Сұрақтар Реанимацияның патофизиологиялық негіздері қандай болады?


Жедел фазалық ақуыздардың түрлері



бет9/25
Дата25.04.2023
өлшемі80,16 Kb.
#86878
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Патфиз 1 рк

Жедел фазалық ақуыздардың түрлері

  • С-реактивті ақуыз (CRP)

  • Орозомукоид (қышқыл альфа1-гликопротеин)

  • Церулоплазмин

  • Гаптоглобин



25. Жауаптың жіті кезеңінде перифериялық қандағы негізгі өзгерістер.
Жауап: ЭТЖ үдеуі фибриноген мен глобулиндердің бір уақытта көбеюімен ал альбуминдердің концентрациясының төмендеуі бірге жүреді
Лейкоцитоз және оның түрі негізгі ЖКТ ауруының түрі мен сатысына байланысты
Эозинофильді лейкоцитоз
Базофильді лейкоцитоз
Моноцитарлық лейкоцитоз
Лимфоцитоз-әдетте әр түрлі созылмалы инфекцияларда - туберкулезде, мерезде, ревматизмде, герпес инфекциясында жиі анықталады.


26. Жауаптың жіті кезеңі медиаторлары.
Жауап: Интерлейкин-6 (IL-6)макрофагтарда, фибробластарда, эндотелий және эпителий жасушаларында, моноциттерде, Т-жасушаларында, терінің кератоциттерінде, эндокриндік бездердің жасушаларында, жүйке жүйесінің нейрондары мен глия жасушаларында өндіріледі.

Оның өндірілуін вирустар, бактериялар, эндотоксиндер, липополиқанттар, саңырауқұлақтар, қабыну туындататын цитокиндер IL-1 мен өспені жоятын α-фактор ширатады. Кейбір өспе жасушалары ұдайы IL-6 өндіріп тұрады.


Өспені жоятын α-фактор (ӨЖФ-α) жіті кезеңдік жауаптың үшінші негізгі цитокині. Жануарларда жасалынған тәжірибелерде оның өспе жасушаларын жоятын қабілеті бар екені дәлелденген. Ол сүлде аурулармен сырқаттанған науқастардың азып-аруына әкелуіне себепкер болатыны белгілі. Сондықтан оны кахектин деп те атайды.


Γамма-интерферон вирустардың, бактериялардың немесе митоген-дердің әсерлерінен Т-лимфоциттерінде, фибробластарда т.б. жасушаларда өндірілетін иммундық әрлендіргіш нәруыз. Ол макрофагтардың бактери-цидтік және өспе жасушаларын ыдырататын белсенділігін күшейтеді. Оның әсерінен макрофагтардың көлемі ұлғаяды, қимылдау жылдамдығы артады, оларда жалған аяқшалар, цитоплазмасында көптеген көпіршіктер пайда болады. Басқа интерферондар макрофагтардың белсенділігін төмендетеді. Сондықтан қабынудың бастапқы кезеңінде Т-жасушаларында γ-интерферон түзілуін қадағалайтын гендердің белсенділігі артып, артынан қабыну ошағында фагоцитоз аяқталғаннан кейін және цитолиз өнімдерінен тазартылғаннан соң оларда макрофагтардың белсенділігін тежейтін интерферондардың түзілуін қадағалайтын гендер әсерленеді.
Бұл келтірілген жіті кезеңдік жауаптың медиаторлары қан ағымына түсіп, сыртқы беттерінде оларды қабылдайтын рецепторлары бар нысана-жасушаларға әсер етеді. Бұндай рецепторлар барлық ағзалардың жасушаларында болады. Бұл медиаторлардың әсерлерінен жүйке, эндокриндік, иммундық, қан өндіру жүйелерінің әсерленуімен және бауырда жіті кезеңнің нәруыздары түзілуі артуымен көрінетін ЖКЖ дамиды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет