Джон Рэббитжәне Питер Бергх Жаппай сапаны басқаруды 7 факторға бөлген:
1. тұтынушының сұранысына қарай бейімделу
2. үрдіс пен оның нәтижесін бағдарлау
3. жұмысқа қатысу мен жауапкершілікті басқару
4. үзіліссіз жетілдіру
5. жұмысшыға байланысты проблемалар 20%-дан аспау керек
6. өлшеулерді өткізу
7. жұмыстың сапасын жақсартуды ұжымдық ұйымдастыру.
дан бастап ұйымның жеке функционалды бағыттарға бөле бастады.
Сапаны анықтау әдістері қандай? Аралас әдіс деп нені айтамыз?
Əртүрлі фирмалар мен өндірістік орындар сапаны жақсарту бағытында көптеген əдістерді қолданады. Осындай əдістерді шартты түрде 3 топқа бөлуге болады.
1. Сапаны қамтамасыз ету əдістері;
2. Сапаны жандандыру əдістері;
3. Сапа жөніндегі жұмыстардың нəтижесін бақылау əдістері.
Сапаны қамтамасыз ету əдісімен инженерлік-математикалық əдістер тығыз байланысты, онда өнімнің(жасау, дайындау, сынау, өңдеу) циклдік процестерді талдауы жатады.
Жандардыру əдістеріне мотивация əдісі тікелей қатысты, сонымен қатар, сапаны жақсарту үшін арнайы жасалған (мысалы, мемлекеттік жəне бүкілəлемдік масштаб, сапа жөніндегі ұлттық сыйақылар).
Бақылау əдісіне өнімнің сапасын бағалау əдісі кіреді(экономикалық көрсеткіштерді талдау, өнімнің құжаттарын тексеру жəне сапа жүйесі) сонымен қатар, өнімнің өзінің сапасын бақылау жатады. Əртүрлі əдістер бір уақытта əртүрлі топтар құрамында болуы мүмкін. Осындай əдіске сапа ұйымдары, сапа мəселесін шешу жəне фирма қызметкерлерінің шығармашылық белсенділігін жандандыру құралдары кіреді.
Статистикалық əдістерге бақылау əдістері жəне сапаны қамтамасыздандыру əдістері жатады. Өзін-өзі бақылау əдістері соңғы уақытта кең тараған əдістердің бірі болып табылады. Ол бір уақытта жоғарғы үш топқа да қатысты қызмет атқара алады. Өнімнің сапа деңгейі келесі əдістермен белгіленеді: дифференциалды, құрастырма жəне аралас.