Байланысты: Специальность 6M075000-Метрология 1,5 года
Паретодиаграммасы (Pareto diagram), оның авторы итальяндық ғалым-экономист Паретоның (1848-1923) атына осылай аталған, шығындардың шамасын олардың әртүрлі ақауларына байланысты көрнекі таныстыруға мүмкіндік береді. Осының арқасында ең бірінші осы ақауларды жоюға назар аудару керек, себебі олар үлкен шығынға әкеледі. Бұл ақаулардың себебін анықтау үшін қосымша себеп-салдарлық диаграмманы қолдану орынды. Ақаулардың себептері мен жоюды анықтағаннан кейін қабылданған шаралардың тиімділігін тексеру мақстаында қайтадан Парето диаграммасы құрылады.
Себеп-салдар диаграммасы (cause and effect diagram) ең үлкен шығындарға әкелетін ақауларды талдауда қолданылады. Ол осындай ақаулардың себебін анықтауға және осы себептерді жоюға назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл ретте фактордың төрт негізгі себептері талданады: адам, машина (құрал), материал және жұмыс әдісі. Бұл факторларды талдауда ақауға немесе жоюға жататын екіншілік, мүмкін үшіншілік себептер туындайды. Сондықтан ақауларды талдау үшін және диаграммаларды құру үшін жіберілген ақауларға қатысы бар болуы мүмкін себептердің ең көп санын анықтау керек.
Балық қаңқасы түріндегі мұндай диаграмманы жапондық ғалым Каору Исикава ұсынған. Бұл диаграмманы сонымен қатар «тән факторлардың бұтақты сұлбасы» деп те атайды. Кейде оны негізгі факторлардың құрамы Man (адам), Method (әдіс), Material (материал), Machine (машина) бойынша «төрт М» диаграммасы деп те атайды, Исикава диаграммасын қараңыз.
Гисторгамма бағана тәріздес кестені көрсетеді және белгілі уақыт кезеңінде (апта, ай, жыл) жиіліктің қайталануы бойынша параметрлердің нақты мәндерін таратудың көрнекіік суреті үшін қолданылады.
Кестеге параметрлердің қосымга мәндерін енгізгенде бұл параметр ықтимал диапазонға қаншалықты жиі түсетінін, шектік мөлшерде ауысатынын немесе оның мөлшерінен шығатынын анықтауға болады.
Аталған «Жеті құрал» сапаның туындаған көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі. Біршама күрделі мәселелерді шешу үшін қосымша «Сапаны бақылаудың жеті жаңа құралы» қолданылуы мүмкін: тартқыштық диаграммасы, тәуелділік диаграммасы, ағаш тәріздес диаграмма, матрицалық диаграмма, жебе тәрізді диаграмма, үрдісті бағалауды жоспарлау диаграммасы, матриуалық мәліметтерді талдау.
Статистикалық әдістерді тереңінен үйрену үшін арнайы әдебиетке, сонымен қатар статистикалық әдіс жөніндегі ИСО 10017 халықаралық стандартын қараған жөн.
Халықаралық деңгейде статистикалық әдістер саласында стандарттаумен ИСО/ТК 69 «Статистикалық әдістерді қолдану» стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйымның техникалық комитеті айналысады. Бұл комитеттің материалдары жұмыс түрі бойынша статистикалық әдістерді қолданумен байланыстылар үшін қызығушылық тудыруы мүмкін.