Спортшылардың дене дайындығы дайындықтары туралы түсінік



бет10/16
Дата19.04.2022
өлшемі105,14 Kb.
#31430
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Волейболшыларды дене дайынды ы ж не тактикалы дайынды тарыны

2.2 Зерттеулерді ұйымдастыру
Кез келген спорттық жаттықтыру ағзаның қалыпқа келу процесінің фазалығы мен әртүрлілігін есепке алу негізнде ұйымдастырылуы керек. Мәселен, дене жүктемесінің бағыттына қарай адам ағзасы оған әртүрлі жауап қатуы мүмкін. Егер дене жүктемесі анаэробты сипатта болса, онда адам ағзасының анаэробты сипаттағы қызмет атқаратын мүшелеріне күш түседі. Осыған байланысты ағзаның біркелкілеу жұмыстың қозғаушы күштері аэробты және аралас сипаттағы, аз шаршайды және келесі жұмысқа неғұрлым тезірек дайын болады. Жаттықтырушы жұмысының басты міндеті жаттықтыру процесі кезінде жаттығудың түрлі бағыттарын жетістікке жету үшін қолдана шебер білуінде болып тұр.Кез-келген спорттық жаттықтыру процесінде ағзаның жұмыс жасаудың жаңа шарттарына үйрену фазасын ескерілуі қажет. Сағаттық белдеудің, дене жүктемелерінің басты компоненттері мен бағыттының өзгеруі, жаттықтыру процесіне енгізілген жаңалықтар алғашқы кездері қиын соғатыны белгілі. Осыған байланысты ағзаның бейімделуінің фазалық сипаты алғашында үш, кейін жеті немесе он төрт күнге дейінгі аралық белгілеунуі тиіс. Дәл осы күндері «жаңашыл» ағзада белгілі жүктемелерге деген жағымсыз реакцияны тудырады, сондықтан да олар жаттықтыру процесін жоспарлаған кезде есте болуы керек .

Спорттық жаттықтыруды өткізу кезінде келесі ережелерді сақтаған жөн.

а) жаттығу процесінің жиілігі мен қарқындылығы аз болған сайын, дене жүктемелерін дамыту фазасы ұзақ болады;

б) жаттығу сабақтары мен демалыс уақытты неғұрлым тығыз болған сайын, толқынның ауытқу периоды соғұрлым қысқа болады;

в) дене жүктемесінің көлемі көбейсе, оның қарқындылығын арттыру мүмкіндігі төмендейді.

Жалпы, жоғарыда аталған заңдылықты жүзеге асыру жолдары жаттықтыру процесінде қолданылатын дене жүктемесі динамикасының толқындылығын қамтамасыз етеді.Ұсынылып отырған жаттықтыру процесінің циклдігі заңдылығының негізін шеңбер тәріздес ретпен кезектесетін жаттықтыру процесінің аяқталған әсерін қамтамасыз ететін спортшының іс-әрекеті құрайды.Мұнымен бірге, келесі цикл алдыңғы циклдың заңды жалғасы болып табылады және бір мезетте жаттықтыру процесінің даму тенденциясын, яғни алдыңғы циклдің жаңартылған мазмұнын, әдістер мен тәсіл құрамының ішінара өзгеруін, дене жүктемесінің артуын білдіреді. Жаттығуды ұйымдастыруда динамикалық сипаттарын мен қайталануының үндесуінен көп жағдайда оның тиімділігінің шешу шарасы айқындалады.Бұл заңдылықтың қызмет атқаруы

«жоқты жоққа шығару» философиялық заңының көрініс табуы мен әсер

етуімен байланыстыруға болады.Оның іс жүзінде қызмет атқару үшін:



Біріншіден, спорттық жаттығу кезінде оның негізгі элементтері ауық-ауық қайталанып отыруы тиіс (дайындық түрлері, жаттығу номенклатурасы және т.б.);

Екіншіден, спорттық жаттығу процесі өзара байланысқан төмен, орта және үлкен жаттығу циклдерінен тұру керек. Бұлар өз кезегінде келесі объективті жағдайлардың әсер етуіне тікелей байланысты.

Кіші жаттығу циклдері – жаттықтыру сабақтарының тиімділігін басқару қажеттілігіне байланысты, орта циклдер – адам ағзасында жатығу компоненттерін өзгертуден туындайтын бейімделуді ескеру, ал үлкен циклдер – спорттық формаларды иелену қажеттілігі мен оны сақтап қалу мүмкіншілігінен шығатын жаттығу процесін басқару ерекшелігі мен фазалығы ескерілуі керек.



Үшіншіден, үлкен жаттығу циклдеріне фазаның ауысу заңдылығы, спорттық жаттығудың көп жылдық процесі ретінде оның кезеңдері, мезгілдері ескерілуі керек. Қорыта келгенде, жоғарыда аталған жаттықтыру процесінің циклділігі заңдылығын іске асыру жолдары спорттық жаттығудың қайталанатын сипатын кезектестіруге көмектеседі және осыдан туындайтын кәсіби мәселелерді шешуге қолайлы болатын базаны жасауға септігін тигізеді. Мұның нақты мазмұны жатықтыру процесін құрудың құрылымдық негізінің әрбір бөлігін талдау кезінде айқын ашылады, ол сондай-ақ жаттықтыру процесін басқарумен байланысты болатын арнайы тараудың басты мәселесін құрайды. Осылайша, жаттықтыру процесінің заңдылықтары мен оларды жүзеге асыру жолдары көп қырлы әрі қиын. Оларды сауатты түрде және бұлжытпай орындау спорттың қай түрінде болмасын кез келген спортшының алдына қойған асқақ міндеттерді бағындыруға өз септігін тигізері хақ.

Жалпы жоғарыда көрсетілген заңдылықтарды жүзеге асыру жолдары спортшының жалпы және арнайы дайындығының арақатынасын қамтамасыз етудің оптималды шарасын қамтамасыз етуге бағытталған.Осылайша спорттық жаттықтырулар алға қойған мақсат пен міндеттердің ерекше жүйесімен, жоғары спорттық жетістіктерге жетуге бағытталған мамандандырылған құралдар мен әдістерді қолданылуымен сипатталады.

Қорыта келе, жоғарыда аталған жолдар спорттық нәтижеге әсер етудің маңызды әдістері мен тәсілдерін қолдануды қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет