сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?


)Олар қандай органда және қандай түрде өндіріледі? Осы ферменттердің активаторларын



бет28/56
Дата01.02.2023
өлшемі167,17 Kb.
#64453
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Байланысты:
сессия бх ОДИ 40 билет база

2)Олар қандай органда және қандай түрде өндіріледі? Осы ферменттердің активаторларын.
Глюкозидазалар - жасушаларда,ас қорыту сөлдерінде кездеседі,бірақ ұйқы безі сөлінде болмайды. Альфа-амилаза сілекейде,ұйқы безінде,ішек сөлінде және дәнекер тін жасушаларында өндіріледі. Гамма-амилаза тек бауырда ғана кездеседі.Амилазалар кальций тәуелді фермент болып табылады, олар оптималды рН=6,7-7,0 ортада кальций және хлор иондарының әсерінен белсендіріледі.
Трипсин – ұйқы безінде трипсиноген проферменті түрінде синтезделеді және осы формада панкреатин сөлінің бөлігі ретінде он екі елі ішекке енеді, онда сілтілі ортада протеолитикалық фермент энтеропептидаза әсерінен трипсиноген молекуласынан гексапептид алынып, трипсиннің биологиялық белсенді құрылымы қалыптасады.Трипсинді оның активаторы энтеропептидазамен белсендіргеннен кейін автокатализ процесі басталады және трипсин ұйқы безінің басқа да ферменттерін,оның ішінде химотрипсиноген проферменттерін белсендіретін фермент ретінде әрекет етеді.Трипсин рН 5,0-ден 8,0-ге дейін белсенді болады,оптималды ортасы рН = 7,0.
Липазалардың ішінде асқазан сөлінің липазасы асқазан сөлінде өндіріледі.Ол ересектерде активті емес,себебі оның оптималды рН-ы 4-5 тең,ал асқазан сөлінің орта рН-ы 1,5-2 құрайды.Сондықтан ол асқазанға түскен майларды ыдыратуға қабілетсіз. Олар сәбилерде активті болады,себебі сәбилердің асқазан сөлінің рН-ы 4-5 тең,олар сәбилердегі эмульсияланған майларды ыдыратады.Ұйқы безі сөлінің липазасы ұйқы безінде активсіз күйде синтезделіп,ащы ішек қуысында өт қышқылдарының тұздары арқылы активтенеді, рН-ы 8 тең және кездесетін жері – ұйқы безі сөлі. Ішек сөлінің липазасы ішек сөлінде активті күйде секрецияланады, рН ортасы 5,5-7,5.
3)Осы ферменттермен катализденетін реакцияларды схемалық түрде жазыңыз.Олардың субстрат ерекшелігі қандай?
Альфа амилаза: Ол крахмал мен тағам гликогеніне әсер етіп, мальтозаға дейін ыдыратады:
Крахмал (Гликоген) + Н2О = мальтоза


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет