Аталған статистикалық әдістерден басқа, сапаны бақылау мен басқару үшін «Шесть сигм» және Тагути әдістері қолданылады.
«Шесть сигм» әдісі технологиялық үрдіссті өнімдердің істен шығу ықтималдығын төмендету мақсатында статистикалық басқару үшін пайдаланылады.
Өндірісте үрдістерді дәстүрлі статистикалық бақылау өнім бөлігі мен оны тестілеуді кездейсоқ таңдаудан тұрады. Ауытқулар үздіксіз шектілікке тексеріледі және қажет болған кезде жарамсыз бөлшектерді шығарғанға дейін түзетіледі.
14.Сапа басқарудағы Э.Деминг принціптері туралы не білесіз?
Жапон елінің өнімдері жоғары сапалы екені бəріне белгілі. Кез келген мекемеде жұмыс ағысы, ұжым ішіндегі қарым қатынасы, өнімділігі тағы да басқа сипаттамалары тікелей басқармамен немесе меңгеру тəсілдерімен байланыстырылады. Егер қызметкер қанағаттанған болса ол өз басқармасына алғыс айтады, ал егер қызметкер қанағаттанған болмаса, онда ол басқармасын мақтамайды. Екі жағдайда да қызметкердің пікірі дұрыс. Осыны белгілі американдық ғалым зерттеп, талдап, нəтижелерін іске асырған Эдвард Деминг. Э. Деминг Вайоминг, Колорадо жəне Йель университеттерінде білім алған ғалым. Сапаны меңгеру теориясын шығарған. 1946 жылы Жапонияға барып өз теориясын тəжірибе жүзінде іске асырады. Жапондықтар Деминг теориясын қабылдап барлық өндірісті соған көшіреді. Осы күнге дейін жапон компаниялары осы жүйемен жұмыс жасап келе жатыр. Демингтің он төрт принциптері бар. Олар:
1. Өнімнің келешегін бағдарлау;
2. Ақаулы өнім өндірісінен толық бас тарту;
3. Бақылау органдары тарапынан тексеруді тоқтату. Еңбек процесіне қадағалау жүргізу;
4. Бұйымның жеткізу санын қысқарту;
5. Ақаудың негізгі екі көзін табу мақсатында статистикалық 2 əдісті қолдану: а) Өндіріс механизмінен болатын ақаулар;
б) Жергілікті кемшіліктерден болатын ақаулар.
6. Жұмысшыларды үздіксіз кəсіптік тұрғыдан оқыту;
7. Басқарудың барлық фазаларында, шешім қабылдаудың барлық этаптарында статистикалық бақылау əдісін қолдану;
8. Жұмысшылардың төтенше жағдайлары үшін түсініктемелер жазу жəне жұмысқа келмей қалуларына байланысты жазалау сияқты үрейлердіруді жою атмосферасын орнату;
9. Өндірістік процеске қандай да бір жетістіктер енгізуге, ізденіске талпынушыларға жан-жақты көмек беру;
10. Еңбек өнімділігін арттыру туралы ұрандарды қолданбау, егер басшылық тарапынан осы ұрандарға сəйкес нақты əрекет жасалмаса;
11. Еңбек ету əрекеті əдістерін үнемі жетілдіріп отыру, ескіріп қалған əдістерден бас тарту;
12. Жұмысшыларды сапаны статистикалық бақылау негізімен тікелей оқытуды ұйымдастыру;
13. Қызметкерлерді материал, дизайн, жабдықтау жəне өндіру əдістері тұрғысынан қарқынды қайта дайындау жүйесін ұйымдастыру;
14. Қызметкерлердің білімін жұмыс барысында барынша пайдалану. Демингтің ең негізгі концепциясы сапаны процестің басында жəне бойында енгізу. Деминг сапаны тек соңында қадағалаумен келіспейді. Егер сапа шарттарын орындаса, оған барлық жағдай жасаса, онда өнім нəтижесінде, яғни шығар алдында сапалы болады деп есептеуге болады. Көтпеген мекемелерде сапаны тек өнім шығар алдында ғана қадағалайды. Бұл жағдайда нəтиже кездейсоқ болу ықтималдығы өте жоғары. Тағы да бір маңызды принцип ол көлденең-əріптестік қарым-қатынас. Көптеген жерде басқарма бəріне «мұрынсалып» қадағалағысы келеді. Ол кейбір жағдайларда кедергі болу мүмкін. Бұл жағдайларды тікелей байланыстарды үзіп көлденең байланыстарды ұйымдастырау қажет. Адам психологиясын жақсы зерттеген Деминг, қызметкердің ынтасын ақшадан артық қою, ол адамның өз қабіліттерінің жүзеге асырылуы деп есептейді. Егер қызметкер өз еңбегімен алға ұмтылысын көретін болса, онда оның жұмысқа ұмтылысы əлдеқайда жоғары болатынын белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |