Американдық компаниялардағы сапаны басқару формалары, өнімнің өлшемі, көлемі мен номенклатурасындағы, ұйымдастыру құрылымы типіндегі, техникалық процестердегі жəне т.б. факторлардағы айырмашылықтарға байланысты əртүрлі болады. Бұл факторлар шектеулер қойып, компанияның өзгешелігіне өнім сапасын басқару жүйесінің қатал түрде енгізуін қажет етеді. АҚШ компаниялары мен фирмаларында, «Ақауларды болдырмау жолымен сапаны жақсарту», «Нөлдік ақаулар» атауларына ие болған сапа басқару əдістері мен бағдарламалары кең таралды.
1940-1950ж.ж. бастап АҚШ өнеркəсібі үшін маңызды мəселелер болып, сапаның төмен деңгейінің салдарынан туатын үлкен шығындар саналды. Қарапайым американдық кəсіпорынның барлық шығындарының 20-50% өнім ақауларын анықтау мен жоюға кеткен. АҚШ-тың көптеген мамандары төмен сапаны, американды өнімнің бəсекегеқабілеттілігі мен еңбек өнімділігінің өсуіне басты кедергі деп санады. АҚШ-тағы сапа мəселелері шешімін көбінесе түрлі қолдампаздық (протекционистік) өлшемдерден, американдық өнімді бəсекелестерден қорғайтын тарифтер, квоталардан табуға тырысты. Ал сапаны жоғарылату жөніндегі сұрақтар екінші кезекке қалдырылған.
АҚШ фирмаларының тəжірибелі басқарушылары американдық тауарлар сапасын келесідей мəселелерге көңіл бөлу арқылы жоғарылату қажеттігін түсінді:
1. жұмысшылардың уəждемесі (мотивация);
2. сапа үйірмелері;
3. өнім сапасын басқаруға жүйелі қарау;
4. қызметкерлер мен басқарушылардың түсінушілігін жоғарылату;
5. сапа шығындарын есептеу;
6. сапаны жоғарылату бағдарламалары;
7. материалды ынталандыру.
1980ж. бастап АҚШ-та сапа мəселесін айқын түсіне бастады. Американдық өнеркəсіпте ресурс, потенциал мен жоғары буын басшысы бар. Жаңа технология мен өнімнің жаңа түрлерін өңдеуге көп қаржы жұмсау, сонымен бірге, өнім мен жұмыс сапасын жоғарылатуда ортақ қызығушылықта орнатылған, жұмысшылар мен бсқарушылар арасындағы жаңа қарымқатынастар, АҚШ-тағы жаңа технологиялық өзгерістер үшін алғы-шарт жасайды. АҚШ мамандары сапа басқаруды жетілдіруге зор үміт артады, олар бойынша, басшылық санасының түгелдей өзгеруін, ұжымдық мəдениетті толықтай қайта қарауды жəне күштің тұрақтылығын білдіруі керек. Заңды жəне атқарушы билік тарапынан ұлттық өнім сапасын жоғарылату сұрақтарына көңіл бөлу – елдің экономикалық дамуындағы жаңа құбылыс. Сапаны жақсарту үшін жалпы ұлттық науқандардың басты мақсаттарының бірі – «Ең алдымен – сапа!» деген ұранды жұмыс кезінде іске асыру. Осы ұранмен жыл сайын, бастамашысы Сапа бақылау бойынша Американдық ұйым (СБАҰ) болған, сапа айлықтары өткізілді. СБАҰ – 1946ж. құрылған елдегі алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық ұйым.
Сапа саласындағы АҚШ тəжірибесін талдай отырып, оған тəн келесідей ерекшеліктерді белгілеуге болады:
- математикалық статистика əдістерін қолданумен өнім сапасын қатал түрде бақылау;
- өндірісті көлемдік жəне сапалық көрсеткіштер бойынша жоспарлау процесіне көңіл бөлу, жоспарларды іске асыруды əкімшілік бақылау;
- фирманы жалпылама басқару.
АҚШ-та қолданылатын өнім сапасын үздіксіз жоғарылатуға бағытталған шаралар, Жапония мен АҚШ арасындағы сапа деңгейінің мүмкіндігін байқауға арналған.