Стамбекова жазира курмангалиевна



бет6/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Зерттеудің мақсаты: жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау және әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы дәлелдеу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу нысаны: ЖОО-дағы біртұтас педагогикалық үдеріс
Зерттеу пәні: жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдістемесі, оны ұйымдастыру үдерісі.
Зерттеу болжамы: егер болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздері анықталып, оның әдістемелік жүйесі дайындалса, әзірленген әдістеменің құрылымдық-мазмұндық моделі шығармашылықпен жүзеге асырылып, тәжірибеге ендірілсе, онда болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке даярлаудың жоғары деңгейіне қол жеткізу мүмкін болады, өйткені инновациялық әрекет жасау дағдысы бар болашақ бастауыш сынып педагогтері заман талабына сай әлеуметтік сұранысты қанағаттандырады және олардың жаңартылған білім мазмұны жағдайында кәсіби даярлануына мүмкіндіктер қаланады.
Зерттеу міндеттері

  • жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау;

  • жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың мүмкіндіктерін айқындау;

  • болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;

  • болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдістемесін жасау, оны педагогикалық эксперименттен өткізу және тиімді нәтижелерін оқыту үдерісіне енгізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің жетекші идеясы: жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау ЖОО-да білім алушының жаңартпалы әрекетінің траекториясын құрудың аса маңыздылығын күн тәртібіне қойып, осы мәселені теориялық және әдістемелік тұрғыдан шешуге мүмкіндік береді. Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке даярлану дағдысының қалыптасуы педагог маманға қойылатын стандарттық талап деңгейіне сай келуін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет