мен статистика әдістерінің көмегімен кездейсоқ жиынтық қателіктің өзгеру шегімен мағынасын шамамен бағалауға ғана болады. Факторларды тікелей қадағалау, өлшеу немесе тіркеу нәтижесінде статистикалық жиынтықты құрайтын және осы жиынтық сипаттайтын параметрлерді жүйеге келтіру мен жіктеу, есептеу, үдерісті көрсететін кесте, график жасау кіретін өңдеу қажет көп дерек алынады. Сататистикалық жиынтықтың неғұрлым толық сипаттамасын кездейсоқ мөлшердің ықтималдығын үлестіру функциясы береді. Алайда іс жүзінде үлестіру параметрі деп аталатын сан сипаттамаларының шектеулі саны пайдаланылады. Осы параметрлерді үш сыныпқа бөлуге болады, олар мынаны сипаттайды: 1) топтастыру орталығын; 2) шашыраңқылық мөлшерін – вариация дәрежесін; 3) ықтималдылықтарды үлестіру нысанын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет