Сұрақ 11. Зат алмасуы


Сұрақ 13 Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды? 6-тапсырма



бет2/13
Дата27.11.2023
өлшемі447,58 Kb.
#130210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сұрақ 13 Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды?


6-тапсырма.
Оқушылар тауықтың жұмыртқасымен келесі тәжірибелерді жасап, қорытынды жазды.
Тауықтың шикі жұмыртқасын суы бар жарты литрлік шыны ыдысқа салды. Жұмыртқа шыны ыдыстың түбіне түсті. Жұмыртқаны алып шығып, сол суға 2 ас қасық тұз салып жақсылап араластырды және жұмыртқаны тұз араласқан суға қайтадан салды. Жұмыртқа батпайды, судың бетінде қалықтап жүреді.



Сұрақ 14 Себебін түсіндіріңіздер.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


7-тапсырма. Бөтелке ішіндегі жұмыртқа
Бұл көпшілікке жақсы белгілі, классикалық тәжірибе. Бұл тәжірибенің жасалып жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған.
Тәжірибені өткізу жолы:
-кең ауызды бөтелкенің аузына сұйық май жағамыз;
-қағазды жағып, бөтелкенің ішіне жылдам саламыз (бұл әрекетті жасау барысында саусақтарыңызды күйдіріп алмас үшін, абайлау қажет);
-қабығынан аршылған тауықтың піскен жұмыртқасын бөтелкенің аузына -қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің аузынан әлдеқайда үлкен болуы тиіс);
-жанып жатқан қағаз бір секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа белгісіз ғажайып тәсілмен бөтелкенің ішіне түседі.
Сұрақ 15 .Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіздер.
Химия пәніне байланысты PISA тапсырмалары


1-тапсырма. Сары май
Сары май – сиыр, ешкі, қой сүтінен қаймақ, қаймақты былғау немесе күбіде пісу арқылы алынатын майлы, құнарлы тағам. Сары майдың тағам өнімі ретінде қаншалықты жоғары бағаланатынын жақсы білесіздер (1.1-сурет).

1.1-сурет – Сары май
Сары май – бұл кілегейді былғау арқылы алынған, сүт майының концентраты.
Сары майдың майлылығы 82,5%-дан кем емес.
Сары майды дайындау үшін кілегей, қаймақ немесе ашыған сүтті қолданған.
Сары майды таңдау барысында оның сыртқы орамасына көңіл аудару қажет. Жұқалтырға (фольгаға) оралған май өзінің құрамындағы А дәруменін жақсы сақтап қалады.
Сары майды мұздатқышта сақтаған жөн. Егер май бөлме температурасында сақталатын болса, онда оған күн сәулелерінің түспеуі тиіс. Күн сәулелері түсуі нәтижесінде сары май өзінің құнды қасиеттерін жояды. Сары майды үстелге арнайы май салатын ыдыста қойған дұрыс.


1-сұрақ. Сары майдың құрамына қандай заттар кіреді?
А. Түрлі органикалық қышқылдардың күрделі эфирлері.
В. Сүт майы.
С. Бос май қышқылдарының органикалық қышқылдары.
D. Сары майдың құрамына А, Д, В витаминдері және ақуыздар, т.б. органикалық заттар.
Жауабы. А. В. С. Д.


2-сұрақ. Сары май – тез бұзылатын азық. Оны сақтау жолдары туралы не білесіздер? Өз ойларыңызды тұжырымдаңыздар.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Сары майды күнделікті өмірде нанға жағып бутерброд әзірлеу үшін қолданады, сонымен қатар кейбір тағамдардың дәмін келтіру немесе жеңілдету (жұмсарту) үшін де қолданады.


3-сұрақ. Сары майды қандай азық түліктердің дәмін жеңілдету (жұмсарту) үшін қолданады?
Жауабы. Мысалы, балықтың, қызыл уылдырықтың.
Кейбір ыстық тағамдардың дәмдік қасиетін жақсарту үшін десары майды қолданады.


4-сұрақ. Сары майды қандай ыстық тағамдарға қосуға болады?
Жауабы. Мысалы, макарондарға, ботқаларға, көкөністерден жасалған рагу т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет