сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?


)Асқазанда синтезделетін пептидазды, оның активтену механизмін және активаторларды атаңыз



бет26/56
Дата01.02.2023
өлшемі167,17 Kb.
#64453
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56
Байланысты:
сессия бх ОДИ 40 билет база

1)Асқазанда синтезделетін пептидазды, оның активтену механизмін және активаторларды атаңыз.
Асқазан сөлінде пептидазалардың 2 өкілі синтезделеді,олар пепсин және гастриксин.Пепсин асқазанның шырышты қабығында активсіз профермент пепсиноген түрінде синтезделеді.Қышқыл ортада,пепсиногенде тұз қышқылының активтендіруімен глу-41 және иле-42 рарасындағы пептидтік байланыс үзіледі.Сонымен қатар активтену процесінде пепсиногеннің С-соңғы бөлігінен пепсиннің пептид-тежегіші бөлініп шығады және бірнеше кіші молекулалы кіші пептидтер гидролизденіп бөлінеді.
Пепсиноген + НСІ = пепсин + тежегіш + пептидтер
Реакция барысында 363 аминқышқыл қалдығынан тұратын,молекулалық массасы 38кДа пепсиноген, тұз қышқылының активтендіруімен 321 аминқышқыл қалдығынан тұратын,молекулалық массасы 34кДа активті фермент пепсинге айналады.Пепсин белсендірілгеннен кейін автокатализ процесі басталады және ол асқазан сөліндегі басқа проферменттердің,яғни прогастрексин ферментін активтендіреді.Пепсиннің қатысында акттивсіз формадағы прогастрексин активті гастрексин ферментіне айналады.Пепсин үшін оптималды орта рН 1,5-2 болса,гастрексин үшін рН 3,2-3,5
2)Ұйқы безінің пептидазаларын және энтероцит ферменттерін (ішек жасушалары) тізімдеңіз. Осы ферменттермен катализденетін реакцияларды схемалық түрде жазыңыз.
Ұйқы безі сөлінің пептидазаларына трипсин мен химотрипсин ферменттері жатады.Трипсиннің молекулалық массасы 24 кДа, 6 дисульфидтік байланыстан тұратын бір полипептидтік тізбегі бар, оған 223 аминқышқыл қалдығы кіреді.Химотрипсиннің молек.массасы 25 кДа,оған 2 дисульфидтік байланыс,241 аминқышқыл қалдығы кіреді.Белсенді орталығы серин мен гистидин аминқышқылдарының қалдығынан тұрады.Эндопептидазалар нәруыз молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзеді, соның нәтижесінде ұзындығы әр түрлі полипептидтер түзіледі.
Эндопептидазалар нәруыз молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзеді, соның нәтижесінде ұзындығы әр түрлі полипептидтер түзіледі.
Белок + Н2О = полипептидтер Лейцилцистеилглицин + Н2О = лейцин+цистеин+глицин
Глицилаланин + Н2О = глицин + аланин Казеиноген + Н2О = казеин + альбумоз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет