Кіріспе:
Тыныс алу жүйесі – организмде газ алмасу қызметін атқарады. Тыныс алу ауадағы оттегін қанға өткізіп, қандағы көмір қышқыл газды ауаға шығарады.
Дем шығару кезінде ауамен бірге организмнен қосымша су буу және артық жылу сыртқы ортаға шығарылады. Иіс сезу, дыбыс мүшелері де тыныс алу жүйесінде орналасады.
Атқаратын қызметіне қарай тыныс мүшелері тыныс жолдары және газ алмасу мүшесі болып екі бөлімге бөлінеді. Тыныс жолдарына: мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек, бронхтар жатады. Газ алмасу қызметін өкпе атқарады.
Тыныс жолдарының басқа түтікше мүшелерден айырмашылығы, олардың ортаңғы қабығы тыныс алу жолдарының үнемі ашылып тұруын қамтамасыз ететін қатты ұлпалардан - шерімшектік және сүйектік ұлпалардан құралған.
Достарыңызбен бөлісу: |