Спортшылардың дене дайындығы дайындықтары туралы түсінік


ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСУЫ



бет9/16
Дата19.04.2022
өлшемі105,14 Kb.
#31430
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Волейболшыларды дене дайынды ы ж не тактикалы дайынды тарыны

2 ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСУЫ

2.1 Зерттеу әдістері

Жекелеген спортшылардың нәтижелерін эксперименттік жолмен алынған және 1,2,3 кестеде көрсетілген мәліметтермен салыстыру негізінде шынығу дәрежесіндегі және ойын әдістері бойынша техникалық дағдыланудағы жетіспей жатқан кемшілктерді анықтауға болады. Мұндай бақылауларды жүргізу үшін төмендегідей сынақтар жасауға болады.

Шапшаңдықтың даму дәрежесін аныктау үшін мынадай бақылау жаттығуы жасалады: ойыншы волейбол алаңының алдыңғы сызығының орта тұсынан біртіндеп қозғалып белгіленген жеті нүктенің әрқайсысына қолын тигізіп, бұрынғы орнына қайтып оралады. Оның уақыты секундомермен өлшенеді. Бұл бақылау сынағы арнаулы әдебиетте «шырша» жүгірісі деп аталған. Жылдамдық күш жағынан волейболшылардың даярлық дәрежесін ауыр қол добын лақтыру нәтижесіне қарай анықтайды. Оны еденде отырған қалпы бастан асыра екі қолмен және орнынан секірген қалыпта лақтырады. Сондай-ақ, Р.М. Абалаковтың методикасының көмегімен анықталатын бір орынан жоғары секіру көрсеткіші де ескеріледі. Үш рет қайталанғанан кейін үздік көрсеткіш тіркеледі.

Секіруге төзімділік ең жоғары биіктіктің 98 процентіне тең болатын секіру санымен анықталады. Қарқыны 2-3 секундта бір рет секіру. Волейболшылардың техникалық даярлығы волейболдан спорт мектептеріне арналған бақылау сынақтарының негізінде анықталады.

1. Ойынға қосылған допты төменнен екі қолмен қабылдап 6 зонадан биіктігі1,5-3 метрге дейін жететін керілу тұрған жіптен асыру (5 рет).

2. Екі қолмен допты жоғарыдан 2-3 зонадан 4-ші зонаға биіктігі 3 метргекерілу тұрған жіптен асыру. Жіпті Г тәрізді торға ілулі түрған антеннамен іскеасырады, шабуыл жасау (5 рет).

1. Екі қолмен 4-ші және 2-ші зонадан 4-ші немесе 5-ші және 2-ші немесе 1-ші зонаға шабуыл жасау (5 рет)

1-кесте. Волейболшылардын куш-сапасынын -өсу деңгейі.





Бақылау сынағының түрлері

Спорт шебері

1 разряд

2 разряд

3 разряд

1

«Шырша» жүгірісі (сек)

23,8+0,09

25,2+0,009

25,0+0,11

27,5+0,27

2

Аяқтың 5-ші еттер тобы (кг)

5,83+0,009

5,16+0,04

5,16+0,04

1,92+0,04

3

Қолдың 4-ші еттер тобы (кг)

2,54+0,05

2,39+0,04

2,32+0,04

1,92+0,04

4

10-шы еттер тобы (кг.)

8,56+0,16

8,03+0,08

7,86+0,10

6,37+0,12

5

Қатты допты отырып лақтыру (м)

9,93+0,21

9,35+0,10

8,76+0,21

6,93+0,12

6

Қатты допты секіріп лақтыру

16,99+0,24

15,48+0,23

13,72+0,21

10,05+0,18

7

Орында тұрып биіктікке секіру (см)

76,4+0,94

67,5+0,64

63,7+1,37

53,4+0,83

8

Биіктіке секіріп жету (м)

3,09+0,02

2,96+0,01

2,86+0,01

2,74+0,01

9

Секіру төзімділігі (рет саны)

22+0,8

14,4+0,5

12,2+0,4

10,6+0,30

2. 6-шы зонаға бағытталған шабуылға тоскауыл (5 рет).

3. Допты ойынға қосу (жоғарғы, төменгі бір кырындап) 4-ші және 5-шізонаға бағыттау.

2-кесте. Волейболшылардың техникалык дайындык сапасынын есу деңгейі



Бақылау сынағының түрлері

Спорт шебері

1 разряд

2 разряд

3 разряд

Допты екі қолмен

4,14+0,09 3.18-0.13 :

2,84+0,1

2,32+0,10

1.

төменнен қабылдау (5 рет)







3




2.

Допты екі қолмен жоғарыдан беру (5 рет)

4,18+0,09

3,80+0,10

3,08+0,13

2,78+0,10

3.

Шабуыл соққысы (5 рет)

4,55+0,05

3,76+0,13

3,30+0,1 9

2,76+0,10

4.

Шабуыл соққысына тосқауыл (5 рет)

4,31+0,14

2,94+0,10

3,10+0,1 0

2,18+0,10

5.

Допты ойынға қосу (5рет)

4,76+0,03

3,86+0,10

3,54+0,1 0

2,70+0,10

6.

Техникалық көрсеткіштердің қосындысы

(25 рет)

22,52+0,23



17,54+0,19

15,32+0,38

12,70+0,26

Динамометрлік зерттеу В.М.Аблаков жүйесіндегі динамометрді пайдалана отырып Б.М. Рыбалконың әдісімен жүзеге асырылды. Осы әдістеменің көмегімен санның, тізенің, оң аяқтың табанынының иықтың бүгіліп, жазылу, серпімділік күші, сондай-ақ иықтың, бүғананың, кеуде тұсы мен қолдың бұлшық еттерінің даму дәрежесі анықталады.

3 кесте. Волейболшылардың ойын козғалысының нәтижелері

Р.с.

Статистикалық параметр

Спорт шебері

1 разряд

2 разряд

1.

Допты ойынға қосу

46,6+3,72

51,5+3,72

32,6+4,05

2.

Допты қабылдау

66,34+4,26

57,0+4,53

56,9+4,05

3.

Шабуыл соққысы

71,5+3,04

62,7+4,59

48,6+3,65

4.

Тосқауыл

49,6+5,07

38,1+2,63

30,6+3,24

5.

Допты беруді аяқтау

93,5+1,96

77+44,05

77,2+4,05

6.

Қорғаныс қозғалысы және сақтану

48,1+2,84

31,4+2,97

34,4+4,80

7.

Жалпы ойын көрсеткіші

62,4+0,95

52,9+0,98

45,8+0,60

Спорттық жаттықтырудың негізгі мақсаты – өзінің рухани байлығы мен моральдық тазалығын сақтай отырып, әрі ішкі жан дүниесімен үйлесім таба алатын және жоғары спорттық көрсеткіштерге қол жеткізетін спортшы даярлап шығу.Спорттық жаттықтырудың негізгі міндеті кәсіби тұрғыдан маңызды педагогикалық проблеманың екі тобы: жалпы және арнайы міндеттерді шешу болып табылады.Спорттық жаттықтырудың жалпы міндеті жеке тұлғаның дене тәрбиесін эстетикалық және еңбек тәрбиесімен үйлестіре, ұштастыра отырып қалыптастыру екені даусыз.

Бұлардан басқа бұл міндетке спортпен шұғылданушылардың барлығын қамтитын білімділік және сауықтыру міндеттері де бар. Спорттық жаттықтырудың арнайы міндеттеріне спортшының психологиялық, теориялық, техникалық, тактикалық даярлығын қажет ететін спорттың барлық түрінде туындайтын кәсіби мәселелермен байланысты жағдайлар жатады.Спорттық жаттықтырудың көмекші формасы ретінде табиғат күштері (күннің, ауа мен судың шынықтыру қасиеттері), жеке бас гигиенасы, қоғамдық гигиена, спортшының күн тәртібі, қайта қалпына келу мүмкіндіктері, әдістері, оқу-жаттығу залдарының материалды техникалық жағынан жабдықталуы маңызды роль атқарады. Спорттық жаттықтырудың көмекші формасының негізгі міндеті - спортшыға қолайлы жағдай туғызу.

Спорттық жаттықтырудың жалпы педагогикалық әдістемесі болып сөздік, көрнекі, сенсорлық-түзетуші әрекет құралдарының көмегімен, сондай-ақ психологиялық тұрғыдан әсер ету, байланыс жасау болып табылады. Спорттық жаттықтырудың негізгі компоненті денеге күш салу мен демалыс болып табылады. Дене жаттығуларының спортшы ағзасына әсер ету шарасы денеге берілетін жүктеме деп аталады және ол өзгерістер нәтижесінде жүйеленеді:

• орындалатын жаттығулар сипаттамасы (жаттығулар соған сай, жекелей және жалпы әсерлі болуы мүмкін);

• орындалатын жаттығулардың жиілігі (жаттығу темп пен жылдамдықтың өзгерісіне орай орындалады);

• орындалу ұзақтығы (сондай-ақ жаттығудың орындалу ұзақтығы жүктеме шамасын айқындайды);

• демалыстың ұзақтығы мен сипаттамасы;

• жаттығуды қайталау саны.

Дене жаттығуларының көрсетілген белгілерінің қалай басқарылуына байланысты оның бағыты да өзгеріп отырады. Спорттық іс-әрекеттің тәжірибесінде оның келесідей әртүрлілігі қабылданған (4-кесте)

Дене жүктемесінің мамандандырылуынабайланыстымамандандырылған және мамандандырылмаған денеге берілетін жүктеме деп бөлінеді. Мамандандырылған жүктеме спорттың нақты түрлеріне тән, әсіресе, спортшының жауаптылығы және жарыстарға қатысуына байланысты белгілерімен ерекшеленеді. Ал мамандандырылмаған денеге берілетін жүктемеге мұндай ерекшеліктер жатпайды.

Дене жұмысының бағытына қарай денеге берілетін жүктеме аэробикалық, аралас, анаэробно-гликолитикалық, анаэробно-алактадикалық және анаболитикалық болып бөлінеді. Бұл жүктемелердің сипаттамасы ережеге сай сол және одан да басқа тапсырмаларды орындау орнына байланысты жүрек соғысы жиілігімен (ЖСЖ) айқындалады. Мысалы, денеге берілетін жүктеме жүрек соғысының жиілігі минутына 130 рет орындалса, онда ол аэробикалық жұмысқа, минутына 130-дан 150-ге дейінгі жүрек соғысының жиілігі аралас, 150-ден 180-ге дейінгі жүрек соғысы анаэробно-гликоликалық, минутына 180-нен 200-ге дейінгі жүрек соғысы анаэробно-алактадикалық, жүрек соғысының жиілігі минутына 200-ден жоғары болса анаболикалық жұмыстарға жатады. Спорттық жаттықтырулардың тәжірибе жұмыстары мен жүрек соғысының жиілігі бойынша денеге берілетін жүктемелерді бағалау деңгейінде басқа да классификациялардың орны ерекше. Мысалы, минутына 110-нан 130-ға дейінгі жүрек соғысының жиілігі бойынша орындалған денеге берілетін жүктемелер сол бағыттағы жұмыстарға, 130-дан 150-ге дейінгі жүрек соғысының жиілігі бір деңгейлі бағыттағы жұмыстарға, 150-ден 180-ге дейінгі жүрек соғысы гликолитикалық бағыттағы, ал ең соңында жүрек соғысының жиілігі минутына 200-ден жоғары болса алактадикалық бағыттағы жұмыстарға жатады.

Денеге берілетін жүктеменің координациялық күрделілігіне байланысты спорттың күрделі түрлеріндегі техникасында өз орны бар жоғары, орта, кіші координациялық күрделіліктегі денеге берілетін жүктемелерді ажырата білу қарастырылған. Денеге берілетін жүктемелерді осылайша ажыра білу жаттықтыру процесін жоспарлау стратегиясын басқара білуге мүмкіндік туғызады.

Денеге берілетін жүктеменің орындалу көлемінеқарай үлкен, орта және кіші денеге берілетін жүктемелерді ажырата білу қарастырылған. Көбінесе, мұндай көрсетілімдердің аясында денеге берілетін жүктемелердің күштілігі мен жиілігінің бағасы негізінде құрылған басқа да классификациялар қолданылады. Осыған байланысты денеге берілетін жүктемелерді орындалуына қарай максималды, субмаксималды, үлкен және шектелген жиілікті (күшті) деп бөледі .Ең соңында спортшы ағзасына дене жатығуларының әсер ету сипаты денеге берілетін дамытушы немесе қалыптастырушы жүктемені ажырата алу үшін қолданылады, олар бір-бірінен мынадай жағдайларға: біріншісі ағза қызметі мен жүйесін дамытуға бағытталған, ал екіншісі тапсырмаларды орындаудың негізгі параметрінің тұрақтылығы үшін қолдау қызметін орындауына байланысты ажыратылады.

Осылайша спорттық жаттықтырулар алға қойған мақсат пен міндеттердің ерекше жүйесімен, жоғары спортық жетістіктерге жетуге бағытталған мамандандырылған құралдар мен әдістерді қолданылуымен сипатталады.Спорттық жаттықтыру заңдылығы – құбылыстың міндетті түрде орындалу ретін айқындайтын ішкі өзара байланыс. Спорттық жаттықтыру заңдылығы құбылыстар арасындағы себептердің айқын тізбегін көрсетеді. Спорттық жаттықтыру заңдылығы үш деңгейде көрініс табады. Олардың пайда болу деңгейін жалпыға ортақ, жалпы және жеке дара деп айқындайды. Жалпыға ортақ заңдылықтарға философия ғылымы зерттейтін табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын, жалпы заңдылыққа – қоғамның белгілі бір саласында (мысалы, экономика, мәдениет, спорт саласы ретінде – дене тәрбиесі), ал жеке дара заңдылықтарға спортшыларды дайындаудың нақты формасын бейнелейтін заңдылықтарды жатқызуға болады. Оған мысал ретінде спортшыларды дайындаудың негізгі формасы – спорттық жаттықтыру деп танылады.

Келесісі спорттық жаттығулардың заңдылықтарының бірі – жоғары деңгейлі жетістікке жету бағыты, тереңдетілген мамандандыру және жекелендіру.Мұндай заңдылық негізінде спортшының ең жоғары спорттық нәтиже көрсетуге бағытталған іс-әрекеттерінің заңдылығы жатады. Бұл көп кезде мемлекет, құрлық, әлем рекордын жаңартумен ғана емес, сонымен қоса өз рекордын жаңартуымен де сипатталады. Жоғарыда айтылған нұсқауларды іске асыру кезінде соңғы жайт маңызды роль атқарады. Себебі жеңіс – өзіңді жеңуден басталады.

Бұл заңдылықтың жүзеге асуы объективті үш себеппен түсіндіріледі:

біріншіден, спорттық жаттықтырудың жоғары мақсатына жетуді қамтамасыз ету спортшының өз қабілетін толық дамытқан кезде;

екіншіден, спорттық жаттықтырудың жоғары мақсатына жетуді қамтамасыз ету спортшының жаттығу кезінде адам мүмкіндігінің шегіне жақындататын дене жүктемелерін орындағанда;

үшіншіден, спорттық жаттықтырудың жоғарғы мақсатына жету үшін универсалды спортшы болу мүмкін емес екендігін түсінгінде ғана жетеді. Бұлар: себептерге әсер ететін міндеттер, себептерді (мотив) қанағаттандыру ерекшеліктерін білу және ескеру, жаттыққандық даму темпінің ерекшелігін ескеру, көп жылдық дайындық ерекшелігін есептеу, жалпы және арнайы дайындық мәселелерін шешу, жарыс және мадақтаудың ерекше жүйесін қалыптастыру деп бөлінеді.Бұл себептердің жоғарыда аталған заңдылықтарға объективті әсер етуі жаттықтырушыға жаттықтыру процесінде қолданатын әдістер мен тәсілдерді анықтауға көмектеседі. Негізінен кәсіби тұрғыдан ең маңыздысын келесідей міндеттериемденеді:

- кез келген спорттық жаттықтыру дайындалушылардың себебін (мотивтерін) қанағаттандырудыңартықшылықтарын білу мен ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Спортшының дәл осы немесе басқа спорт түрімен шұғылдану себебін айқындаудан басқа маңызды мәселе педагогикалық тұрғыдан айшықталған себепті ескеру және жаттықтыру процесін спортшының толықтай қанағаттандыратындай етіп ұйымдастыру қажет.

- кез келген спорттық жаттықтыру жаттыққандық дамуының екпінін ескере отырып ұйымдастырылуы қажет. Әрбір спортшының дара ерекшеліктеріне байланысты жаттыққандық дамуының қарқыны әртүрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты дене жүктемесіне әсер ететін мүмкіндігінің реакциясын болжай білу қажет.

- кез келген спорттық жаттықтыру спортшының көп жылдан бергі дайындық кезеңдеріне байланысты болатын ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі керек. Спортшыны шеберлікке тәрбиелеу мен спорттың ұзақ өмірін сақтап қалуға ұмтылмаған, әрі спортшыны даярлау болашағына назар аударылмаған, аз уақыттық нәтижеге жетуге бағытталған мүдделілік спорттық жаттықтыруда орын алмауға тиіс.

- кез келген спорттық жаттықтыру процесі спортшының арнайы немесе жалпы даярлық мәселесін шешуге мүмкіндік беретіндей немесе өз үлесін қосатындай етіп ұйымдастырылуы қажет.

- соңғысы, адамның кез келген спорттық іс-әрекеті жеңімпазды мадақтау мен жарыстың ерекше жүйесінегізінде ұйымдастырылуы қажет.

Спорттық жаттықтыру заңдылығының бірі арнайы және жалпы дайындық бірлігі –адамның жан-жақты дамуы мен спорттық мамандығының арасына дәнекер болатын адамның іс-әрекеті негізінде жасалады. Бұл заңдылық үш себептің әсерінен жүзеге асады:

біріншіден, морфофункционалды нышан мен негізгі дене қасиеттерінің дамуы арасындағы объективті байланыстардың болуы. Бұл салада ең жақсы морфофункционалды көрсеткіштер адамның дене дамуының жоғары деңгейінде жүзеге асатындығын көрсететін тура тәуелділік бар.

екіншіден, объективті тұрғыда қозғалыс дағдыларының қалыптасу заңдылықтарының бар болуы. Адамның қозғалыс тәжірибесі неғұрлым көп болған сайын, ол адамды жаңа қозғалысқа үйрету соғұрлым оңай болады. Яғни, жаттықтырушы мен спортшының қозғалыс қорын мүмкіндігінше кеңейтуі оның жалпы дайындық деңгейінің өсуіне әкелетіндігі түсінікті жайт.

үшіншіден, әлеуметтік тәрбиелеу жүйесінің объектиті талаптары. ОГ-тан қауіпсіздігі мен еңбегіне өз азаматтарын даярлау мақсаптында кез келген елде спортты кешендер құрылған. Бұл кешендердің алға қойған негізгі мақсаты – ел азаматтарын жан-жақты етіп тәрбиелеу мен дамыту. Жас жеткіншектерді тәрбиелеу саласы ретінде бұл мақсаттар міндетті түрде жүзеге асырылады.

Спорттық жаттықтырудың бұл заңдылығы келесі талаптарды орындаған кезде ғана жүзеге асады:

- Спорттық жаттықтыру процесінде арнайы және жалпы дайындықтың

теориялық, психологиялық, тактикалық, техникалық мәселелері шешілуі тиіс. Оған оқу-жаттықтыру уақыты бөлінеді, сонымен қатар арнайы әдістер мен тәсілдер қарастырылады;

- кез келген спорттық жаттықтыруда жаттыққандықты жағымды көтере білуді қамтамасыз ететін жалпы дайындық жаттығуларының деңгейінен арнайы-дайындық жаттығуларына, олардан жарыс жаттығуларына апаратын шаралар қабылдануы керек. Бұл шаралар қозғалыс дағдыларының жағымсыз жағдайларын көтере білуді шектей білулері керек.

- спорттық жаттықтыру спортшының дайындық құрылымына қойылатын талаптарды есепке алу негізінде орындалуы керек. Ол әр спорт түрінде әртүрлі (мысалы, бессайысшыларда басқа, жеңіл атлеттерде басқа) болады, әрі спортшының дайындық кезінде ескеріліп отырады.

-спорттық жаттықтыру процесі спортшыларды даярлау көлемін тиімділеу мәселесі шешімін табатындай етіп ұйымдастырылады. Спортшыларды даярлау көлемін жоспарлау мәселесі тым өткір. Оның көлем есеьінен шексіз өсуі мүмкін емес. Осы себепті жаттықтыру процесін тиімді етіп ұйымдастыру мәселесі – өзекті мәселеге айналуы тиіс.

-спорттық жаттықтыру процесі спортшының жеке дара ерекшеліктері ескерілетіндей болып ұйымдастырылуы қажет. Ең алдымен әрбір спортшының морфофункционалды ерекшеліктері маңызды болып табылады. Морфофункционалды көрсеткіштері жоғары спортшылар төмен көрсеткішке ие басқа спортшылармен салыстырғанда жалпы дайындықтың аз ғана мөлшеріне мұқтаж. Жаттықтыру процесінің үздіксіздігізаңдылығының негізінде спортшының өткізілген сабақтардан алатын жаттықтырудың тиімдлігінің сабақтастығына қажетті деңгейде жағымды қарым-қатынас жасайтын іс-әрекеті жатады. Тәжірибе жүзінде жаттықтыру әсерінің келесідей үш түрін ажыратып көрсетеді. Олар: жақын, тастап кеткен және жинақталған.Берілген заңдылықтарды жүзеге асыру спорттық нәтижелердің тұрақсыздығымен байланысты және бұл үшін оларды жақсы деңгейде ұстауға бағытталған шараларды қолдану қажеттігі туындайды.Тәжірибелік жұмыстарда төмендегідей шараларды жүзеге асыру маңызды орын алады:

Спорттық жаттықтыру дене жүктемесін орындаудан кейінгі ағза жүйелері мен дене мүшелерінің қайта келуінің бірдей еместігін (гетерохронностью) ескере отырып өткізілуі қажет. Мұның негізінде ерекше жаттығулардың жүйесі мен оларды орындау тәсілі таңдалынып алынуы қажет. Жоғары кәсіби спортшы дайындау процесі кезінде спорттық жаттықтырулар жеткілікті жиілікте өтуі керек. Әрі әр сабақ сайын жарыс жаттығуларының мөлшері анықталып, олар толығымен орындалуы қажет. Спорттық жаттықтыру спортшының дайындық деңгейінің есебін еске ала отырып жүргізілуі тиіс.

Спортшының дайындық деңгейі неғұрлым төмен болса, ол соғұрлым апталық цикл шеңберінде аз дайындалуы керек. Бұл жағдайда ең оңтайлы шешім спортқа жаңа келген және разряды бірдей спортшылар үшін аптасына үш рет дайындық жүргізу болып табылады. Ал дайындық деңгейі одан да жоғары спортшылар үшін ережеге сай аптасына үш реттен де көп дайындық жүргізулері тиіс.

Өткізілетін жаттықтыру сабақтарының мазмұны болашақтағы және ағымдағы тапсырмаларды шешу ерекшелігінесепке ала отырып анықталуы керек. Спортшының спорттық іс-әрекетінде жылда өткізілетін жарыстарға қатысу саны жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Негізінде жоғарыда аталған жолдар жаттықтыру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етіп отырады. Белгіленген жүктемелерге біртіндеушілігі мен тенденциясы арасындағы өзара байланыс спорттық жаттықтырулардың заңдылығының негізін спортшының адам мүмкіндігінің шегіне жететін денеге берілетін жүктемелерді орындауымен байланысты іс-әрекеті құрайды. Бұл кезге дейін адам ағзасының мүмкіндігінің қоры адамзатты таңғалдыруымен келе жатыр. Мысалы спортшылар екі аяқты арба жарысында (велоспорт) бір күнде 580 км. тең қашықтықты, жай жүгіріс – 260 км., жаяу жарыста – 214 км., және шаңғымен жүгіруде – 150км. қашықтықты бағындырған. Резерв мүмкіндігін іздестіру әртүрлі бағытта, соның

ішінде жаттығулар биоэнергетикасында, психологиялық дайындықта, техникалық дайындық саласында да жүзеге асады.

Аталған заңдылықты жүзеге асыру физиологтар орнатқан денеге берілетін жүктемелер көлемі мен спорттық нәтижелер арасындағы тәуелділікті анықтауға негізделген. Спорттық жаттықтыруда орындалатын денеге берілетін жүктеменің қолжетімділік, жүйелілік және сауықтандыруға бағытталған шаралары жүзеге асырылады. Денеге берілетін жүктемелерді тағайындау кезінде адам ағзасының оған жауап реакциясы үш түрде көрінеді. Біріншісі, ынталандырудың қиындық зонасымен, екіншісі немқұрайдылық, үшіншісі басын қатыру зонасымен байланысты. Егер біріншісі оң нәтиже беріп, әрі спортшының өз қалауымен белсенділігін пайдалануға мүмкіндік берсе, екіншісі дәл осы секілді тапсырманың жеңіл болуы салдарынан мұндай мүмкіндік бере алмайды. Ал үшіншісіне келер болсақ, шектен асқан қиындық пен тапсырмалардың салдарынан сабаққа деген ынтаны басып тастауы да мүмкін. Спорттық жаттықтыру өткізу кезінде денеге берілетін жүктемелерді көтерудің түрлі тәсілдері қолданыста болуы керек (26 б-сурет). Көптеген жағдайларда дене жүктемелерін көтерудің тіксызықты-өспелі, сатылы және толқынды түрлері қолданылады. Әдіснамалық көзқарас бойынша спорттық жатықтырулардың міндетін шешудің ерекшелігіне байланысты ең тиімді тәсіл - олардың бірігуі болып табылады.

Жаттықтыру сабақтарының бір бөлігі денеге берілетін жүктемелерді максималандыруға жұмсалуы қажет. Мұндай іс-тәжірибе спортшыны жарыстық іс-әрекеттің қарбаластығына қажетті деңгейде дайын болуға үйретеді. Спорттық жаттықтыруды жоспарлау кезінде денеге берілетін жүктемелерді спортшының негізгі мамандығының ерекшелігін ескере отырып жасалынуы тиіс. Егер спортшының негізгі іс-әрекеті ауыр дене жұмысын талап етсе, онда жаттықтыру саны аз болады, егер керісінше, яғни ой еңбегімен шұғылданса, мұндай түзетудің қажеті жоқ.

Спортшыларды дайындаудың көп жылдық процесі кезінде ағзаның табиғи

бейімделу және функционалдық мүмкіндіктерінің өшуі ескерілуі қажет. Биологиялық тұрғыдан алып қарасақ, ағзаның толық қалыптасуы 25 жас болып табылады. Ал бұл өз кезегінде көптеген спорт түрлеріне қойылатын басты шарт. Бірақ мәнерлеп сырғанау мен спортты гимнастика сияқты спорт түріп алып қарасақ, мұнда да жасөспірім шақта да жоғалатын кейбір қасиеттерді елемей кету дұрыс емес.Жоғарыда көрсетілген сипаттамалар көпжылдық процесс ретінде спорттық жатықтырудың педаггикалық ерекшеліктерін және спортшының жас ерекшелігіне сай келетін дене жүктемесін айқындауға мүмкіндік береді. Жүктеме динамикасының толқындылығызаңдылығының негізінде дене жүктемесін дене жаттығуларының ортақ жаттықтыру әсері, яғни спорттық нәтижені дәл межеленген уақытта көрсете алатындай етіп есептеу жатыр. Мәселе жаттықтыру процесінде дене жүктемесін қарқындылығын және көлемін бірқалыпты біртіндеп көбеюі спорттық жетістіктер мен нәтиженің де өсуіне алып келеді. Дене жүктемесін арттыру мен спорттық нәтижелерді бір мезетте дамыту. Бұл жағдай «кешқалу трансформации тиімділігі» деп аталады және жаттықтыру процесін басқару мен жоспарлау кезінде есепке алынады.

Аталған заңдылықтың жүзеге асуы дене жүктемесі динамикасын басқару кезінде ағзаның бейімделу мүмкіндіктері ескерілуін қажет етеді. Іс жүзінде жаттықтырушы спорт түріне байланысты келесі талаптарды орындауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет