Ауыл шаруашылығы сапаны басқарудың жүйелі объектісі ретінде азық-түліктегі, шикізаттағы тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру ал қызметтер тәуелсіз мәселе ретінде қарастырылмады, САПАНЫҢ салалық категориялары әрқашан билік құрылымдарының, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің және олардың серіктестерінің назарында болған. Сондықтан сапаға, ең алдымен азық-түлікке қойылатын талаптар көптеген ережелерде көрсетілген. Ауыл шаруашылығындағы сапа мәселесі өте маңызды, өйткені ол адамдардың өмірлік мүдделерін анықтайды. Мемлекеттің аграрлық азық-түлік саясатының сәттілігі немесе сәтсіздігі, оның әлемдегі орны сапаны басқару деңгейіне байланысты.
Ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс сапасының төмендігі өнім шығындарының артуына алып келеді.
Ауыл шаруашылығындағы сапаны басқаруды тұтынушының мүддесі үшін азық-түлік, ауылшаруашылық шикізаты мен қызметтер нарығында бәсекеге қабілетті өнім алу процесіне зияткерлік әсер ету жүйесі ретінде түсіну керек. Бұл әсерлер өнімді өндірудің барлық тізбегімен бірге жүреді: дизайн, өндіріс, логистика, сату және қайта өңдеу.
Өндірістік кәсіпорындар нарықтық өзгерістерге тез жауап беретін және қатаң бәсекелестікті жеңе алатын өндіріс жүйесін құруы керек. Мұндай стратегия Market-In (тұтынушыға бағдарлану) деп аталады. Оның ерекшеліктері:
Жақсы сапаны тезірек және арзанырақ жасау мүмкіндігі
Тауарлардың әртүрлілігін арттыруға жауап беру мүмкіндігі
Тауарлардың қызмет ету мерзімін қысқартуға жауап беру қабілеті
Бұл жүйе қажетті тауарларды қажетті уақытта тек қажетті мөлшерде өндіруді қамтамасыз етеді.
1. Бекер ештеңе жоқ тиімді өндіріс жүйесі:
2. Дайын өнімді жеткізудің ең аз мерзімі бар өндіріс жүйесі
3. Икемді өндіріс жүйесі
“Сапа ұстаздары” және олардың концепциялары, философиялық тұжырымдары қандай?
Сапаны басқару теориясымен танысқан уақытта негізінде оның менеджментпен байланысы туралы сұрақ туады. Сапаны басқару мен жалпы менеджмент жүйесі арасындағы байланысты көру үшін сапаны басқару эволюциясының тәсілдерін қарастырған жөн.
Сапаны басқару дайын өнімнің шығу сапасынан басталды. Әр жеке бұйымның сапасын басқарудың механизмін 1905 жылы Фредрик Уинслоу Тейлор жүйесі берді. Бұл жүйе өнім сапасына талапты, калибр деп аталатын, шаблон түрінде бекітті. Бақылауда мамандар (инспекторлар) орындайды. Тейлор жүйесі өнімді сапалы және сапасыз (брак, дефект) деп бөлді.
Сапаны басқаруда санақ басы ретінде алынған Тейлордың ғылыми басқару мектебі жалпы менеджменттің де негізі. Тейлор жүйесі «жұмысшының өз ойын және жүйелі есеп, өлшеуден кейінгі пайдалы қолдануға болатын амалын» ауыстыратын заң мен ережені негізге алған.
1950 жылдардың ортасына дейін сапаны басқару өнімнің сапасына ғана келіп тірелген және мәселенің инженерлік-техникалық жағына ғана жатқызылған. Ал бұл уақытта жалпы менеджмент мәселесі социалды-психологиялық реңдегі ашық ұйымдастыру кезеңінде ғана еді.
Сапаны басқару облысы, әсіресе бақылау әдістері (В.Шуберттің бақылау картасы, Г.Додж бен Г.Ромингтің таңдап бақылау таблицасы т.б.), түскен кезде жалпы менеджментте «классикалық әкімшілік мектебі» пайда бола бастады. Оның негізгі бағыттары:
— басқару функциясын сипаттау;
— басқару принциптерін дамыту;
— басқару ұйымын бір жүйеге келтіру.
Бірақ сапаны басқару мен жалпы менеджменттің жолы бөлініп кетті деуге болмайды. Оның мысалы ретінде Гариннгтон Эмерсонның негізі толық, дәл, әрдайымғы есеп болатын еңбек өнімділігін тұжырымдауы немесе Генри Фордтың дамыған стандарттауға сүйенген ұйымдастыру принциптері.
Сапаны жалпы (жаппай) бақылау моделі (Total Quality Control) 50-ші жылдардың басында Арманд Фейгенбаумсапаны жалпы бақылауды өнімнің сапасының проблемасын шешетін және оның бағасы тұтынушының, шығарушының, дистербьютердің пайдасына тәуелділігіне байланысты болатын жүйе деп ұғынды. Фейгенбаум сапаны өндіріс бұйымының соңғы нәтиже ретінде емес, оның әрбір шығу этапында қарастыруды ұсынды. Осы концепция бойынша жалпы сапаны бақылау мына түрде болады: