Сұрақ 4. Стресстік жағдайларды жеңу үшін күш резерві бар қоршаған ортаға тұрақты бейімделуі бар адамдар қандай деңгейге жатады? а) психикалық денсаулықтың жоғары деңгейіне;
б) психикалық денсаулықтың орташа деңгейіне;
в) психикалық денсаулықтың төмен деңгейіне;
г )психикалық денсаулықтың ең жоғары деңгейіне.
Сұрақ 5. Ментальдік (психикалық) бұзылыстың белгісіне не жатпайды? а) ұйқының бұзылуы;
б) түсініксіз физикалық бұзылулар;
в) мазасыздық және обсессивті ойлар;
г) жеке дүниетаным.
Тақырып 2.4 Біріктірілген сынып-комплектілеріндегі пәнаралық кіріктіріп оқыту 2.4.1 Біріктірілген сынып-комплектілеріндегі пәнаралық кіріктіріп оқыту
Сұрақ 1. Оқушылардың зерттелетін материалды синтезделген қабылдауын ұйымдастыру арқылы әр түрлі пәндерден білімді біріктіру және олардың мәнін ашу - бұл: А) бірлескен оқыту;
Б) интеграцияланған оқыту;
В) әр түрлі жастағы оқыту;
Г) синтезделген оқыту.
Сұрақ 2. Көлденең интеграция нені қарастырады? а) әр түрлі оқу жылдарының бағдарламасынан біртекті материалды қамту;
б) біріктірілген сыныптардың бірдей тақырыптарын біріктіру;
в) берілген сыныптағы мектеп пәндерін біріктіру;
г) пәнаралық байланыстар орнату.
Сұрақ 3. Тік интеграция нені қарастырады? а) біріктірілген сыныптарда пән бойынша бағдарламадан бірдей мақсаттарды қамту;
б) әр түрлі оқу жылдарының бағдарламасынан біртекті материалды қамту;
в) осы сыныптағы мектеп пәндерін біріктіру;
г) сабақта пәнаралық байланыстарды қолдану.
Сұрақ 4. Интеграцияланған сабақтардың артықшылықтарына не жатпайды? а) оқушылардың оқу мотивациясын, танымдық қызығушылығын арттыру;
б) сөйлеуді дамыту, оқушылардың салыстыру, жалпылау, қорытынды жасау қабілетін қалыптастыру;
в) жан-жақты дамыған, интеллектуалды дамыған тұлғаны қалыптастыру;
г) білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу.