Тыныс алу мүшелері ауруларының себептері және алдын алу ашаралары. Ауру тудырғыш микроорганизмдер адамдардың тыныс мүшелері ауруларын қоздыра түседі. Бұларға вирустар, саңырауқұлақтар, бактериялар жатады.
Кейде ауру қоздырғыштың жалғыз түрінен пайда болуы мүмкін. Сирек жағдайда адамдарда қоздырғыштардың бірнеше түрі, сонымен қатар аллергия тудырушылар кездесуі мүмкін. Бұл жағдайда күнделікті тұрмыстық аллергия тудырушылар: кәдімгі шаң-тозаң, үй кенелері жайлы айтуға болады. Олар бронхы демікпесін (тыныс демікпесі) тудырады. Сонымен қатар адамның тыныс мүшелері ашытқы және зең спораларынан, жануарлар аллергендерінен, өсімдіктердің кейбір түрлерінің тозаңдарынан, сондай-ақ әртүрлі аллергия тудырушы жәндіктерден күшті зардап шегуі мүмкін. Атмосфераны басты ластаушылар — шаң-тозаң және күл, олар киімді, баспананы ластайды — денсаулыққа өте зиянды. Күлдің құрамында өкпе обырын және тыныс мүшелерінің басқа да ауруларын тудыратын заттар болады. Шаң-тозаңды және күлді ауаға шығармау үшін мекемелерде арнайы сүзгіштер орнату қажет. Адам үшін шылым шегу, соның ішінде пассивті түрі (темекі түтінімен тыныс алу) зиян.
Тыныс алу мүшелерінің аурулары оларға ауру тудыратын микроорганизмдер енгенде және зиянды заттарды қолданғанда пайда болады. Олардың көпшілігі тұтылып, зарарсыздандырылады да, жоғары тыныс жолдарының сілемейлі қабығы арқылы сыртқа шығарылады. Мүшелерге енген микроорганизмдердің бір бөлігі тұмау, баспа, бронхит, өкпе қабыну, туберкулез сияқты әртүрлі аурулар тудыруы мүмкін.
Әр аурудың өз қоздырғышы болады. Олар вирустар — ауру тудыратын бактериялар. Ауруқоздырғыштар ауру адамнан немесе инфекция тасымалдаушыдан жүғады. Ол адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде немесе ортақ ыдыс, сүлгі, киім және т.б. қолданғанда сау адамға беріледі. Инфекцияның негізгі кіреберіс қақпасы — жоғары тыныс жолдарының сілемейлі қабығы. Аурудың алдын алу шараларына жеке бастың гигиеналық ережелерін сақтау және организмді шынықтыру жатады. Үнемі, уақытында ауруға қарсы егу жұмыстарын жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |