Сыни тұрғыда оқытудың негізінде «шақыру – ұғыну – ойлану» базалық үлгісі жатыр. Бірінші кезеңде:
Үйренуші берілген тақырып бойынша не біледі, соны қалыпқа келтіруге қатысады.
өзінің білімі сараптай бастайды және айтылатын тақырып жөнінде ойлана бастайды.
адамның білген және түсінген контекісінде алынған білім ған берік болмақ.
студентке берілетін ақпарат контексіз не болмаса алынған біліммен байланыстырып берілмесе , онда ол жойылып кетеді, есте сақталмайды.
Шақыру кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігі .
«Шақыру» кезеңінде идеяны анықтайтын сонымен қатар, тәжірибеде оны жүзеге асуына мүмкіндіктер беретін «ой қозғау» әдісі қолданады.
Екінші сатысы – ұғыну.
Бұл саты білім алушылардың жаңа ақпаратпен не болмаса идеялармен қатынасқа түсетін сатысы. Олар бұл жұмысқа ақпаратты сыни тұрғыда салыстырмалы түрде талдай отыра өздігінен және белсенді түрде қатысулары керек.
Үшінші сатысы – Ойлану.
Бұл сатыда білім алушылар алынған жаңа білімдерін бекітеді және оны еске сақтап қалуға тырысады. Дәл осы сатыда студенттер алынған жаңа білімді өздерінше игереді.
Білімнің түрлері:
Практикалық білім
Рухани білім
Эмпириялық білім
Экзотериялық білім
Теориялық білім
Практикалық білім адамның арекетпен шұғылдануының нәтижесінде қалыптасады және оның шеберлігі дағдысымен біте қайнасқан. Ол практиканың белгілі бір түрлері қызмет етеді.( жер өңдеу, жас балаға, малға қарау, , үй салу, балаларды тәрбиелеу, ауруларды емдеу, механизмдермен, информациямен жұмыс істеу және т.б.) былайша нақтылы арекет, қимылдармен тығыз байланысты.
Рухани білім, қатынас туралы білімнің жиынтығы және адамдардың қарым – қатынасын реттейді (отбасы, этникалық, ұлттық, таптық, ұжымдық,). Оның ұлаң ғасыр әртүрлі құралдары бар, оның ішінде мифтер, аңыздар, тарихи ескерткіштер, көркем өнер, қадірлі әруақты текстер және т.б.