Сұрақтарға жауап: Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері қандай?


Қытайдың әуелгі философиясы қашан пайда болған?



бет2/5
Дата26.12.2023
өлшемі30,5 Kb.
#143869
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ñ?ðà?òàð?à æàóàï Åæåëã³ ?ûòàé ôèëîñîôèÿñûíû? åðåêøåë³êòåð³ ?àíä

Қытайдың әуелгі философиясы қашан пайда болған?

Қытай философиясы б.д.д. 6-3 ғ.ғ. мифология кейпінде пайда болды. Мифтердің өзінде кейін философиялық ұғымдарға айналған түсініктер қалыптаса бастады. Атап айтар болсақ, «Дао» туралы, яғни космостық заңдылықтар турасында немесе барлық әлемнің жүріп өту жолы жөніндегі көзқарастар, барлық тіршіліктің бастауы болған бес стихия (от, жер, су, металл, ағаш) және бір-біріне қарама-қарсы екі күш –Инь мен Ян туралы философиялық пікірлер дүниеге келді.

  1. Қытайдың әуелгі философиясының ықпалы қандай болды?

Қытай философиясының пайда болуымен дамуына қытайдағы көне классикалық кітаптар айтарлықтай әсер етті:
1. «Өзгерістер кітабы» («И цзин»-балгерлік кітап);
2. «Өлеңдер кітабы» («Ши цзин»-көне поэзиялар);
3. «Тарих кітабы» («Шу цзин»-тарихи оқиғалардың, құнды құжаттардың жазбасы);
4. «Рәсімдер кітабы» («Ли цзи-саяси және діни мереке, рәсімдер кітабы»);
5. «Әндер кітабы» («Юэ цзин-бұл кітапе сақталмаған»);
6. «Көктем және күз» («Чунь цу-этикалық және әдеби сұрақтарды шешудің үлгілері, Лу патшалығының хроникасы»).

  1. «Аспан-Жер» қатынасының мәні қандай?

Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі - диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам - бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.

  1. «Аспан асты» деген сөзі нені білдіреді?

Аспан асты (қытай. созыл) - бүкіл әлемді, кейінірек Қытай императорының билігі таралған аумақты білдіретін қытай термині. Донг Чжуншу кезінен бастап, конфуций идеологиясында император жердегі аспанның өкілі ретінде қарастырылды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет