Сро тақырыбы: Тыныс алу мүшелері мен дауыс аппараттарының гигиенасы Орындаған



бет3/14
Дата31.12.2021
өлшемі43,24 Kb.
#22927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Мұрын қуысы. Мұрын – тыныс жолдарының басталар алдыңғы бөлігі. Мұрын қуысында ауа жылынады, су буымен дымдалады, құрамындағы шаң тозаңнан тазаланып және иіс сезу мүшесінің қатысуымен ауа құрамындағы заттардың иістері анықталады. Кейбір жануарларда мұрын дыбыс шығаруға да қатысады.

Мұрын қуысы мұрындық перде арқылы екіге бөлінеді. Осыған байланысты мұрын қуысында жұп кіреберістік және жұп жұтқыншаққа шығаберіс тесіктер - хоандар болады. Мұрын қуысы мұрын маңындағы қойнаулармен тесіктер арқылы қатысып жатады.

Мұрынның жоғарғы жағы - мұрын қыры. Мұрынның алдыңғы ұшы жануарларда бірдей болмайды. Мұрынның екі бүйір қабырғасының негізін жоғарғы жақтық және тұмсықтық сүйектер, артқы қабырғасының торлы сүйек, алдыңғы мұрын ұшының тұмсықтық сүйек пен шеміршектер, мұрын түбінің тұмсықтық, жоғарғы жақтық және таңдайлық сүйектер, мұрын қырының мұрындық сүйек құрайды. Ал мұрындық перденің негізі перделік шеміршектен тұрады.

Мұрын тесігінің сыртқы екі бүйір қабырғасының танау деп аталады.

Мұрын ұшының екі қабырғасын перделік шеміршектің дорсальдік және вентральдік жиегінен, оның екі бүйіріне кететін дорсальдік және вентральдік бүйірлік мұрындық шеміршектер құрайды.

Танаудың негізін танау шеміршектері түзеді. Бірақ, бұл шеміршек құрылысы жағынан әр түрлі жануарларда түрліше болды.

Мұрын сыртынан терімен қапталған. Оның мұрын тесіктерінің айналасындағы түксіз пигменттеліп тұрған аумағын қаңсар дейді. Қаңсардың сыртқы беті дымқыл да салқын келеді. Мұның себебі қаңсар қабырғасында үздіксіз сірлі сұйық бөлетін бездер болады. Қаңсар бетінің құрғақ болуы жануарлардың дене қызуының артқандығының белгісі. Оның айналасында жекеленіп орналасқан сезім түктері болады.

Мұрын қуысы ішкі бетінің тек алдыңғы жағы ғана тері тектес кілегейлі қабықпен, мұрынның кіреберісі деп аталады.

Ал қалған оның ішкі беті - өзіндік мұрын қуысы көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған кілегейлі қабықпен қапталған. Кілегейлі қабық мұрын пердесі бетінде тегіс, бүйір жағында кеуілжір тәрізді, артқы иіс сезу мүшесі тұсында ұяшық сияқты болып келген әр түрлі қатпарлар түзеді.

Мұрын қуысының әрбір бөлігін оның бүйір қабырғасындағы дорсальдік және вентральдік мұрын кеуілжірлері 4 өтіске бөледі.

Мұрын кіреберісі мен өзіндік мұрын шекарасындағы қатпарда мұрын –көзжастық тесік көрінеді. Бұл тесікке көз жасы қапшығынан келетін мұрын –көзжастық өзек ашылады. Кілегейлі қабық астында веналық өрім жатады. Вентральдік мұрындық өтістің алдыңғы жағынан ауыз қуысына күрек тістік өзек ашылады. Бұл өзекке иіс сезу қызметін атқаратын соқаша-мұрын мүшесі ашылады.

Көмекей. Көмекей - арқаны кеңірдекпен жалғастыратын кеңірдектің алдыңғы бөлігі. Көптеген қызметтер атқарады: тыныс алуды қамтамасыз ететін тыныс жолдарының құрамына кіреді, азықты жұту кезінде тыныс жолын азық жолынан бөледі, кеңірдекті тіл асты сүйегіне бекітеді, жұтқыншақ еттірінің негізін түзеді. Бұлармен ол дыбыс шығару мүшесі.

Көмекей қуысының ішкі беті кілегейлі қабықпен астарланған. Аңқадан көмекейге кіретін тесікті төменгі жағынан көмекей қақпағы бөбешік, екі бүйірінен ожауша – бөбешікті қатпарлар жатады. Бөбешіктің негізін бөбешіктік шеміршек, ал қатпарлардың негізін ожауша шеміршектің мүйіздік өсінділері түзеді.

Көмекейдің оң және сол бүйірлік ішкі бетінде қосарынан орналасқан кіреберістік және дыбыстық қатпарлар болады. Осы екеуінің аралығында көмекей қарыншасы орналасады. Дыбыстық қатпарлардың алдында жатқан көмекей қуысының бөлігін көмекейлік кіреберіс дейді. Кіреберістік қатпардың негізін қарыншалық ет, ал дыбыстық қатпарды дыбыстық сіңір және дыбыстық ет құрайды. Көмекейлік кіреберістің кілегейлі қабығы көп қабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Бөбешіктің артқы жағындағы кіреберісті, вентральдік бетіндегі кішкене шұңқыршаны көмекейдің орталық қалтасы дейді. Оң және сол ожауша шеміршектер мен дыбыстық қатпарлар аралығындағы қуысты дыбыстық саңылау дейді. Оның жоғарғы кең шеміршекаралық және төменгі тар дыбыстық қатпараралық немесе жарғақаралық бөліктері болады. Соңғы жарғақаралық бөлікті дыбыстық аппарат деп те атайды. Дыбыстық еріндерден кейінгі көмекей қуысын дыбыстық артқы қуыс дейді. Бұл қуыстың кілегейлі қабығы көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Көмекейдің ортаңғы қабығының негізін бір-бірімен қозғалмалы байланысқан 5 шеміршек түзеді.

Сақинаша шеміршек пластинка мен доғадан тұратын гиалиндік шеміршек. Шеміршектің түрі сақинаша болып келеді. Оның алдыңғы жағы қалыңдау. Артқы жіңішкелеу жағымен ол кеңірдекке жалғасады. Шеміршектің сыртында орталық қыр жақсы көрінеді. Оның алдыңғы жағында ожауша шеміршекпен, доғасының латеральдік екі бүйірінде қалқанша шеміршектің каудальдік мүйізшелерімен байланысатын буындық беттері болады.

Қалқанша шеміршек пішіні жағынан иілген қалқанша тәрізді гиалинді шеміршек. Ол көмекейдің екі бүйірі мен төменгі бетінің негізін құрайтын оң және сол пластинкалардан тұрады. Пластинкалардың үстіңгі жағынан алдыңғы және артқы мүйізшелер шығып тұрады. Алдыңғы мүйізшелері тіластылық сүйектің үлкен мүйізімен, артқы мүйізшелер сақинаша шерімшекпен байланысып тұрады.

Ожауша шеміршек жұп гиалин шеміршек. Шеміршектің негізінде жоғары қарай иілген мүйізше өсіндісі, сыртқы ет өсіндісі болады. Ет өсіндісінің төменгі беті дыбыстық сіңір мен ет бекитін дыбыстық өсінді көрінеді. Оң және сол ожауша шеміршектер бір-бірімен өзара мүйізше өсінділерімен жанасып, артқы бетімен сақинаша шеміршекпен буын арқылы байланысады.

Бөбешіктік шеміршек пішіні жапырақ тәрізді болып келген серпімді шеміршек. Оның негізі сабақшасы, екі бүйір жиегі, тілдік және жұтқыншақтық беттері болады. Ол негізі арқалы қалқанша тәрізді шеміршекпен байланысады.

Шеміршектер бір-бірімен буындар арқылы қозғалмалы байланысады және олар қосымша тіластылық сүйектің үлкен мүйздерімен, бөбешікпен байламдар арқылы жанасады.

Көмекей қабырғасындағы еттер кеңейтуші, тарылтушы және көмекейге жалпы әсер етуші еттер болып 3 топқа бөлінеді.

Кеңейтуші еттерге сақина – қалқанша және тіласты бөбешіктік еттер жатады. Бұл еттер көмекейдің кіреберісін және қуысын кеңейтіп, дыбыстық қатпарларды қатайтады.

Тарылтушы еттерге сақина – ожауша латеральдік, дыбыстық, қарыншалық және ожауша көлденеңдік еттер жатады. Бұл еттер жиырылған кезде дыбыстық қатпарлар босаңсып, көмекейдің қуысы тарылады.

Көмекейге жалпы әсер етуші еттерге төс - қалқаншалық және тіласты-қалқаншалық еттер жатады. Олар көмекейді алға және кейін жылжытуға көмектеседі.

Ерекшеліктері: жылқыда көмекейдің қалқанша шеміршегінің каудальдік бетінде терең каудальдік ойық болады, пластинкасының сыртқы бетінде еттер бекитін қиғаш сызықтар байқалады. Көмекей қарыншасы жақсы жетілген. Ірі қара малда қалқанша шеміршектің каудальдік мүйізшесі сақинаша шеміршекпен байлам арқылы байланысады. Ожауша шеміршектің дыбыстық өсіндісі жақсы жетілген. Бөбешіктік шеміршектің пішіні сопақша, дыбыстық қатпарлары көмекей түбіне тік орналасқан. Көмекейдің орталық қалтасы, қарыншасы болмайды. Ұсақ малдарда көмекейдің орталық қалтасы жақсы жетілген, ал шошқаның көмекейі ұзындау келеді. Қалқанша шеміршектің алдыңғы мүйізшесі болмайды. Ожауша шеміршек пен сақинаша шеміршек арасында ожауша шеміршектераралық кішкене шеміршек орналасады. Дыбыстық қатпарлары төмен артқа қарай қиғаш орналасады. Олардың алдыңғы, артқы бөліктерінің арасындағы көмекей қарыншасының тесіктері көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет