16-тапсырма. Жемсау – йод жетіспеушілігінен болатын ауру. Ол адам ағзасындағы зат алмасуды басқарушы орталық рөлін атқарады. Сондықтан оны «денсаулық сақшысы» деп те атайды. Жемсаудың нәтижесінде қалқанша без ұлғаяды.
1-сұрақ. Неліктен ертеден бері Қытайда жемсау ауруын теңіз омыртқасыздарының (ұлулардың) күлімен емдейді?
Жауабы. Теңіз омыртқасыздары, теңіз орамжапырағы йодқа бай. Сондықтан да ертеден бері Қытайда және Жапонияда жемсаумен ауыратындарды йодпен емдеп келеді.
2-сұрақ. Адам ағзасына тәулігіне 800 мкг йод қажет (ең төмен көрсеткіш 200 мкг-ға дейін). Осы қажеттілікті өтеу үшін адамдар тәулігіне қанша грамм теңіз орамжапырағын жеулері қажет? 100 г теңіз орамжапырағында 250 мкг йод бар.
Жауабы. Тәулігіне 320 мкг.
Тапсырма. Құрамында йоды бар азық-түліктер ағзадағы йод жетіспеушілігі проблемасын шеше алады. 1 кг көкөністерде 20-30 мкг, жануарлардың 1 кг майында және жұмыртқада 35 мкг-ға жуық, балық тағамдары йодқа бай, оның 1 кг-да 100-200 мкг-ға дейін йод болады. Ағзадағы йод қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам тәулігіне қанша балық жеуі қажет?
17-тапсырма. Оқушылар сыныбымен көпкүндік жорыққа шықты. Қону үшін батпақтың маңына тоқтады. Кезекші кешкі ас әзірлемек болды, байқаусызда барлық тұзды жерге төгіп алды. Жақын маңда таза тұз жоқ, тұз топырақпен араласып кетті, ал балалардың бәрінің де тамақ ішкілері келеді.
1-сұрақ. Бұндай жағдайда не істеу керек?
Тұздың орнына не қолдануға болады?
Тұзсыз қандай тағам әзірлеуге болады?
Жауабы. Тұзсыз әзірленген тағамдарға насыбайгүл, жалбыз, жебіршөп, майоран, кәдімгі жұпаргүл, аскөк, ақжелкен, гүлшетен т.б. дәмдеуіш шөптер қосу арқылы, тағамның дәмін келтіруге болады.
1-тапсырма. Тамақ дайындау барысында кезекші, абайсызда қолына сірке қышқылын төгіп алды. Ол сасқанынан қолын орамалмен сүртіп еді, күйген жердің терісі күлдіреп, қолын одан сайын ашытып жіберді.
2-сұрақ. Кезекші бұл жерде нені дұрыс істемеді?
Қазіргі уақытта газдалған сусындар, тез дайындалатын тағамдарды (гамбургер, чипсы, донер, т.б.) пайдалану елімізде әсіресе балалар мен жастар арасында аса кең таралған. Бұл жағдай шамадан тыс семіруге, ас қорыту, жүрек-қан тамырлары, аллергия, т.б. аурулардың көбеюіне әкеп соқтыруда.