Бірі – оқып білім алуға, екіншісі, адамгершілікке, тәлім - тәрбиеге байланысты.
Аристотель
ойынша, ең басты негізгі тәрбиеші – мемлекет және оның заң шығарушы органы. Олар осы мемлекеттегі адамзаттарды тәрбиелеуде ерекше роль атқаруға тиіс. Адам өзінің рухани қабілеттерін үнемі жетілдіре және жаттықтыра отырып, зор жетістіктерге жетеді.
Әл – Фараби бабамыздың айтуынша:
“Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз”.
«Ақыл қайда болса, ұлылық толады,
Білім кімде, сол білікті болады.
Ақылды ұғар, білімділер біледі,
Түгел болар білімді, есті тілегі.»
« Білім мәнін біл, не дейді білген ер
Білім білсең, бәле жүрмес іргеден.
Білімсіздер бар кеселді көреді,
Емделмесе, тектен текке өледі. »
Жүсіп Баласағұнидың “Құтты білігінде”:
Жаңа заман философы Ф.Бэконның айтуынша:
«Білім дегеніміз – күш».
Ақпараттық қопарылыс және жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы білімге жаңа талаптар қойып отыр. Қазіргі био, гидро және атмосфералардан бөлек өзгеше инфосфера, яғни жердің бірыңғай ақпараттық қабығы, бүгінгі таңдағы интернет қалыптасып отыр.
Интернетті пайдалану барлық өркениетті елдермен қатар жүруге мүмкіндік береді және жаңа технологиялар арқылы әлеммен қарым – қатынастың жаңа әдіс тәсілдерімен қамтамасыз етеді.
Әлемдегі ең жақсы білім дегеніміз – бос қиял , яғни ескі жүйемен таратушыларын әсіресе жоғары мектепте жаңа идеялардың бәсекелестігінен және ең бастысы , оны өзгертуге қабілетті жаңашыл адамдардан қорғайды. Дәстүрлі классикалық білім жүйесіндегі оқу мәтіндері әр түрлі ғылым негіздерінен алынған «сығындыларды» құрайды.
1998 жылы Парижде өткен ИНСКО –ның конференциясында қабылданған 21 ғасыр үшін жоғары білім жөніндегі Дүниежүзілік декларациясында былай делінген:
« Жоғары оқу орындары оқушыларды жақсы ақпараттанған, ынталы азаматтарды тәрбиелейтін, сыни тұрғыдан ойлауға қоғамдық мәселелерге талдау жасауға оларды шешу жолдарын іздеуге қабілетті сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікті өзіне ала алатындай біліммен қамтамасыз ете алулары керек».
Оқытуда біздің дәрістеріміз монолог емес, диалог, ал семинар сабақтарымыз - пікірталасқа құрылу керек. Еске сала кететін жайт, студенттерге әртүрлі көзқарастарды дұрысын да, бұрысын да келістіре отырып беру қажет.